Қоспа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қоспа[1] – бірнеше жай немесе күрделі заттардан құралатын жүйе. Мұндай қоспа физикалық, механикалық және химиялық (құраушы заттары әрекеттессе) деп аталады. Кез келген қоспаны физикалық әдістермен (тығыздықтарының, қату және қайнау температураларының, ерігіштігінің, магниттілігінің, тағы басқа физикалық қасиеттерінің айырмашылықтары арқылы) бөліп алуға болады. Мысалы, ағаш және темір ұнтақтарының қоспасы су мен магниттің көмегі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ қоспа біртекті және әртекті болып бөлінеді. Біртекті қоспада кемі екі құрам бөлік (қанттың судағы ерітіндісі, т.б.), ал әртекті қоспада бір, екі не одан да көп құрам бөліктері болады.

Пайдаланған әдебиетттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том