Ысмайыл Ғаспыралы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ысмайыл Ғаспыралы
қырымтат. İsmail Gasprinskiy (Gaspıralı), Исмаил Гаспринский (Гаспыралы), اسماعيل غصپرينسكى
Ысмайыл Ғаспыралы
Лауазымы
Бақшасарай қалалық думасының депутаты
Бақшасарай қаласының басшысы
13 ақпан 1879 — 5 наурыз 1884
Өмірбаяны
Партиясы Иттифак әл-Мүслімін
Білімі Париж университеті
Мамандығы баспагер, саясаткер және ағартушы
Дүниеге келуі 20 наурыз 1851 (1851-03-20)
Аужықой ауылы, Ялта уезі, Таврия губерниясы
Қайтыс болуы 24 қыркүйек 1914 (1914-09-24) (63 жас)
Бақшасарай, Таврия губерниясы
Жерленді Шынжырлы медресесінің жері
Әкесі Мұстафа Әлиоғлы
Анасы Фатма Сұлтан Темірғазықызы (қыз кез. Қантақұзова)
Жұбайы Зухра Акчурина
Марапаттары 3 дәрежелі Арыстан мен Күн ордені || 4 дәрежелі Арыстан мен Күн ордені || 4 дәрежелі Меджидие ордені
Шетелдік марапаттар:
Ысмайыл Ғаспыралы Ортаққорда

Ысмайыл Ғаспыралы (қырымтат. İsmail Gasprinskiy (Gaspıralı)) (1851 ж. наурыздың 211914 ж. қыркүйектің 24) — Қырымның зиялы азаматы, саясаткері, ағартушысы, қаламгер, газет редакторы, баспахананың құрушы мен бастығы.

Ресейдің бүкіл мұсылмандарының және дүниежүзілік түркі тілдес халықтары арасында қадірменді адам ретінде тірі кезінде де еді, қайтыс болғаннан соң да түркі әлемінің ерекше азаматы ретінде тарихта қалды. Түркі тілдес халықтарының бірлігі және дамуы үшін, демократиялық өзгерістер үшін, халықтың сауатын ашылуы үшін шыққан, халықтың қамын ойлаған азамат, жәдитшілік қозғалысының қайраткері.

Қазіргі Украинаның Қырым автономиялық облысының Бақшасарай ауданында Ауджикөй ауылында дүниеге келген. Әкесі бай емес, бірақ ақсүйектерден шыққан, Ресей әскері Мұстафа Ғаспыралы еді. Мұстафа Ғаспыралы Қара теңіздің жағасындағы Ғаспыра деген ауылында туған, соңдықтан өз тегін Гаспринский (گاسپرينسكى‎) деп жазып жүрді. Анасы — Фатима - Сұлтан-ханым еді.

Бақшасарай медресесінде бастауыш білімін алды. 1861 жылы Ақмешіттің (орыс. Симферополь) орыс мектебіне түскен. Кейінгі үш жыл ішінде, 1867 жылына дейін Воронежтағы әскери училищесінде және Мәскеудегі 2-ші әскери гимназиясында. Гимназияда оқыған кезде Михаил Катковтың үйінде тұрған.

18681871 жылдарында Бақшасарайдағы Зінжірлі медресесінде және Ялтадағы Дерекөй медресесінде дәріс берген.

Балаларды оқытқан кезде білім берудің жаңа тәсілін жетілдірді. Бұл оқиға жәдидизм қоғамдық-саяси қозғалысының бастауы еді.

18711873 жылдары Парижда тұрған, үнжария-журнал жарнама агенттігінде жұмыс істеген. Орыс жазушысы Иван Тургеневтың жеке хатшысы еді. Орыс газеттері үшін мақалаларын жазуды бастады.

18731875 жылдары Ыстамбұлда тұрған. 1878 жылы наурыз айында Бақшасарай қалалық думасының басшысы болып сайланады, ал қараша айында — қала әкімшілігінің басшысының орынбасары болып тағайындалады. 1879—1884 жылдарында Бақшасарай қаласының басшысы болып істейді. Қарапайым халық үшін ауруханасын ашқан, қалада көшедегі электр шамын орнатты.

1905 жылы Ресей Мемлекеттік Думасының бірінші шақыруының депутаты болып сайланды, Думада мұсылмандардың "Иттифак-и-муслимин" деген депутат тобын ұйымдастырған.

Армяндар менен әзірбайжандар арасында қақтығыстар басталғанда, екі жақты қанды ұрысты тоқтату үгітін жасаған.

1914 жылы Бақшасарайда қайтыс болған.

Журналист және қоғам қайраткері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1883 жылынан бастап Бақшасарайда «Тәржіман» газетін шығарды. Бұл газет көптеген адамдарын санасын оятты, татар, қазақ, өзбек тағы басқа халықтарының зиялы қауымының ойларына әсер еткен еді.

