Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Орталық мемлекеттік мұрағатының ғимараты және Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұражайы
Орталық мемлекеттік мұрағатының ғимараты және Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұражайы
Мұражай түрі Ұлттық мұрағат

Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттарыҚазақстан Республикасының және қазақ халқының тарихи, мәдени, саяси құжаттары (мәтіндер, суреттер, келісімдер және т.б. құжаттар) мен деректерінің жиынтығы сақталатын мұрағаттар қоймасы.

Тәуелсіз Қазақстан мұрағаттар тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік-құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын мұрағаттар — Қазақстанның мемлекеттік нысандарының бірі.

Қолжазбаларды сақтап қалатын мұрағат мекемелерінің құрылу тарихы Қазақстанда ХVII ғасырдан басталады. Бұл туралы ресми құжаттар да сақталған. Соның бірінде: «Бөкей губерниясының мұрағаты Бөкей ордасы кезінен, яғни 1794 жылдан бастап ұйымдастырылды», деп жазылған.[1]

Кеңес кезеңінде республикада мұрағат құру ісі, дәлірек айтқанда, 1918 жылғыРКФСР-де мұрағат ісін қайта ұйымдастыру және орталықтандыру туралы” декретіне сәйкес жүзеге асырылды.

Аталған декрет бойынша барлық мекемелердің істері мен құжаттарын сақтау мақсатында Бірыңғай мемлекеттік мұрағат қоры ұйымдастырылды. Оны және мұрағаттарды басқару үшін мұрағат ісінің Бас басқармасы құрылады.

1921 жылы 5 сәуірде Қазақ Өлкелік Бас архиві ұйымдастырылды. 1998 жылы 22 желтоқсанда Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітіліп бұл заң Қазақстан Ұлттық мұрағаттары мен мұрағат қорының тарихының жаңа кезеңі басталғанын дәлелдеді. Осы тарихи кезеңнен бастап біз АРХИВ деген сөзді МҰРАҒАТ деген сөзбен ауыстырып қолдана бастадық. Кеңестік дәуірде жүйелі қалыптасқан мемлекеттік мұрағаттарда құнды құжаттардың орналасуының принциптері белгіленіп, нақты жүйеге келді. Әсіресе 50-ші жылдары КСРО Бас мұрағат басқармасының өкімімен қорларды шоғырландырудың ортақтыландыру принципіне сәйкес орталық және бірқатар облыстық мұрағаттардан құнды тарихи қорлар Одақтық орталық мемлекеттік мұрағаттарға алынды. Қазақстан мұрағаттары тарихы кезеңдердің қиындықтарына қарамастан Қазақстанның мұрағат қорларында қазіргі таңда 15 миллионнан астам істі құрайтын құжаттар сақталуда.

Қазақстанда Орталық мемлекеттік мұрағаттар мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылу хронологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
мұрағат қоймасы
мұрағат қоры
Мемлекеттік мұрағат атауы Құрылған жылы
1 Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты»
1921
2 «Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты»
1794
3 Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты
1920
4 Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты
1923
5 Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты
1923
6 Орал облыстық мемлекеттік мұрағаты
1923
7 Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағаты
1924
8 Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты
1924
9 Шымкент облыстық мемлекеттік мұрағаты
1926
10 Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты
1928
11 Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
1928
12 Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты
1928
13 Қазақстанда Орталық мемлекеттік кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаты
1934
14 Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты
1937
15 Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты
1939
16 Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты
1940
17 Көкшетау облыстық мемлекеттік мұрағаты
1944
18 Талдықорған облыстық мемлекеттік мұрағаты
1944
19 Жезқазған облыстық мемлекеттік мұрағаты
1973
20 Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағаты
1973
21 Қазақстанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық мұрағаты
1974
22 Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты
1981
23 Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты
1997

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1994 жылы бізідің мемлекеттік мұрағатшылар Астрахан мұрағатынан «Бөкей архиві Ішкі Қырғыз Ордасында (қазақ) 1794 жылы ұйымдастырылып, оның кезінде өмір сүрді» деген дерек тапты. Бұл деректеме Қазақстан мұрағат тарихын 2 ғасырға бір-ақ көтерді. Сөйтіп Қазақстан мұрағатының екі ғасырлық тарихы әлемге танылды. 1917 жылға дейінгі Ішкі Ордадан басқа аймақтағы Қазақстан тарихына байланысты деректер патша үкіметінің Орынбор, Түркістан, Дала генерал губернаторлықтары мен шекара комиссиясында Ішкі министрлігі, Жер және халық ағарту министрліктерінде тағы басқа ведомстволық архивтерде сақталды. Ол құжаттардың бір азы 1921 жылдан Қазақстан мұрағаттар қорына өтті. Яғни 1921 жылы 5 сәуірдік Қазақ Өлкелік бас архив ұйымдастырылып, ол 1922 жыл күзінде Өлкелік Орталық архив деп аталды.

1921 жылы алғаш ұйымдастырылған Орталық өлкелік мұрағат тарихи маңызды құжаттарды жинау, сақтау ісімен айналысып, бүгінде Орталық мемлекеттік мұрағаттың негізін құрап отыр.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты - еліміздегі өзінің қорында 1 миллион 500 мыңдай істер сақтап отырған ең ірі де жан-жақты мұрағат және республикадағы кеңес дәуірі кезеңі құжаттарының бірден-бір қоймасы. Кеңес кезеңіне дейінгі құжаттар негізінен патшалық отарлау әкімшілігі ұйымдарының:

  • Орынбор шекаралық комиссиясы,
  • Ішкі Қазақ Ордасын басқарудың уақытша кеңесі,
  • Округтік приказдар, облыстық басқармалар,
  • Далалық генерал-губернаторы кеңсесі,
  • Уездік басқармалар,
  • Статистикалық комитеттер,
  • Көші-қон басқармалары,
  • Санақ комиссиялары,
  • Облыстық және округтік соттар,
  • Жандарм және полиция басқармалары,
  • Тау-кен округтері,
  • Халық училищелері,
  • Оқу орындарының инспекторлары және т. б. қорларын құрайды.

Кеңестік дәуір кезеңі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұрағатта кеңес дәуіріне дейінгі кезеңнің барлығы 770-тен астам қорлары сақталуда. мұрағаттың ең көне құжаттары Семей кедені қорында сақтаулы 1732 жылғы құжаттан басталады және қор құжаттарында Жоңғар, Қытай және Орта Азиялық хандықтармен сауда қатынасының тарихы орын алған. Кеңес дәуіріне дейінгі кезең құжаттарының хронологиялық шегі XVIII ғасырдың аяғынан 1917 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

Қараусыз қалған революцияға дейінгі тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мұрағаттардың негізгі міндетіне алынды. Ұлттық мұрағат қоры ұлттық құндылық ретінде бекітілген заңмен мойындалған тарихи, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар барлық мұрағаттардың, мұрағат қорларының және документалды ескерткіштердің жиынтығы болып табылады. Себебі тарих қана ұрпақтар үндестігін жалғастырып, уақыттар арасындағы өзара байланыстар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бөкей хандығы тарихымен тығыз байланысты алғашқы ұлттық құндылықтардың ошағына айналған мұрағаттар бірнеше дәуірлік сан қилы тарихты бастан өткерді.

Төңкеріске дейінгі дәуірде Қазақстан тарихына қатысты шашыраңқы тарихи маңызды құжаттар негізінен ведомстволық мұрағаттарда орналасты. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарындағы саяси жағдайлар бірқатар маңызды тарихи құжаттардың Қазақстанмен шекаралас республикалар мен облыстарда қалып қоюына себеп болды.

