Честер Алан Артур
Честер Алан Артур Chester Alan Arthur | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
19 қыркүйек 1881 жылы — 4 наурыз 1885 жылы | ||||
Вице-президент | жоқ | |||
Ізашары | Джеймс Гарфилд | |||
Ізбасары | Гровер Кливленд | |||
| ||||
4 наурыз — 19 қыркүйек 1881 жылы | ||||
Ізашары | Уильям Уилер | |||
Ізбасары | Томас Хендрикс | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | АҚШ республикалық партиясы | |||
Діні | баптист | |||
Дүниеге келуі | 5 қазан 1829 Фэрфилд, Вермонт штаты | |||
Қайтыс болуы | 18 қараша 1886 (57 жас) Нью-Йорк, Нью-Йорк штаты | |||
Жерленді | Олбани | |||
Әкесі | Уильям Артур | |||
Анасы | Мальвина Стоун | |||
Жұбайы | Эллен Льюис Херндон Артур | |||
Балалары | Уильям Льюис Херндон Артур, Честер Алан Артур кіш., Эллен Гансброу Херндон | |||
Қолтаңбасы | ||||
өңдеу |
Честер А́лан А́ртур (ағылш. Chester Alan Arthur; 5 қазан 1829 жылы, Фэрфилд, Вермонт штаты — 18 қараша 1886 жылы, Нью-Йорк) — 21- АҚШ президенті 1881 жылдан 1885 жылға дейін, республикалық партиядан. Джеймс Гарфилдтың ор өлтірілген соң орнына отырды.
Мансабының басталуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Баптизм отбасында туған. Юнион-колледжінде оқыған Скенектедидағы, Нью-Йорк. Артур жоғарғы бағамен колледжді бітірді, мұғалім болды, сосын мектеп директоры, сосын адвокат болуға ұмтылды. Өзін заңға беріп, 1851 жылы Нью-Йоркте тұрды, сәл уақыттан соң беделі артып 1856 жылы республикалық партияға түсті. Азаматтық соғыс кезінде бірінші генерал-инспектор , сосын жоғарғы гинерал болып өз еліндегі әскерлер жасағын және қару жарақтарды қамтамасыз етіп отырды. 1872 жылы Гранттан шекара басшысы болып көмектескені үшін медальмен марапатталды, ол жоғарғы бедел орнын иеленіп отырды 20 маусым 1878, Хейз президенті оны партия мүшесі етіп сайлады.
Вице президенттік және президенттік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Артур вице-президенттікке кандидат ретінде 1880 жылы Чикагодан президенттікке кандидат Джеймс Гарфилд маусымда белгіленген республикалық партиясының съезінде, партияда Роскоу Конклинг жақтастарын (Stalwarts деп аталатын) партиялық қатарына топтастыру үшін таңдап алынды. Гарфилд және Артур 1880 жылы 2 қараша сайлауда жеңіске жетті. 1881 жылы 2 шілдеде Гарфилд Шарль Гито арқылы өлімші жарақат алды, бірақ ауыр жағдайда тағы екі ай өмір сүрді. Артур (жемқорлыққа айыптаалған) беделі аса жағымсыз болды (оған қоса есуас Гито, президентті атқан кезде, Артурды президентке алып келетінін айтқан), сондықтан Гарфилд тірі кезінде өз міндеттерін толық алудан қалыс қалды. Гарфилд өлімі Честерді терең сілкіндірді.
Гарфилд 1881 жылы 19 қыркүйекте қайтыс болды, Артур 1881 жылы 22 қыркүйекте президенттікті қабылдап, Конституцияға ант берді. 1881 жылдың соңына дейін Артур ескі кабинеттің негізгі бөлігін өзгертті. Жаңа министрлер конклингдік деп аталатын Республикалық партияның оң қанатына тиесілі болды. Жаңа министрлер кабинетінің лауазымына тағайындау үшін, ол жеке қабілеттерін, орнына партиядағы ықпалына көбірек назар аударды. Федералдық әкімшілік сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған соң, ол 1883 мемлекеттік қызметті жаңарту ісі тапсырылған Мемлекеттік қызмет комиссияның құрылуын қолдады. Позициялар сатылмай немесе таратылмай, адал партия мүшелеріне, сондай-ақ ең қолайлы кандидаттарға берілді. Мемлекеттік қызметшілер партия тарапына жарналар енгізу туралы міндеттемелерінен босатылды. Партиядағы босстардың қарсылығына қарамастан, бұл шаралар патронаттық және топшылдықтың мемлекеттiк лауазымдардың жүйесінен шығуына мүмкіндік берді. Федералдық билік біртіндеп көбірек сауатты және тиімді жұмыс істей бастады.
Президенті ретінде, Артур жаңа мемлекеттік қызмет реформасын өткізді, нәтижелері ұзақ уақыт бойы сақталып; ол «Америка Құрама Штаттарынның Мемлекеттік қызмет әкесі» деп аталды. Бастапқы беделсіздігіне қарамастан, Артур президенттік өкілеттігінің соңына дейін көп табысқа жетіп, және кезеңнің соңына қарай ол тіпті барлық тараптардың ризашылығын жеңіп алды, тіпті Марк Твен сияқты әрқашан саясаткерлерге күле қарайтын скептиктің көңілінен шықты.
Мерзімі өткеннен кейін Артур, қайта сайлауға түсуден бас тартып, Нью-Йоркке оралды, және бір жарым жылдан соң инсульттен 58-жастық өмірінде қайтыс болды. Одан кем мерзім, АҚШ-тың бұрынғы президенті тек Джеймс Полк болды.
Мұрасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1913 жылы құрылған, округ Честер Алан Артурдың есімімен Артур округы аталды[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Артур деревнясы, Артур округы, Небраска штаты Мұрағатталған 30 тамыздың 2014 жылы. (ағыл.) casde.unl.edu сайтында
|