Қазақ ғұламасы, философ, ақын, тарихшы Шәкәрім де оны өзінің Абайдан кейін екінші ұстазы ретінде саналаған. «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі» кітабында былай деп жазады:

Онан (Абайдан) соңғы ұстазым «Тәржіман» газетінің иесі Ысмайыл Гаспринский десем, бек дұрыс, сол кісінің газетін оқып, бек көп айдаландым. Алла екі дүниеде мақсатыма жеткізсін, әмин.

«Тәржіман» газеті арқылы Ысмайыл Ғаспыралы екі біріктірген идеяларын насихаттанды. Тарихшылар Ысмайыл Ғаспыралыны жәдитшілік және түркі тілдес халықтарының біріктіру идеяларының негізін қалаушыларының бірі деп санайды. Ысмайыл Ғаспыралы, біріншіден, мұсылман білім беру жүйесінің өзгерткісі келді. Кейін, тіпті мұсылман әлемінде кейбір өзгерістерін өткізіп, тұрмысын жаңа заманға сай келтіргісі еді. Екіншіден, бүкіл түркі тілдес халықтарын біріктіріп, түркі әлемі өркениетін дамытқысы келді. Ысмайыл Ғаспыралының: «Тілде, пікірде, істе бірлік» деген сөздері сол идеяларын қолдайтын қозғалысының ұраны болып қалды.

Dilde, fikirde, işte birlik!


Ғаспыралының идеяларының бір бөлігі — еркектер мен әйелдердің құқықтарының теңдігі үшін күрес еді. Соңдықтан, Ғаспыралы әйелдерге арналған «Алем-и нисван» («Әйелдер әлемі») журналын шығарды. Балаларға да арналған «Алем-и субьян» («Балалар әлемі») журналы шығарды. Бұл журналдың мақсаты — балаларды жаңа тәсілімен оқыту, олардың жастайынан санасын ашу, ұлтсүйер сезімдерін ояту еді.

Арада, Ғаспыралы «Миллет» («Ұлт») әр апта сайын шығатын газетін, «Ха-Ха» сатирикалық журналын, діни күнтізбелерін шығарған. Өз кітаптарын да жеке баспаханада басып шығарған.

  • Русское мусульманство Симферополь (Aqmescit), 1881
  • İsmail Gasprinskiy ile bağlı resimler bar.Salname-i Türki (Бақшасарай, 1882)
  • Mirat-ı Cedid (Бақшасарай, 1882)
  • Hoca-ı Subyan (Бақшасарай, 1884; 3.bas. 1892; 7. bas. 1898)
  • Avrоpa Medeniyetine Bir Nazar-ı Muvazene (Бақшасарай, 1885)
  • İslâmlara dair Nizamlar ve İmtiyazlar (Бақшасарай, 1885)
  • Rusiye Coğrafiyası (Бақшасарай, 1885)
  • Eki Bahadır (Бақшасарай, 1886)
  • Qıraat-ı Türki (Бақшасарай, 1886; 2. bas. 1894)
  • Maişet Muarebesi (Бақшасарай, 1886)
  • Kolera Vebası ve Onıñ Deva ve Darusı (Бақшасарай, 1887)
  • Bahtiyar Nazım (Бақшасарай, 1889)
  • Atlaslı Cianname (Бақшасарай, 1889)
  • Medeniyet-i İslâmiye (Бақшасарай, 1889)
  • Ğaraib-i Adat-ı Aqvam (Бақшасарай, 1890)
  • Arslan Qız (Бақшасарай, 1894)
  • Mektep ve Usul-ı Cedid Nedir? (Бақшасарай, 1894)
  • Risale-i Terkip (Бақшасарай, 1894)
  • Русско-восточное Соглашение (Бақшасарай, 1896)
  • Esap. Muhtasar İlm-i Esap ve Mesail-i Esabiye (Бақшасарай, 1897)
  • Er Kün Kerek Qanunlar (Бақшасарай, 1897)
  • Reber-i İslâmiye (Бақшасарай, 1898)
  • Şarait el-İslâm (Бақшасарай, 1897)
  • Reber-i Muallimin (Бақшасарай, 1898)
  • Türkistan Üleması (Бақшасарай, 1900)
  • Mevlüd-ı Cenab-ı Azret-i Ali (Бақшасарай, 1900)
  • Beden-i İnsan (Бақшасарай, 1901)
  • İran. Resimli Mecmua (Бақшасарай, 1901)
  • Mebadi-i Temeddün-i İslâmiyan-ı Rus
  • Meşur Paytahtlar (Бақшасарай, 1901)
  • Usul-ı Edep (Şarq ve Ğarb Qaideleri) (Бақшасарай, 1901)
  • Zoraki Tabip (Бақшасарай, 1901)
  • Malümat-ı Nafia (Бақшасарай, 1901)
  • Tashih-i Aqaidden (Бақшасарай, 1901)
  • Temsilât-ı Krılof (Бақшасарай, 1901)
  • Asiyada Qomşularımız (Бақшасарай, 1903)
  • Dar ür-Rahat Musulmanları (Бақшасарай, 1906)
  • Musulman Kongressi (Бақшасарай, 1909)
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Ismail Gasprinski