Мұрағат құжаттарын пайдалану

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұрағат құжаттарын пайдалану мәселесінде мұрағаттардың кеңестік дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі. Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білу қажет.

Тарихи деректерді кеңінен пайдалану мәселесінде барлық мұрағаттардың ақпараттық қызметі интеграциялануы маңызды болып табылады. Ақпаратты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтетін осы бағыт кең көлемді ақпаратты жылдам алуды қамтамасыз етеді.

Қоғамның білімге деген қажеттіліктері қазір жаңа тасушылардағы ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік береді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелдерде Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерді іздестірумен айналысатын археографиялық комиссиялар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Шетелдік мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сирек қолжазбалар бөлімдерінен іздеп табылған тарихи құнды құжаттардың біраз бөлігінің көшірмелері алынды. 2002-2005 жылдар аралығында барлығы 35 мыңнан аса тарихи құжаттар анықталды. Отандық мұрағаттарда сақтаулы құжаттардың басым бөлігімен көпшілік және ғылыми орта таныс. Тарихи, мәдени, саяси маңызға ие құжаттарды түрлі салаларда пайдалану да кеңінен жүргізілуде. Мұрағат мекемесі құжаттарды мүлтіксіз қорғап, сенімді жерде сақтауды қамтамасыз етеді және ұлттық тарихи-мәдени мұраны іске пайдаланады.

Орталық мемлекеттік мұрағат ғимараты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жаңа астанада Ұлттық мұрағат құру идеясы бүгінгі уақыт талабына жауап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.

Бұл әзірше ТМД-ға елдеріне халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құралдармен жабдықталған бірден – бір мекеме болып табылады.

Ғимаратты сипаттау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттың құжаттар қоймасы

Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат, оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стилдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді, ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стилі Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік елорда орталығын толықтырып тұрғандай.

Егерде Министрліктер ғимаратын аспанда қалықтап жүрген құстың бейнесіне ұқсатсақ, Ұлттық мұрағат ғимараты өткеннен болашаққа көз салған көз жанарына ұқсайды. Жалпы аумағы 12725 шаршы метрді алып жатқан ғимарат дәстүрлі түрдегі және электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттың құжаттарды сақтауға арналған екі блоктан тұрады.

  • 1 блок – 9 қабатты мұрағат сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде);
  • 2 блок – 4 қабатты доға пішініндегі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады.

Бірнеше оқу залдары, синхронды аудармамен қамтылған конференц–зал, кино, көрме және интернет залдары, Ұлттық мұрағат қорларға арналған экспозициялық холлдар бар. Құжаттарды консервациялау, өңдеу, микрофильмдеу және көшірме жасау лабораториялары орналасқан. Ғимарат ішкі ылғалдылығын бақылау үшін, өрт дабылы, газдық өрт сөндіру құралдары, бейнебақылау камералары, электронды рұқсат жүйесі және т.б. құралдармен жабдықталған.

Жалпы алғанда, мұнда халықтың құжаттық естеліктерін сақтаушы және жинақтаушы – мұрағатшылар қызмет атқаруға және құнды құжаттарды алдағы жүзжылдыққа сақтап жеткізуге жағдайлар жасалған. мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруда мұрағат ісі, басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттама жүйесін дамыту мәселелері бойынша 70-тен аса нормативтік-құқықтық кесімдер мен әдістемелік құжаттар дайындалды.

Халықаралық қатынастары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан үшін тарихи-мәдени құндылығы бар құжаттарды шетел мұрағаттарынан, кітапханаларынан және ғылыми мекемелерінен іздестіру және сатып алу жөнінде қабылданған шаралар нәтижесінде Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұны едәуір байи түсті. Арменияда,[2] Египетте,[3] Ұлыбританияда,[4] Германияда,[5] Ресейде,[6] АҚШ-та,[7] Түркияда,[8] Қытайда,[9] Венгрия[10] мен Польшада[11] 35 мыңнан аса құнды тарихи құжаттық деректер анықталды. Олардан отандық мұрағаттарда баламасы жоқ

  • 147 377 кадр микрофильм,
  • 16808 парақ құжат,
  • 785 мұрағаттық іс,
  • 27 шығыс қолжазбасының көшірмесі,
  • 52 киноқұжат,
  • 1819 фотонегатив,
  • 113 түрлі-түсті слайдтар,
  • 12 ортағасырлық карта көшірмесі,
  • 400 мұрағаттық құжаттар жинағы, анықтамалықтар сатып алынды.

Мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Араб Египет Республикасы Мәдениет министрлігімен, Арменияның аумақтық басқару минис­трлігімен, Польша мемлекеттік мұрағаттары, Бас дирекциясымен, Түркия Премьер-Министрі жанындағы мемлекеттік мұрағат Бас дирекциясымен, Моңғолия және Өзбекстанның мұрағат ісі жөніндегі басқармаларымен, АҚШ Холокост мемориалдық мұражайымен келісімдер жасалды.

Келісімдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Америка Құрама Штаттарының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [12]
  • Финляндия Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [13]
  • Украина мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[14]
  • Түрік Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [15]
  • Өзбекстан Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [16]
  • Беларусь Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [17]
  • Армения Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[18]
  • Моңғолия мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім [19]
  • Литва Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[20]
  • Қырғыз Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[21]
  • Қытай Халық Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[22]
  • Иран Ислам Республикасының мұр ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[23]
  • Египет Араб Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім[24]
  • Польша Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім[25]
  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігi мен Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Бас мұрағат басқармасы арасындағы мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы ХАТТАМА[26]
  • Ресей Федеральдык мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық меморандум[27]

Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орталық Мемлекеттік кинофотофонодокументтер архивіне республика аумағында түзілген, саяси, тарихи, мәдени мәні бар барлық кинофотофоно құжаттар енгізілді. 1957 жылдың соңында республикалық орталық мұрағаттар жүйесін қайта құруға байланысты ҚазССР ОМ КФФД архиві ҚазССР Орталық Мемлекеттік архиві құрамына бөлім ретінде енді. Қазақстан Республикасының құрылуына байланысты 1992 жылы мұрағат Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар мұрағаты болып аталды.

Мұрағат қорына шолу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кино құжаттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Әлия
Амангелді Иманов

Мұрағат киноқорында «Восток кино» студиясы мен «Межрабпром» кинотресінің операторлары түсірген алғашқы деректі очерктер сақталған. Сол жылдар фильмдер арасында «Қазақтардың өмірі мен тұрмысы» («Жизнь и быть казахов») (1927 ж.), «Алматы Қазақстан астанасы» («Алма-Ата – столица Казахстана») (1929 ж.), «Түрксіб» (1930 ж.) атты ленталар – айрықша құнды дүниелер болып табылады. 1943 жылдан бастап мұрағат қорларына Екінші дүниежүзілік соғыстың «жанды» тарихы – алғашқы киноүлдір орамдары келіп түсе бастады. Сол кезге тән деректі мол мұраларды қалыптастыруда Мәскеу, Ленинград және Алматы кинематографистерінің күшімен құрылған Еліміздің біріккен орталық киностудиясы көп көмек көрсетті. Осы киностудияның базасында Алматыда мерзімімен «Союзкиножурнал» туындылары шығарылып тұрды. Бұлардың бір бөлігі соғыс аяқталған соң Қазақстанда қалды. Қазір олар мұрағаттың «Алтын қорын» құрайды. Азамат соғысына, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, еңбек ардагерлерінің, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің деректі фильм-портреттері: «Тұрар Рысқұлов», «Әлия», «Дина», «Амангелді Иманов», «Мәншүк», «Талғаттың қыран биігі» (Высокое небо Талгата), «Мәжит Бегалин», «Сәкен Сейфуллин», тағы да басқа туындылар республика тарихының өзендік дербес парақтары болып табылады. Мұрағатта сақтаулы фильмдер, журналдар, арнаулы шығарылымдар (50000 сақтау бірлігіне жуық) Қазақстанның бірегей киношежіресін құрайды.

