Эдвин Кребс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эдвин Герхард Кребс
ағылш. Edwin Gerhard Krebs
Туған күні

6 маусым 1918 (1918-06-06)

Туған жері

Лансинг, Айова, АҚШ

Қайтыс болған күні

21 желтоқсан 2009 (2009-12-21) (91 жас)

Қайтыс болған жері

Сиэтл, Вашингтон, АҚШ

Азаматтығы

АҚШ

Ғылыми аясы

биохимия

Марапаттары


Луиза Гросс Хорвиц жүлдесі (1989)
Нобель сыйлығы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1992)

Эдвин Герхард Кребс (ағылш. Edwin Gerhard Krebs; 6 маусым, 1918 жыл, Лансинг, Айова21 желтоқсан, 2009 жыл, Сиэтл, Вашингтон, АҚШ) — американдық биохимик, 1992 жылы «биологиялық реттеу тетігі ретінде қайтымды ақуыздың фосфорлануына қатысты ашылулары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты.

Эдвин Кребс өмірге 1918 жылы 6 маусым Лэнсинг (Айова) қаласында пресвитериандық дін қызметкерлері отбасында келген. 1936 жылы Иллинойс университетіне оқуға түседі. Онда медициналық білім алған соң Сент-Луис Вашингтон университеті (Сент-Луис, Миссури) медициналық мектебінде оқып, 1943 жылы бітіреді. 1946 жылға дейін АҚШ Әскери теңіз флотында қызмет етеді. Демобилизациядан кейін Кребс 1947 жылы гликогеннің айналуын зерттегені үшін Нобель сыйлығын алған Карл және Тереза Корилердің биохимиялық зертханасында ғылыми білім алуын жалғастырды. Онда ол протамин мен фосфорилазаның өзара әрекеттесуін бақылайды. Екі жылдан соң 1948 жылы Кребс биохимиядан оқуын жалғастыру туралы шешім қабылдайды және Сиэтлдегі Вашингтон университетінде жұмыс істейді. 1953 жылы университетке Швейцариядан келген Эдмонд Фишермен бірге, гликогенфосфорилазаның қызметінің реттелуін зерттей бастайды.

Эдвин Кребс және Эдмонд Фишер ынтымақтастығы Фишер Вашингтон университетіне көшіп келгеннен кейін алты айдан соң басталды. Олар гликогенфосфорилаза ферментін бақылап гормондар мен кальций туғызатын реакциялар сериясы, бұл ферменттің активтендірілу-залалсыздандырылуына әкелетінін тапқан. Ферменттің активтендіру-залалсыздандырылуы кері фосфорланудан болған. Фишер мен Кребс ашқан процесс, екі ферменттермен: протеинкиназа және фасфатазамен катализденеді. Протеинкиназалар (ең жиі кездесетіндері — тирозинкиназа) фосфаттық топты АТФтен ферменттің гидроксильді тобына аударады. Бола тұра ферменттің конформациясы өзгерістерге ұшырайды және ол каталитикалық белсенді болады. Содан кейін ақуыз фосфатазасы фосфат тобын тұтандырып, ферментті бастапқы енжар түріне қайтарады. Осындай ферменттер қызметінің циклдік реттелуі және онымен байланысты метаболиттік процестер табиғатта өте кең таралған болып шықты.

1992 жылы қайтымды ақуыздық фосфорлануды ашқаны үшін Фишер және Кребс Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]