Целиакия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Целиакия

Целиакиямен ауыратын науқастын аш ішегінің биопсиясы. Бүрлердің жайпақталуы, лейкоцитарлық инфильтрация және крипталардың гиперплазиясы көрініп тұр.
АХЖ-10

K90.090.0

АХЖ-9

579.0

OMIM

212750

DiseasesDB

2922

MedlinePlus

000233

eMedicine

med/308 

Целиакия

Целиакия (coelіakіa; грек. kolіakos — ішек қызметінің бұзылуы) — асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруы. Целиакия ауруы ащы ішектің гладина-клейковинаны (бидай, т.б. дәнді дақылдар тұқымы құрамында болатын аса бағалы белоктық зат) дұрыс сіңіре алмауынан болады.

Аурудың туғаннан пайда болатын және қайталанбалы түрлері ажыратылады. Целиакия сәбидің алты айлық кезінен екі жасқа дейінгі аралықта байқалады. Ауру сәбиді құрамында глиадина белогы мол тамақ (нан тағамдары, майда жарма ботқасы, әр түрлі кондитерлік тағамдар, т.б.) бергенде, іші өтумен сипатталады. Кейде аурудың белгісі сәбиді жасанды жолмен қоректендіргенде де байқалады. Сәбидің ішкен тамағы ішіне тұрмай, ащы ішектің қоректік заттарды сіңіруі төмендейді. Соның салдарынан сәбидің күніне бірнеше рет іші өтіп, нәжісі көпіршектеніп, майлы, түсі ақшыл тартып, иісі жағымсыз болады. Баланың организмінде зат алмау процесі бұзылып, арықтай бастайды. Баланың еш нәрсеге зауқы болмай, жылай береді, соның салдарынан ұйқысы бұзылады. Қші қампиып, кебеді. Ауру асқынғанда, сәбидің организмі белок плазмасымен бірге, май қышқылдарын да жоғалтады, соның салдарынан D витаминінің сіңірілуі төмендеп, балада рахит, остеопороз ауруларының белгісі байқалады, тіске кариес түсіп, баланың сүйектері жұмсарады, сынғыш келеді.

Ауруды дер кезінде емдемесе,Целиакия қайталама түріне ауысып, бала өте қауіпті ауруларға: гепатит, қант диабеті, цирроз, ревматизм, т.б. шалдығуы мүмкін. Емі: диета сақтау, тамақ рационынан құрамында гладилин белогы бар тамақты шығару; 3 — 4 апта ферментті препараттар (панзинорм, абомин, полизим, панкреатин, т.б.), A, B, C, D витаминдері беріледі. Балаларды міндетті түрде диспансерлік есепке қояды.

Ciлтемелер :

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том