Фото құжаттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фотоқұжаттар қоры ауқымды да, әрқилы. Олардың ең көнелері ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кездеріне тән, негізінен тұрмыстық, көріністік суреттер. Өз дәуірінің деректі куәсі ретінде бұлардың құндылығы күн санап арта түсуде. Сый ретінде сақтауға берілген жеке қорлар мен коллекциялар мұрағаттың айрықша мақтанышы.

Әлібек Дінішев

Д.П. Багаевтың фотоқұжаттар коллекциясы мұрағаттың өзіндік визит карточкасы болып табылады. Коллекцияның шыны пластинкалардағы негативтері айрықша құнды деректер. Мұрағат фотоқорында негативтердің 250000 сақтау бірлігі жинақталған. Магниттік дыбысжазбалардағы, грампластинкалардағы, компакт-кассеталардағы 15000 сақтау бірлігін құрайтын фоноқор – теңдесі жоқ дүниелер. Бұлар қазақ халық музыкасының, авторлық орындаудағы шығармалардың, айтыстардың, алғашқы қазақ операларының дыбысжазбаға түсірілген нұсқалары, аса көрнекті қайраткер замандастарымыздың өз дауыстары. Бүгінгі күндері мұрағат қорлары жаңа Қазақстан – тәуелсіз, егеменді мемлекетіміз туралы әңгімелейтін материалдарымен толыға бастады. Өткенді танып-білмей жаңа қоғам құру мүмкін емес. тарихты практикалық және фактілік тұрғыдан зерттеуге ортақ жадымыздың қоймасы - мұрағаттар үлкен көмек көрсетеді.

Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты бұл күндері «Асыл мұра» жобасы бойынша (Қазақстанның музыкалық жәдігерліктері) фоноқұжаттар негізінде Ғарифолла Құрманғалиевтің, Күләш Бәйсейітованың, Болат Сарыбаевтың, Жамал Омарованың, Қали Жантілеуовтың, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халық әртістерінің – Бибігүл Төлегенованың, Ермек Серкебаевтың, Роза Жаманованың, Әлібек Дінішевтің және Ахмет Жұбановтың орындауларындағы шығармалардан он үш компакт-дискілер дайындалды.

Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдары мұрағат ісін дамыту бағдарламасына сәйкес көрсетілген жылдары дәстүрлі (үлдірдегі) киноқұжаттарды қазіргі заманғы (цифрлы) негізге көшіру мәселесін белгілі бір дәрежеде шешуге мүмкіндік беретін бейнежазбалық және бейнекөрсеткіш құралдар алды.

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты - өз қызметін 1974 жылдың 1 наурызынан бастады.[28] Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты ХІХ ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме.

Іс шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында Алматы қаласының аумағына орналасқан республикалық және бұрынғы одақтық бағыныштылықтағы ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық ұйымдар мен мекемелердің қызметі нәтижесінде құрылған ғылыми-технгикалық және басшылық құжаттамалар мемлекеттік сақтауға алынған.
Мұрағатта бүгінгі күні мемлекеттік сақтауда 184621 сақтау бірлігі бар.

Мұрағат қоры

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі нәтижесінде құрылған құжаттармен қатар, мұрағатқа Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы көрнекті қызметкерлерінің өмірі мен қызметі тарихынан хабар беретін жеке құрам құжаттары да мемлекеттік сақтауға алынған. Олардың қатарында Ә.Ш. Тәтіғұлов, П.И. Мариковский, Ғ.Ә. Қалиев, М.И. Усанович, М.Ш. Мәжитов, Т.С. Жасыбаева, С.Г. Космериди, П.Т. Гуляевский т.б. белгілі қайраткерлер бар. Бүгінгі таңда 3302 сақтау бірлігінен тұратын 28 жеке құрам қоры мемлекеттік сақтауда. мұрағат қызметкерлері аса құнды құжаттар мен қорларды ақықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді, оларға жеке тізімдемелер мен есеп карточкалары құрылады, сақтандыру қоры мен аса құнды құжаттардың көшірмелерін пайдалану қорын құру үшін құжаттарды микрофильмдерге көшіреді. бүгінге күнге дейін 1532089 микрофотокөшірме дайындалды.

  • Минерология ғылымының доқторы Л.К. Диденко-Кислицинамен кездесуге арналған көрмесі[29]
  • "Экология және климат" ғылыми-зерттеу институтының 60 -жылдығына арналған көрмесі[30]
  • "Тарих беттері" көрмесі[31]

Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алматы қаласының Орталық Мемлекеттік Мұрағаты - 1981 жылы Алма-Ата қаласының дербес әкімшілік орталық ретінде дамуы және мемлекеттік есепке алу мен сақтауға алынатын, қала мекемелері, ұйымдары және кәсіпорындарындағы құжат айналымының қарқынды өсуі - Алма-Ата қаласының мемлекеттік мұрағатын салу қажеттілігін туындатты.[32]

1981 жылдың 9 желтоқсанында ҚазКСР-ның Министрлер Кеңесінің 1981 жылдың 2 желтоқсанындағы №442-р қаулысына сәйкес және ҚазКСР-ның Бас мұрағат басқармасының 1981 жылдың 3 желтоқсанындағы №95 бұйрығына сәйкес: Алма-Ата қаласы Халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетіне және ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас мұрағат басқармасына тікелей бағынышты, штат саны 18 адамнан тұратын қалалық Орталық мемлекеттік мұрағатын құруға ұсыныс жасалды.

Іс шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұрағатта Алматы қаласы мұрағат қорының сапалы құрамы мен ақпараттылығын түбегейлі жақсартудағы шараларды жүзеге асыру барысында Алматы қаласы мен Жетісу өлкесінің тарихына байланысты құжаттар мен материалдарды шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен көшіріп алуға аса зор назар аударылады. ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің Тарих және Этнология Институтының ғалымдарының кеңесі мен ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің Шығыстану Институтымен іскерлік ынтымақтастық өз нәтижелерін берді. Ресей, Қытай, Франция, Түркия, Ұлыбритания сияқты мемлекетердің мұрағаттық мекемелері мен кітапханаларына экспедициялар ұйымдастырылды. Нәтижесінде Қазақстан мұрағаттарында кездеспейтін, бірегей құжаттардың көшірмесінен құралған 600 сақтау бірлігі мұрағатқа келіп түсті.
Мұрағаттың құрылу кезінен бастап қызметкерлер саны 18 адамнан 73 адамға дейін өсті, аудандық мұрағаттарды қосқанда – 151. Мұрағат қазіргі таңда зерттеу жүргізуге көмектесу, ақпарат беру, кеңес беру сынды қызмет түрлерін көрсетеді.

Мұрағат қорына шолу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандық мұрағаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алмалы аудан мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алмалы аудан мұрағаты 2002 жылдың 11 наурызында құрастырылған және мұрағаттардың басқаруды мұрағаттық қызметi және Алматы қаласының құжаттамасының бiрыңғай жүйесiне кiретiн мемлекеттiк мекеме болып табылады. Мұрағатың 49 қорында 20351 сақтау бiрлiктері мемлекеттік сақтауға алыңған. Сонымен қатар 1928 жылдан нотариалдық кеңселерi, соның iшiнде басқару - сақтауды 11962 сақтау бiрлiгін құрайды.

