Қазыбек (шың, Кавказ)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қазыбек, Мкинвари – Үлкен Кавказ тауларының Бүйір жотасындағы шың, Грузия мен Ресей шекарасында орналасқан. Абсолютті биіктігі 5033 м. Казбектің шығыс етегінен Әскери-Грузин жолы және Терек өзенінің аңғары өтеді. Шың конус пішінді сөнген жанартаудан тұрады. Оның іргетасы төм. юра кезеңінің тақтатастарынан түзілген. Басын көп жылдық қар мен мұзқар (фирн) алып жатыр, одан Деводорак, Чач, Суатиси, Мна, Гергет, т.б. аңғарлық мұздықтар басталады. Мұздықтардың жалпы аум. 135 км². Беткейлерін субальпілік шалғын көмкерген. Гергет мұздығында биік таулы метеорол. ст. орналасқан. Солтүстік бөлігінде Солтүстік Осетия қорығы бар. Казбек шыңы альпинизм және туризм аймағы саналады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том