Қарақоюнлылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қарақоюнлылар мемлекеті
Qara qoyunlular
قره قویونلو

Монархия
1380 — 1469


Қара-Қоюнлу мемлекетінің туы

Қарақоюнлы түркілері билеген өңір
Астанасы Тебриз
Тіл(дер)і Түркі тілі
Басқару формасы Монархия
Тарихы
 -  Орта ғасырлар

Қарақоюнлылар, кейде "Қара Қойлы", (әз. Kara Koyunlu, Qaraqoyunlu dövləti, قره قویونلو) — қазіргі Әзірбайжан, Грузия, Армения, Шығыс Солтүстік Иран, Шығыс Түркия және Шығыс Солтүстік Ирак жерінде 1380-1469 жж аралығында Оғыз түріктері құрған тайпалық одақ түріндегі монархиялық мемлекет.

Қысқаша тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Кара Юсуфтың Кура өзенінде Ширваншах мемлекетіне қарсы соғысы бейнеленген сурет

Қара қоюнлу тайпасы 13 ғасырдан бастап Диярбекирде, Әзірбайжанда, кейбір топтары Иракта көшіп-қонып жүреді, олардың басшысы Байрам Қожа болатын. Ол Жалайыр әулетінен шыққан Уәйіс сұлтанмен одақтасып, Тебризде тұрады. Алғашында қазіргі Ауғанстандағы Герат қаласы Қара-Қоюнлу түріктерінің астанасы болған еді.[1] Олардың жетекші тайпасының көсемі Мосул (Mosul) билеген тұста, шамамен 1375 жылдары олар Бағдат пен Тебриздегі Жалайыр сұлтандығының вассалына айналады. Кейін олар Қара Жүсіптің басшылығында Жалайырларға қарсы көтеріліс жасап, Тебризді жаулап алады да, хандық тәуелсіздікке ие болады. 1400 жылы Әмір Темір Қара-Қоюнлуларды жеңеді. Қара Жүсіп Мамлюк Сұлтанатынан пана іздеп, Египетке қашып барады да, әскер жинап келіп, 1406 жылы Табризді қайтарып алады.

Қара Жүсіп 1410 жылы тамызда Тебриз маңында Жалайыр әулеті әскерлерін күйрете жеңіп, Әзірбайжанды, Иракты, Арменияны, басып алды. Құрамына Кура өзенінің оңтүстік жағындағы Азербайжан жерлері, Армения, Курдстан және Ирак кіретін Қара-Қоюнлу мемлекеті құрылады.

Қара Жүсіп пен Қара Ескендір Темір әулетіне және Ширваншаһқа қарсы соғыс жүргізеді. Ескендір әкесі өлгеннен кейін қайта бас көтере бастаған Ширванға қарсы үш рет жорыққа шығады, бірақ үшеуі де сәтсіз аяқталады. 1435 жылы темір әулетінен шыққан Шахрух сұлтан Ширваншаһпен бірігіп, Ескендір әскерлерін жеңеді. 1437 жылы таққа отырған Жахан шаһ Ширванмен достық қатынаста болуға ұмтылады. Бірақ 1447 жылы Шахрух дүниеден озғаннан кейін, Ширбан өз тәуелсіздігін жариялады.

Қара Жүсіп қайтыс болған соң ұрпақтарының билікке таласқан ішкі қырқысы мен армян сепаратистері мемлекетті әлсіретеді. Кейін армян көтерілістерінің соққысында ыдырап кетеді.

Қара-Қоюнлулар мен Ақ-Қоюнлулар қолданған қарулар, Әзірбайжан мұражайы

Ираника энциклопедиясындағы R. Quiring-Zoche бойынша:

Ақ-Қоюнлулардың суннизмді ұстанғаны және Қара-Қоюнлулардың Шиизмді ұстанғаны және басқаларының Сефевид ағымын ұстанғаны туралы дерек Сефевид әулеті деректерінде кездеседі және күмәнді болуы мүмкін.[2]

"Жаңа Ислам әулеттерінде" Е. Босворт жазады:

Қара-Қоюнлулардың діни сенімі туралы айтар болсақ, отбасыларының кей мүшелеріне шиизм типті ат қойылған, шииттік аңыздар болғанына қарамастан, Оғыз түріктерінің шиизмді ұстанғаны туралы нақты дәлел жоқ.[3]