Әуезов аудан мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әуезов аудан мұрағаты 1992 жылдың 16 қыркүйекте құрастырылған. Мұрағатта осы кезде 190 қор бар. Мұрағат Сақталу бөлiмi және құжаттардың ғылыми пайдалану бөлімі, ведомстволық мұрағаттарды жинақтау және қадағалау бөлімінен тұрады.

Бостандық аудан мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданы мұрағат құжаттары төменгідей: аудан мекемелерінің Жеке құрам құжаттары, азаматтардың еңбек қызмет, тұрғын-үй құрылыстарының архивында (Абизов ) Ленин ауданының құртылған мемлекеттiк нотариалдық кеңселерiн құжаттары, сонымен қатар әуе көлiк, қоғамдық қоректену, денсаулық сақтау салаларының қамтуда.

Жетісу аудан мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алма-Ата қаласының әкімшіліг басшысының №87 1992 жылдың 20 сәуірінде шыққан шешiмi бойынша және 1992 жылдың №384 21 шiлдесiнiң Алматы қаласының Ленинский аудан әкiмшiлiгiнiң шешiмiне Ленинский аудан мұрағаты құрылды. Мұрағатта 128 қор, 93229 сақтау бiрлiктерi сақталуда. Жетісу аудан мұрағатының негiзгi қызметi аудан көлеміндегі мекемелердің құжаттарын жинақтауды қамтамасыз ету, сақтау, есепке алу және пайдалану болып табылады.

Медеу аудан мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

(Фрунзе ) Медеу аудан архивы Алма-Ата әкімшілігінің № 87 1992 жылдың 20 сәуір айнда шыққан шешіммен құрылды. 1993 жылдың наурызынан ұйымдар және медеу ауданының мекемелерiнiң жеке құрам құжаттарын түсе бастады. Сақтауда бүгiнгi күнге 109 қор, 32000 сақтау бiрлiктерi сақталуда. Сонымен қатар осы мұрағатта Медеу және Мәскеу аудандарының нотариалдық кеңселерiн құжаттарыды сақталады. Мұрағат қызметкерлер халыққа қызмет көрсету, мекемелерге кеңестер беру, мұрағат құжаттарының сақталуы және пайдалану тағы басқа жұмыстарды аудан бойынша ұйымдастыруда.

Түрксіб аудан мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түркiсiб аудан мұрағаты 2002 жылдың 11 наурызы құрастырылған. Аудан мұрағатының негiзгi бағыттары: жинақтау, сақтау, есепке алу және құжаттарды пайдалану болып табылады.
Мемлекеттiк сақтауда Түркiсiб аудан архивында бүгiнгi күнге сақтауды 36077 сақтау бiрлiк, 56 қор бар.

Басылымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Тәуелсіздік жолында» және «Тарихы қазағымның мұрағатта...»
  • Бақылау ісін қалыптастыру жайлы ұйымдастырылып жатқан іс шаралар[33]
  • «Тәуелсіздік жолында» және «Тарихы қазағымның мұрағатта...»[34]
  • Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл[35]
  • Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі[36]
  • Зағфи Тналинаның 100-жылдық және Дариға Тналинаның 90-жылдық мерейтойлары[37]
  • Ғасыр тойы[38]
  • Жандыбаев Ғұсман Елеуұлының туғанына 65 жыл[39]
  • КСРО халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, сахна шебері Сәбира Майқанованың балалық шағы туралы естелігі[40]
  • Тарихи дерек негізінде мұрағат құжаттарын пайдалану бағыттары[41]
  • Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағанов[42]
  • Жаңалыққа жаны құштар жан (тележүргізуші Күлмәрия Күлиясқызы Барманбекова жайында)[43]

Шығыс Қазақстан облысының мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Өскемен мұрағаты

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты - Орталығы Өскемен қаласы болып табылатын Шығыс Қазақстан облысы 1939 жылдың қазан айынан бастап жеке әкімшілік бірлік ретінде әрекет ете бастағаннан кейін мұрағат құрылысы 1940 жылы басталды. 1940 жылғы 17 сәуірде Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариатының мұрағат бөлімінің бастығы орынбасарының бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариатының Шығыс Қазақстан облыстық мұрағат бөлімінің бастығы болып Н.И. Чичиевский тағайындалды, сонымен қатар, оған облыстың мемлекеттік мұрағатына басшылық жасау жүктелді.[44]

Шығыс Қазақстан облыстық халық депутаттар кеңесі атқару комитетінің 1940 жылғы 30 қыркүйектегі №773 шешімімен мекемелердің, ұйымдардың басшылары «әрі қарай сақтау үшін НКВД-ның Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатына, аудандарда аудандық НКВД-нің аудандық мұрағаттарына мекеме мұрағатында сақтау мерзімі өткен барлық мұрағат материалдарын өткізуге» міндеттенді.

90-шы жылдары Егеменді Қазақстанның қалыптасуымен мұрағат ісі де қалыптасып, ол қайта ұйымдастырылды. Мұрағатшылар сол уақыта дейін белгсіз болған бірқатар проблемалармен бетпе-бет келді: мұрағат құжаттарын меншіктеу; жекешелендірілген, банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың мұрағаттарының құқықтық мәртебесі; жеке мұрағаттармен өзара қарым-қатынас; құжаттардың бір жүйесінің құрып, екінші жаңа жүйесінің пайда болуы; мұрағат ісіне ақпараттық технологияны енгізу сияқты мәселелер, бұл шешуін табу қажет болған проблемалардың толық тізімі емес, аталған проблемалардан да өзге проблемалар мұрағат қабарғасында шешімін тауып келеді.

Іс шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасы Парламентінің 1998 жылғы желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңын қабылдауы мұрағат ісін ұйымдастыру мен басқаруда оң роль атқарды және біртұтас үш міндеттің: қорларды қалыптастырудың, құжаттардың сақтауды қамтамасыз етудің, халықтың жазбаша тарихи-мәдени мұрасын мемлекет пен қоғамның мүддесіне ғылыми пайдаланудың тиімділігін арттыруға жол ашты.

2008 жылдың қарашасында облыс мемлекеттік мұрағаты Мемлекеттік органдардың біртұтас көлік торабына қосылды, 2009 жылдың ақпанынан бастап Электрондық қызмет орталығының виртуальді қабылханасы өз бетінше жұмыс істейді. «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты» ресми сайты ақырына дейн жеткізілу және толықтыру сатысында.

Мұрағат қорына шолу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының бөлінбес бөлшегі болып табылатын құжаттарды сақтауды жүзеге асыратын мекеме болып табылады. Қағаз негіздегі, сонымен бірге пленка тасымалдаушыдағы (кино-, фото-, фоно-, бейнеқұжаттар) құжаттарда біздің өлкеміздің тарихы, бүкіл елде, сондай-ақ, нақты біздің облысымызда болып өткен барлық тарихи оқиғалар бейнеленген. мұрағатта Өскемендегі Кеңес өкіметінің қалыптасу кезеңіндегі бірегей құжаттар: Өскемен уездік революция комитетінің, атқару комитетінің, әскери комиссарияттың, айырықша арналымдағы бөлімдердің, уездік мекемелердің құжаттары, сол кезеңнің газеттері сақталуда.

