ENIAC
ENIAC (ағылш. Electronic Number Integrator And Computer) электронды-есептеуіш машинасы - Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания университетінде жасалды. ENIAC - соғыстық мақсатта қолдану үшін, екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен екі айдан кейін дүниеге келді. ENIAC-тың ұзындығы 30 м, көлемі 85 м3, ал салмағы 35 тоннаға дейін жететін. Ол 17 468 вакуумды шамнан, 7 200 кристал диодтардан және 4 100 магниттік элементтерден тұрды.
XX ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы Америка Құрама Штаттарында құрастырылды. Дж. Моучли және П. Эккерт деген ғалымдардың басқаруымен құрастырылған бұл машина ENIAC («Electronic Numerical Integrator and Computer» - Электронды санды интегратор және компьютер) деп аталды. ENIAC секундына 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындай алатын. Бұл сол кезге дейін қолданылып келген Mark-1 секілді механикалық және электронды-механикалық элементтермен жұмыс істейтін машиналардың жылдамдығымен салыстырғанда мыңдаған есе артық болатын.
ЭНИАК қүрылғысында ауа-райын болжау кезінде табысты нәтижеге 1950 жылдың көктемінде америкалық метропологтар тобы Жюль Чарни , Филип Томсон, Ларри Гейтс және норвегиялық Рагнар Фьюрт және математик Джоном Фон Нейман қол жеткізді. Олар атмосфералық ағынның оңайлатылған моделін қолданды, оның негізінде баратроптық газға арналған құйын жылдамдығының теңдеуі алынды. Сол тәсіл күрделі есептердің шығарылуын жеңілдетті және сол кездегі қолжетімді есептеуіш құрылғылардың көмегімен есептеулер жүргізуге мүмкіндік берді. Есептеулер 1950 жылдың 5 наурызынан басталды, 5 апта бойы, 1 аптада 5 реттен, 3-8 сағаттан орын алды. Бірнеше ай сараптау мен нәтижелерді бағалауға кетті. Жүргізілген есеп-қисаптардың сипаттамасы мен нәтижелері "Numerical Integration of Barotropic Vorticity Equation" еңбегінде 1950 жылдың 1 қарашасында "Tellus" журналында жарияланған болатын. Мақалада ауа-райын келесі 24 сағатта болжау ЭНИАК құрылғысында 24 сағатта орындалғаны айтылады, демек ауа- райын болжау үшін ұзақ уақыт кететін.
ENIAC машинасын жасау үшін 200 000 мың адам еңбектенді және 200000 сағат уақыт кетті, сонымен қоса 486 804,22 мың АҚШ доллары жұмсалды. Бұл жоба өзіне 17468 лампаның 16 түрін және 7200 кремниден жасалған диодтарды қосты, 1500 реле, 70 000 резистор және 10 000 конденсатор қолданылды.
Салмағы - 27 тонн.
Жадтың көлемі - 20 сандық сөз.
Пайдаланылған қуаты - 174 кВт.
Есептеуші қуаты - секундына 357 көбейту операциясы немесе 5000 қосу операциясы.
Ырғақтылық жиілігі - 100 кГц, демек, әрбір 10 микросекунд сайын 1 импульс. Негізгі есептеуші ырғақ 20 импульстен құралды және 200 микросекунд уақыт алды . Қосу амалы 1 ырғақ, ал көбейту үшін 14 ырғақ қолданылды. Көбейту амалын бірнеше қосу амалы алмастырды және сәйкесінше 2800 микросекунд уақыт аралығында орындалды.