Ху Ши

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ху Ши – қытайдың белгілі ойшылдарының бірі, XX ғасырдың философы, Джон Дьюдің шәкірті және ізін жалғастырушы. 1891 жылы 17 желтоқсанда Шанхайда дүниеге келген. АҚШ-тағы Корнель университетінде оқып келген соң, Бейжің университетінде дәріс берген. 4 мамыр қозғалысының белсендісі. 1938-1941 жылдары Қытайдың АҚШ-тағы елшісі; 1946-1948 жылдары Бейжің университетінің ректоры; 1958 жылдан өмірінің соңына дейін Тайваньдағы Academia Sinica-ның президенті болған. Ху Ши «Свободный Китай» журналының бас редакторы болып қызмет атқарып жүрген кезде журнал Чан Кайшидің сынынан соң жабылып қалады. 1962 жылы 24 ақпанда 70 жасында қайтыс болған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Чжан Жу-синь. Критика прагматистской философии Ху Ши / Пер. с кит. Э. В. Никогосова. М.: Изд-во иностранной литературы, 1958. - 108 с.