Ведомстволық мұрағат

Мұрағат құжаттарының негізінде мұрағатшылар «Кенді Алтай. Шығыс Қазақстанның индустриальді дамуы. 1920-1945 жылдар», «Құпия айдарымен. Коллективизация кезеңінде қазақтардың Қытайға көшуі. Реэмиграция. 1928-1957 жылдар», «Б.Г. Герасимовтың таңдаулы еңбектері», «Рудный Алтай». 1918-1998 жылдар. Өмірбаяндар құжаттарда», «Киров ауданындағы (Өскемен қаласы) ауыл шаруашылығын коллективтендіру. 1928-1936 жылдар», «Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. 1941-1945 жылдар» (Жеңістің 65 жылдығына арналды) жинақтарын; Шығыс Қазақстанда әкімшілік-аумақтық бөлу тарихы бойынша (1920-2002 жылдар), Шығыс Қазақстанның колхоз-совхоз құрылысының тарихы (1920-1997 жылдар) бойынша анықтамалықтар, «1941-1945 жылдар. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Шығыс Қазақстан облысына эвакуация» тақырыптық құжаттар шолуын; «Олар Шығыс Қазақстан облысын басқарды. 1941-1945 жылдар» (облыстың бірінші басшылары туралы) өмірбаяндық анықтамалығын; «Шығыс Қазақстан өлкетанушылары» сериясынан кітапшалар: Михаэлис Евгений Петрович. 1941-1913 жылдар», Коншин Николай Яковлевич. 1864-1937 жылдар», «Черных Станислав Евгеньевич. 1934-1991 жылдар»; «Қала көрінісіне штрихтар» кітапшасын, «Кеңес Одағының Батырлары – шығысқазақстандықтар» листовкалар жинағын, «Қамалдан бастау алды» очерктер мен мақалалар жинағын, «Олардың аттарымен көшелер аталады» жолкөрсеткін әзірледі және басып шығарды. Бұдан өзге, облыс мемлекеттік мұрағаты облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдарының қорлары бойынша жолкөрсеткі, «КОКП-тың бұрынғы мұрағат қорының құжаттары» жолкөрсеткісін, Облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдарының жеке бас текті қорлары бойынша жолкөрсеткі әзірледі.

Қазіргі уақытта мұрағатта мемлекеттік сақтауда қағаз негіздегі 676 869 іс бар, олардың ішінен жеке бас текті 9405 іс, ғылыми-техникалық құжаттама 11883 ісі, жеке құрам бойынша 124686 іс сақталуда. Сонымен қатар, 369 киноқұжаттары, 9115 фотоқұжаттары, 246152 сақтық қорының құжаттары, 210 фоноқұжаттар сақталуда.

Шығыс Қазақстан облысының көші-қон тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Нацистер басып алған кеңес одағы аумағынан Еврейлерді көшіру[45]
  • 1942 жылы Семей облысына көшірілген балалар үйлерін орналастыру туралы МӘЛІМЕТТЕР[46]
  • Семей қаласында орналасқан көшірілген кәсіпорындар мен мекемелердің 1943 жылдың 1 сәуір күніне берілген ТІЗІМІ[47]
  • ШҚО ҚЗТҚО құжаттары бойынша Семей облысы аумағына қоныс аударған немістердің мәселелерін баяндайтын тізбе[48]
  • 1941-1945 жылдары «Депортацияланған халықтар» тақырыбы бойынша айқындалған ШҚО ҚЗТҚО құжаттар тізбесі[49]
  • Поляк ұлты азаматтарына қатысты қуғын-сүргін саясатын баяндайтын тақырып бойынша ШҚО ҚЗТҚО құжаттар тізбесі[50]

Деректер базасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Республикалық қорлық каталогтың автоматтандырылған жұмысы үшін «Қор каталогі» /ҒLINT/ бағдарламасы және мәліметтер базасы;
  2. Семей облысына эвакуациялаған тұлғаларға қатысты ақпараттық әлеуметтік-құқықтық сұрауларды орындау үшін мәліметтер базасы;
  3. Жеке құрам бойынша әлеуметтік-құқықтық сұрауларды орындау үшін «KATALOG» мәліметтер базасы;
  4. ҚЗТҚО-ның жинақ көзі болып табылатын мекеме карточкаларымен жұмыс үшін «DOSSIER» бағдарламасы және мәліметтер базасы;
  5. «Мұрағаттық қор» кешендік бағдарламасы және мәліметтер базасы - құжаттардың мазмұны және көлемі, сақталу күйі туралы ақпарат;
  6. «ҚЗТҚО қорлары бойынша қысқаша анықтамалық» мәліметтер базасы;
  7. «Карта» мәліметтер базасы – жеке құрам құжаттары туралы мәлімет;
  8. Әлеуметтік-құқықтық сұрауларды орындау үшін «Аrhiv» мәліметтер базасы;
  9. Радеология институтының мәліметтер базасы – Семей ядролық полигоны кезінде Знаменка, Қайнар, Қараөлең, Доғолан ауылдық Кеңестерінде тұрған азаматтар туралы мәліметтер.

Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының ғимараты

Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты - бүгінгі күні облыс мұрағаттарында 2,5 млн. істі қамтитын 5 мың қор сақтаулы. Қарағанды облысындағы мұрағат қызметінің тарихына үңілсек, ол өз бастауын 1937 жылдың 19 желтоқсанынан, яғни, Қарағанды Атқару комитеті Президиумының «Қарағанды мемлекеттік мұрағат басқармасын ұйымдастыру және облыстық, аудандық мекемелердің, кәсіпорындардың, МТС колхоздар мен совхоздардың және селолық-ауылдық кеңестердің мұрағат материалдарын ретке келтіру туралы» Қаулысы қабылданған кезеңнен алады.[51]
Айтарлықтай қиындықтардың орын алғанына қарамастан, мұрағат қызметінің басшылығы сол жылдардың өзінде аудандық және қалалық мұрағаттардың құрылуына ерекше көңіл бөлді. 1939 жылы Қарағанды облысында 10 аудандық мұрағат қызмет атқарды. Олар: Жаңаарқа, Нұра, Тельман, Қарсақпай, Қорғалжын, Ворошиловский, Вишневский, Ақмола, Қарқаралы, Еркіншілік аудандық мұрағаттары.

1976 жылдан 1991 жылға дейін облыстың мұрағат қызметін Вдовин Александр Дмитриевич басқарды. Осы кезеңде Қарағанды облысы мемлекеттік мұрағатының базасында мұрағат қызметі мен тәжірибе алмасу мәселелері бойынша көптеген аймақтық жиналыстар, республикалық конференциялар, семинар-кеңестер өткізілді.
1994 жылы республикада ҒТҚ ОММ-нан кейінгі екінші болып саналатын облмеммұрағаттың ғылыми-техникалық құжаттамалар жөніндегі филиалы ашылды.

Іс шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Егемен Қазақстан тарихында алғаш рет қарағандылық мұрағатшылар мұрағатта сақталған және Қазақстан тарихына қатысы бар құжаттарды қосымша қарастыру, іздеп табу және іріктеу міндетін қоя отырып, Финляндия Ұлттық мұрағатының құжаттарын танып-білді. мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Ө.Амантаев пен облыстық мемлекеттік мұрағат директоры Л.В.Михееваның Финляндия Ұлттық мұрағатына іссапары кезінде Қазақстанда туып, соғыс жылдарында қаза тауып, Финляндия аумағында жерленген кеңестік соғыс тұтқындарына қатысты құжаттар табылып, қол жеткізілді.

Басылымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Мұрағатшылар» библиографиялық анықтамалығы
«Қарағанды қаласының көшелері. Анықтамалық»
  • «Мұрағатшылар» библиографиялық анықтамалығына - 1937 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде жұмыс істеген мұрағаттар және құжаттама басқармасының, облыстың мемлекеттік мұрағатының және оның филиалдарының қызметкерлері жөніндегі мәліметтер енгізілген. Мұрағат қызметінің әлеуметтік келбеті, жекелей айтсақ, өсіп келе жатқан құрам, білім, өтіл, қызметтік өсу, мадақтаулар суреттелген.[52]
  • «Теміртау қаласы мен Қазақстан Магниткасының жылнамасы» - «Жылнама» Теміртау қаласының 65 жылдығы мен Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған. Мұрағат құжаттары, мерзімді басылымдар және фотоқұжаттар негізінде қала мен Магнитка өмірінде орын алған оқиғалар баяндалып, қаланың және өнеркәсіптің дамуына айрықша ат салысқан адамдар жайында айтылады.
  • «Қарағанды қаласының көшелері. Анықтамалық» - Анықтамалық 1936 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңдегі Қарағанды қаласындағы көшелердің, оралымдардың, алаңдардың пайда болуы, атауларының өзгеруі жөніндегі мәліметтерді қамтиды.
  • «Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» - Жинақта соғыс жылдарында Қарағанды облысының адамзаттық және материалдық ресурстарды жұмылдыруы туралы құжаттар жарияланған. Жинаққа сондай-ақ, соғыс және соғысқа қатысушылар жайындағы естеліктер, олардың жазған хаттары енгізілген.

--Mariya 18:40, 2012 ж. ақпанның 7 (ALMT)

Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қостанай облысының мұрағаты

Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты - 1923 жылғы 21 желтоқсанда Қостанай губерниялық атқару комитетінің Президиумының отырысында Қостанай губерниялық мұрағат бюросын құру жөнінде шешім қабылданды. Мұрағат сақтау орнына губерниялық атқарушы комитетінің қажетті талаптарға сәйкес келмейтін әрі-бері өтетін бөлмесі берілді. Барлық жұмыстарды бір меңгеруші атқарды, өйткені штаттық кестеде бір қызметкер ғана есептелді.[53]

  • 1936 жылы Қостанай облысы құрылды.
  • 1937 жылдың 27 желтоқсанында облыстық атқару комитетінің қарамағында облыстық мұрағат басқармасы құрылып, оның басқаруы аудандық қалалық мұрағат бюросының орынына құрылған облыстық мұрағат берілді.
  • 1938 жылы Костанай облыстық мұрағат басқармасының құрамында облыстық мұрағат ҚазКСР-ның ІІХК басқаруына берілді.
  • 1939 жылы Қостанай облыстық мұрағат басқармасы ІІХКБ-ның облыстық мұрағат бөліміне қайта ұйымдастырылды.
  • 1940 жылы мұрағат бөлімінің және облыстық мұрағаттың штатында 6 қызметкер есептелді. ІІХКБ-ның мұрағат бөлімінің бастығы сонымен қатар облыстық мұрағаттың директорі болып саналды. Келесі жылы Костанай облыстық мұрағат Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатына өзгертілді.
  • 1945 жылы облыстық мемлекеттік мұрағат ғылыми-зерттеу мекеменің мәртебесін алып, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты, 1946 жылдың басында мұрағат бөлімінен ІІХКБ-ның облыстық мұрағат бөліміне қайта құрылып дербес штаттық кестесінде мұрағат бастығы лауазымына ие болды.
  • 1960 жылы мұрағат бөлімінің құрамында облыстық мемлекеттік мұрағаты Қостанай облыстық атқару комитетінің қарамағына берілді. Осы жылы облыстық мұрағаттын жаңа ғимараты салына басталды.
  • 1971 жылы Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты Майлин 2/6 көшесінде орналасқан мамандырылған, сыйымдылығы 400 мың сақтау бірлік құратын жаңа ғимаратына көшті.
  • 1979 жылы тағы да бір облыстық мемлекеттік мұрағаттың филиалы құрылды - Лисаковск.
  • 1991 жылы Қазақстан компартиясының қызметі тоқтатылуымен заманауи қоғамдық-саяси тарихи бөлімі құқығында облыстық мемлекеттік мұрағат құрамына Тарана, 82 көшесінде орналасқан ғимаратымен бірге Қазақстан КП Қостанай обкомның мұрағаты берілді. Қостанай мемлекеттік мұрағаттың жеке құрам бойынша сақтауға құжаттарын қабылдады.
  • 2005 жылы облыстық мұрағат негізінде «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі және оның филиалдары құрылды: өніраралық - Арқалық, Әулиекөл, Жетіқара, Лисаков, Сарыкөл, аудандық - Алтынсарин, Денисов, Жангелдін, Қамысты, Қарабалық, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Ұзынкөл, Федоров және Рудный қалалық мемлекеттік мұрағаттар.

Іс шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі таңда Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатында 615387 бірлік сақтаулары бар 1393 мұрағат қорын құрды. Басқармалық құжаттамалармен және жеке құрам бойынша құжаттармен қатар облыстық мемлекеттік мұрағат облыстағы мекемелердің, ұйымдардың ғылыми-техникалық құжатамаларын сақтайды (5820 сақтау бірлігі), оның тең бөлігін ҚазКСР-ның орман шаруашылығы Министрлігінің Қостанай орман шаруашылығы кәсіптік бірлестігінің, «Целингипрозем» жобалы институтының Костанай филиалының, ауыл шаруашылығы және азық-түлік Департаментінің, «Заречный» тәжирибе-өндірістік шаруашылығы сияқты ірі ұйымдардың құжаттары құрастырады.

Басылымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Мұрағаттағы жетістіктерім[54]
  • Мұрағат тарихымыздың асыл казынасы[55]
  • БАҚ жарияланған облыстық мұрағаттық қызметі қызметкерлерінің мақалалары[56]
  • Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық бөліну анықтамалығы (1936 ж. 29 маусым-2001 ж. 01 қаңтар)
  • «Қостанай облысының мемлекеттік мекемелері (1936-1993ж.)» анықтамалығы
  • Қостанай облысы мемлекеттік өкімет және мемлекеттік басқару органдары (1936-1993)
  • Қостанай облысы халық шаруашылығын басқару органдары (1936-1992 ж.)
  • Қостанай облысының мәдениет және әлеуметтік даму саласындағы органдары, әкімшілік-саяси және сот әділдігі органдары (1936-1992 жж.)
  • «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ қорлардың анықтамалық тізімі

Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты өзінің бастауын (құрылған мерзімі дәл анықталмаған) облыстық мұрағат қорынан алады.[57] Онда мұрағат 1919 жылы жұмыс істей бастаған. Осы облыстық мұрағат қорын құру туралы бұйрықты оның Түркістан АССР халық ағарту комиссариатының Орталық мұрағат басқармасының құрамына 1921 жылдың 25 қаңтарында кірді деп көрсетілген. құжаттарды жинап сақтау Жетісуда революцияға дейін де жалғасқан. 1924 жылы қазан айында Орта Азия және Қазақстан республикаларының ұлттық мемлекеттік межеленуіне байланысты Жетісу губерниясы Қазақ АССР-ның құрамына қосылды. Жетісу губерниялық мұрағат (бастап Алматы округтіқ) Қазақ АССР-ның Орталық Аймақтық мұрағатының басқаруына өтіп, 1929 жылдың соңы, 1933 жылдың желтоқсанына дейін құрамында болды. 1933 жыл қазан айының 26-да Алматы облыстық атқару комитетінің бөлімі ретінде облыстық мұрағат басқармасы құрылды.

Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты өз бастауын 1919 жылдан бері келе жатқан облыстық мұрағат қорынан алады. Түркістан АКСР Ағарту Халық Комиссариатының Орталық мұрағаттар басқармасының жүйесіне енгізілген облыстық мұрағат қорын құру туралы бұйрық 1921 жылдың 25 қаңтарында шығарылды.