Жаһан шах алғашында Шахрух Мырзамен (Тимурид) татуласқанымен, көп ұзамай олар бөлініп кетеді. 1447 жылы Шахрух Мырза қайтыс болған кезде, Қара-Қоюнлу түркілер Ирактың бір бөлігін және Араб түбегінің шығыс жағалауын, сондай-ақ Тимуридтер басқаратын батыс Иранды жаулап алады. Жаһан шах билеген тұста Қара-Қоюнлулар территориясы кеңейгенімен, билікке бүлікшіл ұлдары және Бағдаттың автономиялы дерлік билеушісі қатер төндіреді. Жаһан шаһ 1464 жылы Бағдат билеушісін елден қуады. 1466 жылы Жаһан шах Ақ-Қоюнлулардан Диярбәкірді (Diyarbakır) тартып алуға тырысады, бірақ Жаһан Шах қайтыс болып, Қара-Қоюнлу түркілерінің Таяушығыстағы билігі әлсірейді. Ұзын Хасан (Uzun Hasan, 1452–1478) билеген 1468 жылдары Ақ-Қоюнлулар Қара-Қоюнлуларды жеңеді, әрі Иракты, Әзірбайжанды және Батыс Иранды жаулап алады.[4]

Қара-Қоюнлу билігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қара Ескендір есімімен басылған ақша

Армения 1410 жылы Қара-Коюнлу қарамағына өтті. Осы кезеңді сипаттайтын армян дереккөздері ретінде тарихшы Товма Мецопецидің (Tovma Metsopetsi) жазбаларын және бертінгі бірнеше колофондарды айтуға болады.[5] Товманың айтуынша, Қара-Коюнлу армяндарға ауыр салық салғанымен, басқаруының алғашқы мезгілдерінде салыстырмалы түрде бейбіт болыпты және қалаларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіпті. Алайда бұл бейбіт кезең Қара Ескендірдің таққа шығуымен шайқалады. Ол армяндарды "талан-таражға салып, қырып-жойып, тұтқынға айналдырыпты".[6] Қара Ескендірдің Теміридтермен соғысуы және соңында жеңіліске ұшырауы Армениядарға ауыр тиеді, өйткені армяндардың жері тартып алынады, кейбіреуі тұтқынға алынып, құлдыққа сатылады, сөйтіп көпшілігі мекенін тастап қаңғырып кетуге мәжбүр болады.[7] Ескендір армяндармен татуласуға тырысып, армян текті отбасыдан шыққан Рустумды (Rustum) өз кеңесшілерінің бірі етіп тағайындайды.

Хасан Али Жаһан шахтың ақшасы

Теміридтер аймаққа соңғы шабуылын бастаған кезде, олар Ескендірдің інісі Жиханшахты (Jihanshah) ағасына сатқындық жасауға көндіраді. Жиханшах Сюниктегі (Syunik) армяндарға қарсы қудалау саясатын жүргізді және армян қолжазбаларында оның Татев монастырын (Tatev monastery) қиратқаны жазылған.[7] Бірақ ол да армяндармен жақындасуды, феодалдарға жер бөлуді, шіркеулерді қалпына келтіруді және 1441 жылы католиктердің армян апостолдық шіркеуінің орнын Этчмиадзин соборына (Etchmiadzin Cathedral) ауыстыруды мақұлдады. Бірақ Жиханшах армян қалаларына шабуыл жасауын тоқтатпайды, армяндарды ұстап апарып Ақ-Қоюнлулармен сәтсіз соғысына пайдаланады.[8]

Қара-Қоюнлу әміршілерінің кесенесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қара-қоюнлу әулеті салған көрнекті ескерткіштердің бірі - Армения астанасы маңындағы Қара-Қоюнлу әміршілерінің кесенесі бүгінге дейін сақталды. Түрікменстан мен Армения екеуі де ортағасырлық бұл сәулет өнерін қалпына келтіруге және сақтауға өз үлестерін қосты.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Patrick Clawson Мәңгілік Иран. Palgrave Macmillan. 2005, ISBN 1-4039-6276-6, p.23
  2. Quiring-Zoche, 2009
  3. Bosworth, 1996, p. 274
  4. Stearns Peter N. The Encyclopedia of World History — Houghton Muffin Books, 2001. — P. 122. — ISBN 0-395-65237-5.
  5. Kouymjian, Dickran (1997), "Armenia from the Fall of the Cilician Kingdom (1375) to the Forced Migration under Shah Abbas (1604)" in The Armenian People From Ancient to Modern Times, Volume II: Foreign Dominion to Statehood: The Fifteenth Century to the Twentieth Century, ed. Richard G. Hovannisian, New York: St. Martin's Press, p. 4. ISBN 1-4039-6422-X
  6. Kouymjian. "Armenia", p. 4.
  7. a b Kouymjian. "Armenia", p. 5.
  8. Kouymjian. "Armenia", pp. 6–7.