Қазақстан Ұлттық банкі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан Ұлттық банкі
Орналасуы Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 57 «А»
Құрылды 20 маусым 1991
Төрағасы Тимур Сүлейменов
Ел / ұйым Қазақстан Республикасы
Валюта Қазақстан теңгесі
ISO 4217 Code KZT
Қорлары $37,8 млрд (наурыз 2024)[1]
Пайыздық мөлшерлеме 14,75% (2024 жылғы 15 сәуірден бастап)[2]
Сайты nationalbank.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1925 ж. 29 маусымда [3] КСРО Мембанкінің Қазақ өлкелік кеңсесі ретінде[4] ашылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады – «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды.[5]

Негізгі фунциясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

  • Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;
  • Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;
  • банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
  • төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
  • Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
  • қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.

Ұлттық Банк «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.

Басқару құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Президентіне тікелей бағынып, оған есеп береді. Ел Президенті Ұлттық Банк Төрағасын Парламент Сенатының келісуімен 6 жылдық мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады. Басқарма құрамына Ұлттық Банк Төрағасы және Ұлттық Банктің төрт лауазымды адамы, Қазақстан Президентінен бiр өкiл, Қазақстан Үкіметінен екi өкiл және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан бір өкіл кiредi.

Директорлар кеңесiнiң құрамына Ұлттық Банк Төрағасы, оның орынбасарлары, Ұлттық Банк құрылымдық бөлiмшелерiнiң және ведомстволарының басшылары кiредi.

Ұлттық Банк құрылымы

1. Орталық аппарат:

  • департаменттер;
  • басқармалар.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары:

  • орталық филиал (Астана қаласы);
  • республикалық маңызы бар Алматы мен Шымкент қалаларындағы филиалдар;
  • Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар қалаларындағы филиалдар;
  • Алматы қаласындағы кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдары:

Акцияларына Ұлттық банк иелік ететін заңды тұлғалар

ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ақша-кредит саясаты департаменті
  • Төлем балансы департаменті
  • Қаржы нарығының статистикасы департаменті
  • Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті
  • Қаржылық технологиялар департаменті
  • Төлем жүйелері департаменті
  • Бухгалтерлік есеп департаменті
  • Операциялық есепке алу департаменті
  • Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
  • Ішкі аудит департаменті
  • Қауіпсіздік департаменті
  • Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы басқармасы
  • Тәуекелдер және комплаенс департаменті
  • Монетарлық операциялар департаменті
  • Халықаралық ынтымақтастық департаменті
  • Заң департаменті
  • Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті
  • Қолма-қол ақша айналысы департаменті
  • Қаржы департаменті
  • Адам капиталын дамыту департаменті
  • Әкімшілік басқармасы
  • Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті
Алматы қаласындағы өкілдік
  • Зерттеулер және талдама орталығы
  • Қаржылық мониторинг және валюталық бақылау департаменті
  • Тұрақты өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету басқармасы[8]

ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен[9] ҚР Ұлттық Банкі қайта үйымдастырылды, одан ҚР Қаржы нарығын және қаржы үйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі бөлініп шығарылды. ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен[10] ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратының қүрылымына мынадай өзгертулер енгізілді: қолма-қол ақшамен жұмыс және төлем жүйелері басқармалары департаменттер болып қайта құрылды; монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы құрылды. [11]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Халықаралық резервтер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының валюталық активтері
  2. Базалық мөлшерлеме шешім қабылдау графигі (2015–2024)
  3. 1 Қазақ КСР Мемлекеттік мекемелері. Қазақ КДСР халық шаруашылығын басқару органы (1920- 1936 жж.), Алматы, 1981,43-6.
  4. 2 1992-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан -2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 428-432 б. (Құрастыру- шылардың ескертпелері).
  5. ҚРҰБ-ның тарихы
  6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы
  7. Ұйымдар және еншілес кәсіпорындар
  8. [1]
  9. 9 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).
  10. 10 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы № 1495 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 50, 640-бап).
  11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9
  12. Ғ.О. Пірматовты тағайындау туралы. www.akorda.kz