1996 жылдың қаңтар айынан бастап Мұрағаттар және құжаттама басқармасы Алматы облысының әкімі аппаратының Мұрағат бөлімі болып қайта құрылды, ол 1997 жылы таратылып, 2000 жылы қайтадан Алматы облысы мұрағат басқармасы ретінде қалпына келтіріліп, облмеммұрағат штатынан бөлініп шықты. 2004 ж. Алматы облысы әкімінің 2004 жылғы 10 ақпандағы №2-19 шешімі бойынша Алматы облыстық мұрағат басқармасы «Алматы облысының мұрағаттар және құжаттаманы басқару жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Талдықорған мемлекеттік мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1944 жылға дейін Талдықорған облысы Алматы мен Семей облыстарының құрамында болды. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының 1944 ж. 15 наурыздағы Жарлығымен Талдықорған облысы құрылды. Талдықорған облысының мемлекеттік мұрағаты 1944 жылдың наурызында облысқа Алматы мен Семей облыстарынан аумақтық жағынан берілген аудан мұрағаттарының құжаттары негізінде құрылды.

Алматы облысы әкімінің 1999 жылғы 1қарашадағы № 11-420 шешімімен Талдықорған қаласындағы филиал Талдықорған мемлекеттік мұрағаты болып аталды.

Алматы облысы әкімінің 2003 жылғы 15 шілдедегі №65 қаулысымен «Талдықорған мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Талдықорған мемлекеттік мұрағаты облыс мекемелері мен кәсіпорындараның 1918-1997 жылдардағы құжаттарын, сонымен қатар партия және комсомол ұйымдарының құжаттарын сақтауда.

Басылымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • "1930-шы жж. ашаршылық: себептері, көлемі, салдарлары"[58]
  • Алматы облысының колхоздар мен совхоздар тарихы бойынша қысқаша анықтамалық
  • Жеке қорлар. Алматы облысының мемлекеттік мұрағаттары
  • «Депортация народов в Алматинскую область Казахстана» құжаттар жинағы
  • XX ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылық «Қазақ халқының қасіреті»
  • Дипломат Мәлік Сабырұлы Фазылов туралы «Отанға қызмет ету»
  • Мұқағали Мақатаевтың бұлтты аспаны

Павлодар облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Павлодар облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты - Павлодар атқару комитетінің штатына кіші мұрағатшы (архивариус) лауазымының енгізілуімен 1925 жылдың 30 маусымынан бастап Павлодар облысының мұрағат мекемелерінің тарихы басталды.

1938 жылы Павлодар облысының құрылуымен Ертістің Павлодар өңірі тарихының жаңа кезеңі басталады. Павлодар облысы экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының маңызды мәселелері қалай қарастырылып, шешілгені туралы депутаттардың облыстық, аудандық, қалалық кеңестері сессияларының, олардың атқару комитеттері мәжілістерінің хаттамалары куәлік етеді.

Мұрағат қорына шолу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құжаттардың ірі кешені біздің жерлестеріміздің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері туралы куәлік етеді. облыстық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қорлары облыс еңбекшілерінің Ұлы Жеңіске тигізген үлкен үлесі туралы баяндайды. Жеке тектік құжаттардан Азаматтық және Ұлы Отан соғыстарында қатысқандардың естеліктері және құжаттары, істер топтамалары, Кеңес Одағы Батырларының, еңбек әскерлерінің құжаттары мен істер топтамалары құрастырылды. Ұлы Отан соғысына қатысқан Р.Ж.Аликовтың, С.Ф.Гончаровтың, З.П.Ереминаның, Г.В.Путинцевтің және басқалардың, сондай-ақ тыл еңбекшілері, соғыс жылдарында жоғары астық топтарын құру жөніндегі қозғалыстың бастамашысы А.И.Дацкованың; депортацияға ұшыраған поляктарды орналастыруымен айналысқан А.М.Захарованың жеке тектік қорларында соғыс жылдары туралы қызық мәлімет баршылық.

Басылымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ер есімі ел есінде сақталады[59]

Ақмола облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1939 жылы 14 қазанда Ақмола облысы құрылуына байланысты Қазақ КСР ІІХҚ-ң 1939 жылы 22 желтоқсандағы №1875 бұйрығымен Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты құрылды. Қазақ КСР-ның құрамында 1960 жылы Тың өлкесінің құрылған кезінен бастап сонымен қатар облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымдарының кезек-кезек өзгеруімен мемлекеттік мұрағаттың атауыда ауысып отырды:

  • Тың өлкелік мемлекеттік мұрағат,
  • Целиноград облысының мемлекеттік мұрағаты,
  • 1992 жылдың шілде айынан бастап Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты.

Ең соңғы толық ресми атауы –Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты болды. облыстың мемлекеттік мұрағатында тек одақтық кезеңнен (1919-1990 жылдардағы негізгі жиымдар) және Егемен Қазақстан Республикасының алғашқы жылдарының (1991-2011 жылдарғы) құжаттар сақталады. Революцияға дейінгі құжаттар жеке іс құрайды. Тың өлкесінің (1961-1965 жылдар) аймақтарының мекемелері және ұйымдарының қорлары жеке топтастырылады. Тың өлкесінің құжаттары облыс орталығы Көкшетауға көшуіне байланысты Астана қаласының мемлекеттік мұрағатына тапсырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1926 жылы 1 қазанда Сырдария мұрағат бюросы құрылды. Бұл қазіргі Түркістан облысының аумағы енген Сырдария губерниясы 1924 жылы құрылғаны оның орталығы Шымкент қаласы болып тарихта белгіленді. Алған Оңтүстік мемлекеттік мұрағатында небәрі 4 сөре бөлініп, онда 1 меңгеруші мен 1 ғана архивариус жұмыс істеді. Соныман Түркістан облысының мемлекеттік мұрағатының іргесі қаланды. Содан бері мұрағат қызметі қалыптасу, өсу, даму кезеңдерін бастан кешірді. мұрағат құрылған сәтте 4 сөреге жиналған 13 қор қазір 3850 –дей қор, 1млн 500 мың іске жетті. 1917 жылдан бастау алатын осы баға жетпес құнды құжаттар облыстың әр кезеңіндегі тарихынан сыр шертеді. 1917 жылы уақытша өкіметінің орнауы, әйгілі қазан революциясы Кеңестер одағының дүниеге келуі, 1924-1925 жылдарғы Орта Азия мен Қазақстан Республикаларының ұлттық мемлекеттік межеленуі, артельдер, мен серіктестіктердің ұйымдастырылуы, Одақтық маңызы бар алып өнеркәсіп орындардың салынуы, Мырзашөлді игеру, репрессия, Ұлы Отан Соғысы, халық шаруашылығының қалпына келтіруі, Бөген, Шардара, су қоймаларының салынуы, тәуелсіздікке ие болу саяси, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру тағы басқа құжаттар бар. Облыс орталығында жалпы алаңы 4264 шаршы метр ғимаратта мұрағат орналасқан. Бұл мұрағат ғимараты ТМД елдерінде санаулы.[60]

Ақтөбе облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғашында Ақтөбе губерниялық мұрағат бюросы болып аталған Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағаты 1923 жылы 15 қыркүйекте құрылды. Мұнда негізінен сол кездегі алғашқы қор ретінде губерниялық—кеңестік халық шаруашылығының Ақтөбе уездік атқару комитетінің құжаттары сақталады. 1928-1935 жылдар аралығында әкімшілік-территориялық бөліністің өзгеруіне байланысты мұрағат мекемелерінің жұмысына түзетулер мен ұйымдық құрылымдар енгізілді. 1935-1938 жылдар аудан аралық мемлекеттік мұрағаттар құрылды. 1964 жылы облыстық мемлекеттік мұрағат жалпы көлемі 545,0 шаршы метрді құрайтын тұрпатты ғимаратты (Лачугин көшесі, 2) Қазақстан Компартиясы қызметін тоқтатуға байланысты 1991 жылдың қазан айында Ақтөбе облыстық мұрағат мекемесіне беріліп, көлемі 2167,4 шаршы метрлік басты ғимаратты (Ағайынды Жұбановтар көшесі 255) иемденуде.

Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатында әр кезеңдегі облыс тарихына қатысты құжаттар сақталуда. Атап айтқанда 1917-1918 жылдардағы кеңес өкіметін орнатудағы Ақтөбе уезі атқару комитетінің хаттамалары, губерниялық округтық облыстық ауыл шаруашылығын түпкілікті қайта құру, артельдер мен серіктестіктердің құрылуы, дүниежүзілік екінші қанды соғыс кезіндегі ақтөбеліктердің тылдағы ерлігі, халыққа білім беру ісі, денсаулық сақтау туралы құжаттардан көптеп мәлімет алуға болады. Ірі ірі өндіріс орындары Ақтөбе қаласында 30-50 жылдары пайдалануға берілген ферро-қорытпа, хром қоспа, ауылшаруашылық машина жасау, рентген сәуле аппараты зауыттары, С.М. Киров атындағы химия комбинаты, мұнай барлау, геологиялық, геофизикалық экспедицияларының құжаттары орын алған. Сонымен облысқа танымалы, еңбегі сіңген жеке адамдардың қорыда қалыптасуда. Олар атақты тарихшы Ш. Берсиев, Кеңес Одағының Батырлары С.В. Вавилов, М.Бөкенбаев, өлкетанушы Еламанов тағы басқалар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатына 25 жыл 2007ж
  • Қазақстан мұрағаттары 2008 ж № 4
  • Мұрағат жаршысы 2004 ж №2
  • Крайская З.В., Челлини Э.В. Архивоведение. - М.: Изд-во «Норма», 1996г
  • Қазақстан Республикасының Заңдары
  • Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2007.21.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
  • «Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 154 Бұйрығы
  • «Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбiр объектiлерiн сақтау жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қаулысына тәуелді актілер
  • «Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1033 Қаулысы
  • «Үлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 310 Қаулысы
  • «Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 219 Бұйрығы.
  • «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 447 Қаулысы
  • Алматы облысының мұрағат мекемелері, 2002 ж
  • «Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 219 Бұйрығы.
  • «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 447 Қаулысы
  • «Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 310 Қаулысы
  • «Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 219 Бұйрығы.
  • «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 447 Қаулысы
  • «Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбiр объектiлерiн сақтау жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 мамыр N 779
  • Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 Қаулысы
  • «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 447 Қаулысы
  • Государственный архив Восточно-Казахстанской области 2000 г
  • Сергазин Ж.Н. Основы обеспечения сохранности документов. - М., 1986 г
  • Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы
  • Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қарашадағы N 1083 Қаулысы
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының өкімдері
  • «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми- қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы N 495 Қаулысы
  • «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1045 Қаулысы
  • «Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1031 Қаулысы
  • Қазақстан мұрағаттары 2007 ж № 1-2
  • «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1148 Қаулысы
  • «Мәдениет туралы» Заңға тәуелді актілер
  • «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заны», 1998ж
  • Мұрағат жаршысы 2002ж №1
  • “Қазақ Совет Энциклопедиясы”
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшының жанынан құрылдған 2004-2006 арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
  • "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қарашадағы N 1083 Қаулысы
  • Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1044 Қаулысы
  • «Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың ережелерін және пайдалану режимін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 218 Бұйрығы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277
  • «Мұрағат және тарих» Рысты Сариева 2004 ж.
  • Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатына 25 жыл 2007ж
  • Қазақстан мұрағаттары 2008 ж № 4
  • Мұрағат жаршысы 2004 ж №2
  • Крайская З.В., Челлини Э.В. Архивоведение. - М.: Изд-во «Норма», 1996г
  • Қазақстан Республикасының Заңдары
  • Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2007.21.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
  • «Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 154 Бұйрығы
  • «Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбiр объектiлерiн сақтау жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қаулысына тәуелді актілер
  • «Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1033 Қаулысы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және Мұрағат комитетінің Деректану және археография ұлттық орталығы».
  2. Армения Ұлттық мұрағаты.
  3. Араб Египет Республикасының Ұлттық мұрағаты.
  4. Ұлыбритания Ұлттық мұрағаты.
  5. Германия Ұлттық мұрағаты.
  6. Ресей Ұлттық мұрағаты.
  7. АҚШ Ұлттық мұрағаты.
  8. Түркия Ұлттық мұрағаты.
  9. Қытай Ұлттық мұрағаты.
  10. Венгрия Ұлттық мұрағаты.
  11. Польша Ұлттық мұрағаты.
  12. Америка Құрама Штаттарының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  13. Финляндия Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  14. Украина мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  15. Түрік Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  16. Өзбекстан Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  17. Беларусь Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  18. Армения Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  19. Моңғолия мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  20. Литва Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  21. Қырғыз Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  22. Қытай Халық Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  23. Иран Ислам Республикасының мұр ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  24. Египет Араб Республикасының мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  25. Польша Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  26. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігi мен Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Бас мұрағат басқармасы арасындағы мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық туралы ХАТТАМА.
  27. Ресей Федеральдык мұрағат ici саласындағы ынтымақтастық меморандум.
  28. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты.
  29. Минерология ғылымының доқторы Л.К. Диденко-Кислицинамен кездесуге арналған көрмесі.
  30. "Экология және климат" ғылыми-зерттеу институтының 60 -жылдығына арналған көрмесі.
  31. "Тарих беттері" көрмесі.
  32. Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұрағаты.
  33. Бақылау ісін қалыптастыру жайлы ұйымдастырылып жатқан іс шаралар.
  34. «Тәуелсіздік жолында» және «Тарихы қазағымның мұрағатта...».
  35. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл.
  36. Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі.
  37. Зағфи Тналинаның 100-жылдық және Дариға Тналинаның 90-жылдық мерейтойлары.
  38. Ғасыр тойы.
  39. Жандыбаев Ғұсман Елеуұлының туғанына 65 жыл.
  40. КСРО халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, сахна шебері Сәбира Майқанованың балалық шағы туралы естелігі.
  41. Тарихи дерек негізінде мұрағат құжаттарын пайдалану бағыттары.
  42. Құдайберген Мағзұмұлы Сұрағанов.
  43. Жаңалыққа жаны құштар жан (тележүргізуші Күлмәрия Күлиясқызы Барманбекова жайында).
  44. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты.
  45. Нацистер басып алған кеңес одағы аумағынан Еврейлерді көшіру.
  46. 1942 жылы Семей облысына көшірілген балалар үйлерін орналастыру туралы МӘЛІМЕТТЕР.
  47. Семей қаласында орналасқан көшірілген кәсіпорындар мен мекемелердің 1943 жылдың 1 сәуір күніне берілген ТІЗІМІ.
  48. ШҚО ҚЗТҚО құжаттары бойынша Семей облысы аумағына қоныс аударған немістердің мәселелерін баяндайтын тізбе.
  49. 1941-1945 жылдары «Депортацияланған халықтар» тақырыбы бойынша айқындалған ШҚО ҚЗТҚО құжаттар тізбесі.
  50. Поляк ұлты азаматтарына қатысты қуғын-сүргін саясатын баяндайтын тақырып бойынша ШҚО ҚЗТҚО құжаттар тізбесі.
  51. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты.
  52. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының басылымдар.
  53. Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты.
  54. Мұрағаттағы жетістіктерім.
  55. Мұрағат тарихымыздың асыл казынасы.
  56. БАҚ жарияланған облыстық мұрағаттық қызметі қызметкерлерінің мақалалары.
  57. Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты.
  58. Алматы облысының мемлекеттік мұрағатының басылымдар.
  59. Ер есімі ел есінде сақталады.
  60. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты.