Қажылық
Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Қажылық (араб.: حَجّ хаддж) - ислам дiнi бес негiзiнiң соңғысы. Қажылық, хаж жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Шариғат бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана І парызын өтей алады. Оның парыздығы қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят), - деп ұқтырылса, хадис шарифте: «Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Байтуллаға қажылыққа бару», - делiнген.
Шариғат кiтаптарында:«Бас бостандығы бар, балиғат жасына жеткен, ақыл-есi дұрыс, денi-басы сау адамға қажылыққа бару парыз делiне отырып, қажыға баратын жол қауiп-қатерсiз, оған азық-түлiгi, көлiгi немесе көлiк жалдауға қаражаты болуы керек екендiгi және үлкен сапарға аттанған кiсiнiң үйiнде қалған отбасы тарығып қалмайтындай нәпақамен қамтамасыз етiлуi де шарт», - деп көрсетiлген.
Қажылық сөздiкте - «қасиеттi жерге баруды ниет ету» дегендi бiлдiрсе, шариғатта - арнайы уақытта яғни қасиеттi рамазан айынан кейiнгi айдан бастап зүлхижжа айының 10-12 күндерiне дейiн арнайы мекенде яғни Сауд Арабиясының Мекке қаласында табылып, арнайы бекiтiлген ихрамға кiру, Кағбаны жетi айналып тәу ету, Сафа мен Маруа арасында сағий жасау, Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, шайтанға тас ату сияқты амалдарды орындау деп түсiну ләзiм.
Қажылық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қағба мен қажылықтың тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қажылықта атқарылатын амалдардың тарихы сонау Адам (ғ.с.) атадан да ертеректен бастау алады. Ол туралы қасиеттi Құран Кәрiмде: «Ақиқатына келсек, адамдардың ғибадат етуi үшiн тұңғыш салынған үй Меккеде. Бүкiл әлемдегi қасиеттi және тура жолға бастайтын үй сол»(«Әли-Имран» сүресi, 96 аят) делiнген. Демек, адамдардың ғибадат етулерi үшiн, бүтiн әлемге мүбарак саналған тұңғыш үй - Меккедегi Қағба үйi. Сол Қағбадан бұрын жер бетiнде салынған үй болмаған.
Хадисте: «Адам Ата мен Хауа ана ұзақ жылдық айырылудан соң Арафат тауында жолыққанда (Арафат - Адам Ата мен Жәбiрейiл жаннаттан кейiн, қайта жолыққанда, Жәбiрейiл (ғ.с.) Адамнан (с.ғ.) «арафта» - яғни «таныдың ба?» деп сұраған сөзiнен шыққан деседi) Алла Тағала Жәбiрейiл перiште арқылы ол екеуiне ғибадат үйi Қағбаны салуды әмiр етiп, құрылыс бiткен соң, оны тәуап етуге бұйырып, «Сен жер бетiндегi тұңғыш адам болсаң, бұл жер бетiнде құрылған тұңғыш үй» - деген екен.
«Адамның (ғ.с.) қажылық жасағанын көрген перiштелер: «Қажылығың қабыл болсын, ей Адам (ғ.с.) бiз де бұл үйдi сенен екi мың жыл бұрын зиярат еткенбiз», - дептi. Бұған қарағанда, Қағбаны алғашқы рет перiштелер тұрғызып, тәуәп жасаған. Адамзат дүниеге келместен бұрын, жер бетiнде iблiс шайтанның тегi Бани Жин тайпасы тiршiлiк еткен.
Ол жер бетiн жаман, бұзық iстерге толтырып жiбергендiктен Алла Тағаланың қаһарына ұшырап, төртiншi қабат аспан перiштелерi арқылы қиратылып жермен-жексен етiлдi. Аспан перiштелерi сол оқиғадан кейiн бiрнеше уақыт жерде қалып қояды. Жердi гүлдендiрген олар төртiншi қабат аспанда жүргенде қызыл жақұттан жасалған Байт әл-Маъмұр деген үйдi тәу еткендерi сияқты, Алла Тағаладан жер бетiнде де сондай қажылық ететiн үйдiң болуын сұрайды. Алла Тағала олардың дұғаларын қабыл етiп, ғарыштағы Байт әл-Маъмұр астындағы топыраққа бiр үй тұрғызып, оны зиярат етуге бұйырады.
Ислами риуаяттарда айтуынша, содан берi Қағба он рет бұзылып, қайта жасалған. Адам (ғ.с.) Алла әмiрiмен қайта қалап, қажылық еткен үйдi Нұһ (ғ.с.) дәуiрiнде жер жүзiн топан суы басқанда - перiштелер Қағбаны жетiншi көкке көтерiп әкеткен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) миғражға көтерiлгенде: «Перiштелер Қағба үйiн тәу етiп жатқанын, Ибраһимнiң (ғ.с.) сол үйге сүйенiп отырғанын көрдiм. Перiштелердiң көптiгi соншалық қасиеттi үйдi бiр тәу еткен перiштеге қиямет күнiне дейiн қайта кезек келмейдi екен»,- деген сөзi бар.
Ибраһимнiң (ғ.с.) пайғамбарлық дәуiрiнде ескi үй орнына баласы Исмаил (ғ.с.) екеуi Алла Тағала бұйрығымен қазiргi Кағбатуллаһты салғаны туралы имам әл-Бухарий Абдулла ибн Аббастан (р.а.) риуаят еткен қиссада: «Ибраһим (с.ғ.): «Ей, ұлым, Исмаил! Алла Тағала маған бiр iс бұйырды», - деп едi, Исмаил: «Әке, Раббыңыз бұйырған iстi орындаңыз», - дедi. Әкесi: «Ұлым, көмек бересiң бе?», - дегенiне, ұлы Исмаил ойланбай: «Әрине», - деп үн қатты.
Ибраһим: «Алла Тағала маған мына жерден үй соғуға әмiр еттi», - деп кiшкене ғана бiр төбенi көрсеттi. Сосын ұлы тас тасыды, әкесi қалады», - делiнген.
Осылайша, әке, баланың iсi оңға басып, Қағба бой көтерiп, бiр деңгейге жеткенде, тас қалау қиынға соғады. Сонда әкесiнiң бойы жетiп, iсi оңайлауы үшiн баласы оның аяғының астына биiк, жалпақ тас әкелiп қояды. Сол тасқа Алла Тағала кейiнгiлер: «Ибраһимге сәлем!» - деп жүрулерi үшiн даңқ және естелiк ретiнде Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың аяқ iздерiн қалдырады.
Бұл туралы қасиеттi Құранда: «Ондағы қасиеттi белгi - Ибраһимнiң (с.ғ.) орны» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят), - делiнедi. Ғұламаларымыздың айтуынша, «Ибраһимнiң орны» деп Ибраһимнiң (с.ғ.) Қағбаны салып жатқанда, табанының iзi қалған тас және оның айналасы айтылады. Ибраһим (с.ғ.) Қағба салуды аяқтаған соң, тас алдында намаз оқыған екен. Сондықтан да қажылар тәуеп етiп болып, сол арада екi ракат намаз оқиды.
Бұл туралы қасиеттi Құранда: «Ибраһимнiң (ғ.с.) орнын намаз орны етiңдер» («Бақара» сүресi, 125 аят), - деп бұйырылғандықтан шариғатымызда бұл уәжiп деңгейiнде саналатын намаздардың бiрi. Ибраһимнiң (ғ.с.) iзi қалған тас Омардың (р.а.) халифаттығына дейiн Қағбаға тиiп тұрды. Оны хазiретi Омар тәуеп етушiлерге кедергi болмасын деп шетке жылжытқан. Сол тас қазiр де бар. Ол шыны ыдысқа салынып аздап жоғары көтерiлiп қойылған.
Ибраһим (с.ғ.) Қағбаның төрт қабырғасын қалап боп, кезек осы күнгi «Хажар әл-Асуад» деп аталатын қасиеттi қара тасқа жеткенде, әке-бала тәуептiң бастау алатын бұрышын жасамақ болып ойға қалады. Сонда Жәбiрейiл (ғ.с.) перiште Ибраһимге (с.ғ.) жұмақтан белгi боп тұру үшiн арнайы тас ала келiп, оның орнын көрсетедi.
Риуаят бойынша, бұл тас жұмақтан әкелiнгенде таңқаларлықтай аппақ екен. Бiрақ уақыт өте келе адамилықтан ауытқыған, ғұсыл-дәреттi, әуретiн жабуды ұмытқан күнәһар қолдардың тигендiгiнен нұрын жоғалтып, қара тасқа айналыпты. Ол туралы хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз:
«Расында Қағбадағы қара тас - жәннат жақұттарының бiрi. Қиямет күнi оған Алланың құдiретiмен көз және тiл бiтiп, ол өзiне тәу еткендерге куәлiк етедi», - дейдi.
Және бiр хадисте: «Ей, мүмiндер! Хажар әл-Асуадты жерде тұрғанда ғанибет көрiп, көп зиярат етiңдер, сондай бiр күн келедi, адамдар Байтулланы кешке тауап етiп, ертесiне келсе, Хажар әл-Асуадты таба алмай әуре-сарсаң болады. Өйткенi жәннаттан шыққан нәрселердi Алла Тағала қиямет алдында қайта жәннатқа көтерiп әкетедi», - делiнген.
Тәуеп осы қара тастан бастап оңға қарай жүрумен басталады. Оған қарап, «Аллаһу Акбар» деген такбир мен «ләә иләәһә илләлла» дейтiн таһлил айтылады. Тасты ұстап, басқа мұсылманға кедергi келтiрмейтiндей болса сүйедi. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с.) кейiн әдiл Омар ( р.а.) осы қара тасты сүйiп тұрып: «Сенiң, пайда да, зиян да бере алмайтын тас екендiгiңдi анық бiлемiн. Егер пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сенi сүйгенiн көрмегенiмде, мен де сенi сүймес едiм», - деп, айтқанын естiген Әли (р.а.):
- - «Ей, мүмiндердiң әмiрi! Расында бұл тастың зияны мен пайдасы да бар», - дедi. Омар (р.а.):
- - «Сонда қалай? Ей, Хасанның әкесi! Әрi пайдасы, әрi зияны да болғаны ма?» - деп сұрады. Әли (р.а.):
- - «Алла Тағала Адам (с.ғ.) ұрпағынан әл-мисақта уәде алғанда, оларды жазып, осы тас iшiне салып қойған. Қиямет күнi бұл тас мүмiндердiң уәделерiнде тұрғандығы үшiн пайдаларына және кәпiрлердiң уәделерiн бұзғандығы үшiн зияндарына куәлiк етедi», - дедi.
Сондықтан адамдар осы қара тасты сүйген уақытта: «Ей, жаратқан ием! Өзiңе иман келтiрiп, кiтабыңды растап және берген уәдемде тұрып, бұл тасты сүйiп жатырмын», - дейдi. Қағбаның қара тас тұрған бұрышы шығысқа қаратылған, оны Рүкiн дейдi. Қара тас жерден бiр метр жоғарыда тұр. Айналасы күмiспен жиектелген.
Мұсылмандар үшiн жер бетiнде Қағбадан өзге қасиеттi орын жоқ. Өйткенi, ол киелi орын. Қағба Ұлы Жаратушымыз Алла Тағаланың әмiрiмен, Жәбiрейiлдiң (с.ғ.) көмегiмен салынды.
Қасиеттi Құранда: «Кезiнде үйдi (Қағбаны) адамдар жиналатын орын және тыныштық мекенi етiп бердiк» («Бақара» сүресi, 125 аят), - делiнген. Аяттағы «Жиналатын орын» деген сөз «Мәсәбатан» сөзiнен тәржiмаланып отыр. Ал, осы сөздiң толық мағынасын ашып беретiн қазақ тiлiнде өзге сөз болмағандықтан ол сөз осылай аударылды. «Масабәтан» сөзi - адам қайта-қайта барса да тоймайтын жер деген мағынаны да бiлдiредi. Сондықтан да ол Алла Тағаланың бiр керемет жайы ретiнде адам қанша барса да өзiне қайта тартып тұратын шарапаты аса мол киелi.
Имам Мүслим Абдулла ибн Аббастан (р.а.) риуаят еткен хадис шарифте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккенi (фатх) азат еткен күнде: «Расында, Алла Тағала бұл елдi аспан мен жердi жаратқан күннен бастап Харам деп бекiткен... Бұл жер Алланың құрметi үшiн қиямет қайымға дейiн Харам саналады.
Көгерiп тұрған өсiмдiгi жұлынбайды, жануары үркiтiлмейдi. Түсiп қалған затты таныған адамнан басқасы алмайды...», - деген. Харам сөздiң мағынасынан жамандық атаулы iс-қылықтың барлығына тыйым салынған қасиеттi дегендi түсiнемiз. Демек, Харам шариф өлкесiнде тек адамға ғана емес, тiптi жануары мен өсiмдiгiне де амандық кепiлдiгi берiлген. Қағба - күллi мұсылман баласының қиямет-қайымға дейiн намаздарында және басқа да ғибадаттарында жүздерiн бұратын, қажылық пен умрада мүмiн-мұсылмандардың басын қосатын қасиеттi мекен. Қажылық ғибадатында - мұсылмандар Алланың нұрын таратқан орталыққа жиналып, жылына бiр рет бас қосады.
Мұсылмандардың жылдық жиындары саналған қажылықта - адамдар арасындағы теңдiк бiрден көзге түседi. Онда барлық қажылар өздерiне қажылықты парыз етiп ихрамға кiредi. Ихрамның ақ маталы киiмiне оранып ортақ зiкiрдi айтып жатқанда, ешкiмдi де ажырата алмай қаласың. Ол киiмдi киген барлық қажылардың атқаратын амалдары да бiрдей. Барлығы да бiр жолмен бiр амалды орындау үшiн барады, бiр-бiрiнен қалмай сол жолмен қайтады. Демек, патша да, жарлы да, бай кiсi де, үлкен-кiшi де, күштi мен әлсiз де ихрамда өздерiн кiшiпейiл ұстап, Алла құзырында жүргендей кiршiксiз сезiммен жүредi. Бұл Ислам дiнiнiң теңдiк дiнi екендiгiне ашық дәлел емес пе? Хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бiр хадисiнде: «Қажылар және умраға барушылар - Алланың жер-жерден келген өкiлдерi және қонақтары. Егер олар Алладан тiлесе, Алла оларға тiлегенiн бередi. Кешiрiм сұраса, кешiредi, шапағат тiлесе, шапағатқа бөленедi және дұға етсе, дұғалары қабыл болады» десе, ендi бiрiнде:«Кiмде-кiм жаман сөз айтпай, бұзақылық жасамай осы үйдi қажылық етер болса, жаңа туған сәбидей күнәдан пәк болады» делiнген.
Бұзақылық деп - үлкен-кiшi күнәлi iстердi айтады. Ал, жанжалға, талас-тартысқа түсу, ұрысып қалу, ашулану жатады. Қажылық - үлкен дәреже. Онда мұндай терiс iс-әрекет жасау дұрыс емес. Қажылыққа барушы Алла Тағаланың үйiне зиярат ету үшiн Жаратушысына бетiн бұрған адам саналады. Сондықтан да қажыдан барлық жаман iстерден тыйылып, жақсы амалдармен ғана шұғылданар аса әдептiлiк талап етiлген.
Қажылық кезiнде әрқандай бiр жағымсыз қылық болғанда қажылар: «Йа қажи, сабыр, сабыр!» деп бiр-бiрiне ескертедi. Қажылар соған орай жаман iс-әрекеттерге бармай, барынша жақсы амалдарды көбiрек жасап қалуға тырысып бағады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кiмде-кiм үйiнен қажылықты немесе умраны ниет етiп шығып, кейiн жолда дүние салса, ол кiсiге қиямет күнiне дейiнгi әр жылғы қажылық пен умра сауабынан несiбе жетiп тұрады. Ал, екi Харамның бiрiнде дүниеден өтсе, еш кедергiсiз, есеп берместен жәннатқа кiредi» дедi. Сондай-ақ, «Шариғат талабы бойынша орындалған қажылық дүниеден және ондағы барлық нәрселерден артық. Оның сыйы тек қана жәннат» дейдi хадис-шарифте, Мүмкiншiлiгi бола тұра қажылыққа бармаған мұсылман үлкен күнә жасаған болып саналады. Қасиеттi Құранда:«Кiмде-кiм қарсы келсе, Алла күллi әлемнен беймұқтаж» («Әли Имран» сүресi, 97-аят) делiнген. Яғни Алла Тағала адамзаттың қажылығы түгiлi барша ғибадатына мүлдем мұқтаж емес, керiсiнше әлемдегi барлық нәрсе оған мұқтаж. Аятта «қарсы келсе» деген сөздiң арабшасында «кәфәрә» яғни «кәпiрлiк» сөзi қолданылуының өзi де көп мән-мағынаны айқындай түседi. Бұл аят бойынша жағдайы бола тұра қажылық жасамаған адамның әрекетi кәпiрлiкке теңелген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да: «Кiмде-кiм жағдайы бола тұра, қажылық етпей дүниеден өтсе, онда ол қаласа яһуди, қаласа христиан болып дүниеден өтсiн» деп, тектен-тек айтпаса керек-тi.»
Қажылықтың парыздығының дәлелдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Құран. «Ол жерге баруға шамасы жеткен барлық адамға Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етіп, қажылық жасау парыз» (Әли Имран, 3/97). «Қажылықты және умраны Аллаһ үшін тәмамдаңдар» («Бақара», 196-аят).
- 2. Сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Ислам діні бес негіздей тұрады: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Аллаһ тарапынан жіберілген шынайы елші екендігіне куәлік келтіру, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келсе қажылыққа бару» (Тирмизи, Имам, 3; Бухари, Иман, 1; Муслим, Иман, 21.) «Күмәнсіз, Аллаһ Тағала сендерге қажылықты парыз қылды, Қажылықты орындаңыздар» (Муслим, Хаж, 412).
- 3. Ижмаг. Ислам ғұламалары шамасы жеткен әркімге қажылық ғибадатының ғұмырында бір рет парыз екендігіне бір пікір білдірген. Қажы ғибадатының парыз болуы үшін қосылған шарттар белгілі бір адамда толықса, ол кісіге ертерек қажылық жасау парыз. Шамасы келе тұра қажылықты кешіктірген күнәһар болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қажылықты орындауға асығыңыздар Өйткені сендердің ешқайсыларың өлімнің қай уақытта келіп жететінін білмейсіңдер» (Әбу Дәуд, Мәнәсиқ, 5; Ибн Мәжа, Мәнасиқ, 1.), - дейді.
Қажылық ғибадатының парыздығының шарттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Белгілі бір адамға қажы ғибадатының парыз болуы үшін төмендегі шарттар орындалуы керек.
- 1. Мұсылман болу. Мұсылман еместерге Қажылық ғибадат парыз емес. Сондықтан Мұсылман емес бір адам қажы ғибадатын орындал болғаннан кейін Ислам дініне кірсе, шамасы жеткен жағдайда қайтадан баруы керек.
- 2. Ақыл-есі дұрыс және балиғат жасына жету. Балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге қажылық ғибадаты парыз емес. Бұл екеуі қажылық ғибадатын атқарса, сосын бала балиғат жасына жетсе, ауру адам жазылса, қажылық ғибадатын шамалары жеткен жағдайда қайта орындаулары парыз. Жас баланың балиғат жасына дейінгі жасаған қажылығы - нәпіл қажылық саналады.
- 1. Азат болу. Қажы ғибадат ұзақ уақыт атқарылып, ұзақ сапарлы талап ететіндіктен тұтқындарға, түрмедегілерге, құлдарға парыз емес. Өйткені тұтқындарда ондай мүмкіншілік жоқ.
- 2. Уақыт. Арафат тауында арнайы белгіленген тұру уақыты мен зиярат тауабы уақытта өмірі жетпеген адам үшін қажылық парыз емес.
- 3. Қажылық ғибадатын орындауға шамасынын жетуі.
- а) денсаулығы болуы. Денсаулығы нашар, алып жүретін адамы жоқ соқыр, ақсақ, сал сияқты ауруларға ұшырағандарға және көлікке өздігінен міне алмайтын қарт кісілерге қажы ғибадат парыз емес;
- ә) қажетті қаражаты болуы. Қажыға барыпкелу қаржысыз жолда, қажылықта жейтін азығына және әйел, бала-шағасының, жалпы қарауына міндетті адамдардың қажылықтан қайтып оралғанға дейінгі қаражатын көтере алатын адамға қажылық парыз;
- б) баратын жолдың сенімді болуы. Қажылыққа барудың парыз болуы үшін жол сенімді болуы керек. Баратын жолда соғыс немесе басқа да қатерлі жағдайлар туындаса, қажылыққа бару парыз емес.
Әйелдерге байланысты арнайы шарттар:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Қажылыққа баратын әйелмен бірге күйеуі немесе махрам (Исламда әйелдің үйленуі харам болған жақын туыстары) туыстарынан біреуі болуы керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадис шәріпінде бұйырған: «Әйел адам өзімен бірге махрамы болмаса, үш күннен артық сапар шеге алмайды». Бұл Ханафи мазһабында. Шафиғи мазһабында әйел адамның жанында сенімді бірнеше тақуа әйелдер болса, махрамсыз қажылық жасай алады.
- 2. Ғиддетті болмауы (Әйел адамның күйеуінен талақ болғаннан кейін немесе күйеуі қайтыс болғаннан кейін күтетін белгілі уақыт). Қажылыққа баратын әйел күйеуінен
талақ немесе күйеуінің қайтыс болуына байланысты шариғаттың белгілеген ғиддет мерзімінде болмауы керек. Өйткені Аллаһ Тағала мына аятта ғиддет мерзіміндегі әйелдердің үйден шығуларына тыйым салған: «Талақ қылған әйелдерінді үйден шығармаңдар, олар да шықпасын». Қажылықты басқа уақытта өтеуге болады. Ал ғиддет белгілі уақытқа арналған. Сал ауруына душар болған, денсаулығы нашар, қарт, мүгедек адам, жол көрсететін көмекшісі жоқ соқыр адамдар, жанында бірге баратын махрамы жоқ әйелдер, шетелге шығудан мемлекет тарапынан тыйылған, баратын жолында қатерге ұшырауы мүмкін адамдар қажылыққа өздерінің орнына басқа біреуді көздерінің тірісінде жіберуіне немесе өзі дүниеден қайтқаннан кейін өкіл ретінде барып-келулерін талап етулеріне болады.
Қажылыққа кедергі кейбір жағдайлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Әке-шеше. Әке-шеше баласының нәпіл қажылыққа немесе умраға баруына бөгет жасай алады. Өйткені Ислам дінінде әке-шешеге қызмет ету - жиһад. Бірақ парыз қажылыққа бөгет бола алмайды. Парыз қажылықта әке-шешеден рұқсат сұрау - сүннет.
- 2. Ихсар. Дұшпанның бөгет болуына немесе ауру сияқты себептерге байланысты Қажылық немесе умра жасау үшін ихрамға кірген адамның қажылықты немесе умраны аяқтамастан, ихрамнан шығуға мәжбүр болуы. Мұндай бөгеттерге мәжбүр боп қалған адамға «мұхсар» делінеді. Мұхсар аталмыш бөгеттердің ашылуы мүмкін болмаған жағдайда ихрамнан шығады. Шыққан жағдайда құрбан шалу міндет.
Қажылық ғибадатының дұрыс орындалу шарттары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Мұсылман болу. Қажылық ғибадатының парыздығының, әрі орындалуының дұрыстығының шарты.
- 2. Арнайы жерлер: Арафат және Қағба.
- 3. Арнайы уақыт. Зиярат тауабының уақыты - Құрбан айт тайынан бастап, өмірінің соңына дейін. Бірақ зиярат тауабын Құрбан аштың алғашқы үш күнінде орындау уәжіп болғандықтан, кімде-кім бұл уақыттан кешіктірсе, қажылықтың дұрыс болуы үшін құрбан шалуға міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты - арафа күні түс ауғаннан кейін Құрбан айт күні таң намазының уақыт кіргенге дейінгі уақыт.
- 4. Ихрам. Қажылық немесе умра, яки екеуін бірге жасау ниетімен, басқа уақытта халал болған кейбір істерді, қажылық немесе умра уақытында кісінің өзіне харам қылуы.
Қажылықтың парыздары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Ихрам
- 2. Арафатта тұру
- 3. Тауап ету
Қажылық түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Ифрад қажылық. Миқатта ихрамға кірер кезде тек қана қажылық ғибадатының атқарылуы ниет етілсе, бұл қажылық түрі «ифрад» қажылық делінеді. Ифрад қажылығында умрасыз тек қана қажылық ғибадаты жасалады. Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тас) тас лақтырып болғаннан кейін қаласа құрбан шалады. Өйткені ифрад қажысын орындағандарға құрбан шалу уәжіп емес. Сосын шашын алғызып немесе қысқартқызып ихрамнан шығады.
- 2. Тәматтуғ қажылық. Қажылық аттарында умра үшін ихрамға кіріп, умраны бітірген соң, сол жылғы Зилхижжа айының сегізінші күні немесе одан да бұрын қажылық үшін қайтадан ихрамға кіру арқылы жасалатын қажылық түрін - «тәматтуғ қажылық» дейді. Тәматтуғ қажылығында умра және қажылық үшін бөлек-бөлек ихрамға кірелі. Бұл қажылықтың тәматтуғ қажылығы болып саналуы үшін умра мен қажылықтың қажылық аттарында сол жылда жасалуы шарт. Тәматтуғ қажылығында умра мен қажылықты бірге орындағандықтан шүкір құрбанын шалу - уәжіп. Қазақстандық көбінесе «тәматтуғ қажылығын» орындайды.
- 3. Қиран қажылық. Миқатта қажылық пен умраны бірге ниет етіп, бір ихраммен істелетін қажылық - «қираң қажылық» делінеді. Умрасын тәмамдағаннан кейін ихрамнан шықпай қажылық амалдарында сол ихраммен аяқтайды. Қиран қажылы5sнда умра мен қажылықты бірге орындағаны үшін шүкір құрбанын шалу - уәжіп. Тәлбия - ихрамға кірер алдында айтылуы уәжіп болған және ихрамды болған уақытта кайталанып айтылатын сүннет дұға: «Ләббайк Аллаһумма ләббайк, ләббайка ләә шәрика ләкэ лэббайк, инналхамда уанни'мәтә ләкә уалмулка ләэ шәрика ләк» (Бухари, Хаж, 26; Муслим, Хаж, 147; Тирмизи, Хаж, 97). Қазақша мағынасы: «Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға келдім, сенің әміріңе бой ұсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, сенің әміріңді орындау - менің борышым. Күмәнсіз барлық мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет сенікі. Сенің еш серігің жоқ».
Ихрам (Қажылықтың бірінші парызы)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ихрам дегеніміз - қажылық, умра немесе екеуін бірге жасау ниетімен, басқа уақытта істеуіне рұқсат кейбір іс-әрекеттерді қажылық, умра уақытында өзіне харам қылу. Ихрамға қажылық түрлерінің қайсысын орындайтын болса, соны жүрегімен ниет етіп, тәлбия айту арқылы кіреді. Бірақ ниетті тілмен айту - мұстахап. Ихрамға кірудің шарттарының бірі ғана болып табылатын «рида» және «изар» деп аталатын екі бөліктен тұратын сүлгі немесе оған ұқсас тігісі жоқ мата халық арасында «ихрам» деп аталғанымен, Ихрам мағынасын толық қамтымайды. Орындайтын қажылық түрін ниет етпей, тәлбия дұғасын айтпай, тек қана үстерін ақ, тігіссіз мата оранумен ихрамға кірген болып саналмайды. Өйткені ниет пен «тәлбия» дұғасы ихрамның шарттарынан.
Ихрамның уәжіптері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Ихрамға белгіленген миқаттардың біреуінде кіру.
- 2. Ихрамда тыйылған нәрселерді жасамау. Қажыға немесе умраға баратын адамдардың ихрамға кірусіз өтуге болмайтын жерлерге «миқат» делінеді. Қасиетті Қағбаны қоршал тұрған мекендер «Харам», «Хил» және «Әфақ» деп үш аумаққа бөлінеді. Қажылық және умра ғибадатын орындауға келетін адамдар осы аумақтарға қарай ихрамға кірелі.
- 1. Харам аумағы. Жебірейіл періштенің көрсетуі арқылы Ибраһим (а.с.) тарапынан белгіленіп, кейіннен Пайғамбарымыз (с.а.у.) тарапынан қайтадан білдірілген, өсімдіктерінің жұлынуына және аңдарының, жалпы жан-жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке және оның айналасындағы қасиетті мүбәрак жерлер «Харам аумағы» делінеді. Меккеліктер қажылыққа Харам аумағының ішінде ихрамға кірелі. Ал, умра үшін Харам аумағының сыртындағы Хил аумағына ең жақын орналасқан Танимға барып ихрамға кіреді.
- 2. Хил аумағы. Харам аумағы мен Миқат жерлерінің ортасындағы мекен - Хил аумағы. Бұл аумақта тұратындар Харам аумағының сыртынан өздерінің тұрып жатқан жерлерінен ихрамға кірелі.
- 3. Әфақ аумағы. Харам және Хил аумақтарының сыртындағы аумақтар - Әфақ аумағы. Әфақ аумағынан Харам аумағына немесе Меккеге келетіндердің ихрамсыз өтулеріне болмайтын бес жерді Пайғамбарымыз (с.а.у.) миқат ретінде белгілеген.
Бұл бес миқат:
- 1. Медине жағымен баратындар үшін - «Зулхулайфә», Медине қаласына 10 км жақын. Қазір бұл жер - «Әбәр Али» деп аталады (қазақстандықтар көбінесе осы жерден ихрамға кірелі).
- 2. Мысыр және Сирия тарапынан баратындар үшін - «Жухфа», Меккеден 187 км ұзақ.
- 3. Нәжд және Кувейт тарапымен баратындар үшін - «Қарнул-Маназил», Меккеден 96 км ұзақ.
- 4. Йемен жағымен баратындар үшін - «Иаламлам», Меккеден 54 км ұзақ.
- 5. Ирак жағымен баратындар үшін - «Зәтул-ғирқ», Меккеден 94 км ұзақ.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадистерінде осы жерлерді миқат ретінде тағайындаған (Бухари, 1/206). Міне, сондықтан қажылыққа немесе умраға баратын адам бұл жерлердің қайсысынан етсе, сол жерден ихрамсыз өтуге болмайды. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ешкім миқаттан ихрамсыз өтпесін», - деп бұйырған. Бұл жерлерге жетпес бұрын ихрамға кіріп алуға да болады. Қажылыққа және умра үшін сырттан келгендер миқаттан ихрамсыз өтіп кеткен жағдайда, құрбан шалады немесе кері қайтып, миқатта ихрамға кіреді.
Ихрамға кірген адамға тыйылған нәрселер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. Ихрамға кірген адамның денесіне байланысты тыйымдар:
- шашын, сақалын, мұртын алу немесе қысқарту;
- қолтықтың астындағы және жалпы денедегі түктерді жұлу немесе қысқарту;
- тырнақ алу;
- шаш, сақал және мұртқа май жағу немесе бояу;
- әйелдердің боянулары (лак, далап, т.б.);
- денеге немесе ихрамға хош иіс себу және иіс сабын қолдану.
2. Киімге байланысты тыйымдар:
- тігілген киім кию. Тігілген киімдерді суықта иыққа жабуға немесе денеге жабуға болады. Бірақ жапқан уақытта қолын киіп, түймелерін түймелеуге болмайды.
- изар мен риданың (изар - белден төмен қарай, рида - белден жоғары қарай жабатын сүлгі немесе мата. Бұлардың түсі ақ және жаңа болғаны жөн) шеттерін сөгітіліп кетпеу үшін тігуге, жыртығын жамауға рұқсат. Ақша салу үшін тігілген арнайы қапшық, белдік сияқты нәрселерді, ыстықтай қорғану үшін тігілген қолшатырды қолдануға болады.
- басты немесе бетті жабу. Тақия кию, сәлде орау, т.б.
- қолғап, шұлық кию.
- киімге байланысты тыйымдар тек қана еркектер үшін. Әйелдер әдеттегідей киінеді.
3. Харам аумағына байланысты тыйымдар:
- Мекке қаласының және жан-жағындағы «Харам» деп аталатын аумақтан айдарын аулау, өсімдіктерін жұлу немесе шабу ихрамды адамдарға да, ихрамсыз адамдарға да харам.
4. Жалпы тыйымдар:
- Әйелімен жыныстық қатынас жасау, сүйісу, құшақтасу, жалпы нәпсіні қоздыратын барлық нәрселерді істеу.
- Дінде харам болған істерді жасау.
- Мұсылман бауырымен тартысу, ерегесіп, ұрысып, төбелесу, жаман сөз айту, біреуді ренжіту. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Қажылық белгілі (Шәууал,
Зилқағда, Зилхижжаның алғашқы он күні) айларда. Кімде-кім бұл айларда қажылыкты міндеттенсе (мыналарды білсіні) әйелімен жақындасуға, күнә істеуге және жанжалдасуға болмайды» (Бақара, 2/197).
- Аң аулау.
Ихрамдағыға рұқсат істер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Иіс сабын қолданбау шартымен жуыну.
- Көлеңкеле отыру немесе қолшатыр қолдану.
- Дененің түктерін түсірмеу шартымен қасыну.
- Сынған тырнақты түсіру.
- Тіс пастасымен тіс жуу және көзге сүрме жағу.
- Ихрам киімдерін жуу немесе ауыстыру.
- Жүзік, сырға, қол сағат қолдану.
- Әтір сататын дүкенде отыру.
- Гүлді немесе жемісті иіскеу.
- Басын және жүзін жайпау шартымен денесін көрпемен жабу.
- Зияны тиетін жәндіктерді өлтіру.
- Белдік тағу, иыққа сөмке асу.
Ихрамнын сүннет және мұстахаптары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Толық жуыну. Ихрамға кірмес бұрын денені толық жуу - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ихрамға кірмес бұрын толық жуынған.
- 2. Ихрамға кірмес бұрын тырнақ алу, шаш түзету, қолтықтың асты және ұятты жердің түктерін алу - мұстахап.
- 3. Ер адамдар, тігілген киімдерін шешіп, изар және рида деп аталатын екі таза матаға оранады. Изармен кіндіктен төмен қарай оранып, ридамен жоғарғы денесін орайлы. Бастарына еш нәрсе кимейді. Аяқтарына сүйретпе аяқ киім киелі. Ихрамға кірген әйел адам әдеттегі киімдерін шешпейді. Бастары жабық күйде, тек қана жүздері ашық болады.
- 4. Ихрамды болып жүрген уақытта парыз намаздардан кейін, топтасып жүрген басқа қажыларға кездескен уақытта, жоғары не төмен түсіп-шыққанда және сәресі уақыттарында, жалпы мүмкін болған әр жағдайда көтеріңкі дауыспен тәлбия айту - мұстахап. Әйел адам тәлбия айтқан уақытта даусың қатты шығармайды.
- 5. Тәлбия айтқаннан кейін көбірек салауат айтып, артынан дұға жасап, тілек тілеу.
- 6. Ихрамға кірместен (ихрамға кіру - ихрам киімдерін киюмен емес, қажылыққа немесе умраға, яки екеуіне бірдей ниет ету мен тәлбия айту арқылы болады) бұрын
денені әтірлеу - сүннет. Айша атамыз мына хадисті риуаят еткен: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) ихрамға кірерде мен оған ең жақсы әтірін жағатынмын» (Бухари, Хаж, 21; Муслим, Хаж, 1-3.). Бірақ, ихрамға кіріп қойғаннан кейін әтір жағуға болмайды.
7. Ихрам намазы. Денені толық жуғаннан кейін немесе дәрет алғаннан кейін, ихрамға кірместен бұрын, екі рәкат намаз оқылады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Зулхулайфада екі рәкат намаз оқып, сосын ихрамға кіргені риуаят етіледі. Бұл намаздың бірінші рәкатында - «Кафирун», екінші рәкатында - «Ықылас» сүресін оқу сүннет.
Арафатта тұру (Қажылықтың екінші парызы). Арафа күні түс ауғаннан кейін Құрбан айттың бірінші күні таң намаздың уакъітына дейін Арафат тауында бір мезет болса да тұру - қажылықтың негізгі парызының біреуі. Сондықтан кімде-кім Арафатта бір мезет болса да тұрмаса, қажылық ғибадатын орындамаған болады. Оны келесі жылы қайтадан орындау керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Қажылық дегеніміз - арафат, кімде-кім арафатта үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады», - деп Арафатта тұрусыз қажылық ғибадатының қабыл етілмейтінін ескерткен. Арафат тауының «Уранә» сайынан басқа барлық жерінде тұруға болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Арафаттың барлық жері уақфа орны», - дейді. Арафаттың «Жәбэлул-рахмә» деген жерінде тұру абзалырақ. Арафат тауында арафа күні күн батқанға дейін болу уәжіп. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай істеген. Сондықтан арафа күні күн батпай қайтқан адамдар жаза ретінде құрбан шалады. Арафатта тұрудың дұрыс болуы үшін ниет және дәретті болу, тіпті ояу болу шарт емес. Дәретсіз, жүніп, хайыз, нифас күйіндегі адамдар да Арафатта тұра алады. Айша анамыз, Пайғамбарымыздың бұйрығы бойынша, хайыз күйінде Арафатта уақфа (тұру) жасаған.
Арафа күні және Арафатта тұрудын сүннеттері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Арафа күні күн шыққаннан кейін Арафат жаққа қарай бет алу;
- Намира мешітінде түскі намаздан бұрын имамның екі хұтба оқуы;
- Аузы берік болмау (ораза тұтпау);
- Күн тал түстен ауғаннан кейін мүмкіндік болса, ғұсыл кұйыну;
- Арафатта тұруға бар ықыласпен дайын болу;
- Бесін және намаздыгер намаздарын бесін уақытында бірге қосып оқу. Намаздың осылай бесін уақытында біріктіріліп оқылуын «жамғу - тақдим» деп атайды;
- Бұл намаздардан кейін дереу уақфа жасау;
- Уақфа жасаған уақытта дәретті болу;
- Уақфаны «Жәбәлул-рахмә» деген төбенің қара тастарында жасау;
- Уақфа жасаған уақытта құбыла жаққа бет бұрып, түрегел тұру;
- Арафатта бар ықыласпен өзі үшін, әке-шешесі және жалпы мұсылман бауырлары үшін дұға жасау, тілек тілеу. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Дұғалардың ең
қайырлысы - Арафа күні жасалған дұға», - деп бұйырған;
- Күні бойы тәлбия, тәкбір, зікір, тәсбих, салауат айтып, күнәларына кешірім тілеу;
- Арафаттағы жолдарда уақфа жасамау;
- Күн батқаннан кейін Арафаттан баяу жүріспен түсу.
Бесін намазы мен намаздыгер намазын бір уақытта қосып оқудың жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арафа күні бесін азаны оқылғаннан кейін бесін намазының алғашқы төрт рәкат сүннеті оқылады, сосын қамат түсіріліп, бесін намазының парызы оқылады. Сосын қайтадан қамат түсіріліп, намаздыгер намазының парызы оқылады. Уақфа болғандықтан, бесін намазының соңғы сүннетін оқу - мәкрүһ. Әр екі намаздың парыздарынан кейін ташриқ тәкбірі айтылады. Осылайша бесін мен намаздыгер намаздары бір азан, екі қаматпен бесін уақытында қосылып оқылады.
Зиярат тауабы (қажылықтың үш парызының біреуі)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тауап - араб тілінде зиярат ету, бір нәрсені айналу сияқты мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - Қасиетті Қағбаны жеті рет ғибадат ниетімен айналу. Тауап Аллаһ Тағаланың аршының айналасында тауап ететін періштелер тәріздес, Аллаһ Тағалаға деген сүйіспеншілікпен, тағзыммен жасалатын ғибадат. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тауаптың намаз тәріздес ғибадат екенін білдіреді: «Байтуллаһтың айналасында тауап жасау - намаз оқу сияқты. Ерекшелігі - тауапта сөйлеуге болады, бірақ тауап жасап жүріп, кім сөйлесе, қайырлы сөз сөйлесін» (Тир- мизи, Хаж, 112). Қағбаның оңт. жағындағы бұрышында «Хажарул-Әсуәд» деп аталатын қасиетті қара тас бар. Тауап осы қара тастың қарсысынан басталады. Қағбаны жеті рет айналады. Әрбір айналымға «шаут» делінеді. Жеті рет айналғанда, бір тауап толық бітті деп саналады. Тауапта айналымдарды бірінен кейін бірін істеу шарт емес. Тауап толық бітпей жатып, ортасында дәрет алып, намаз оқып, қайтадан айналуды одан әрі жалғастыруға болады. Тауап жасап жатқан уақытта парыз намаздары үшін қамат түсірілсе, тауапты тоқтатыл, жамағатпен бірге намазға тұру керек. Қалған айналымдарды намаздан кейін жалғастырады.
Тауап түрлері (бес түрге бөлінеді):
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Кадум тауабы. Бұл - сырттан келетін адамдардың Меккеге келген уақытта Қағбаға сәлем ретінде жасайтын алғашқы тауап. Бұл тауапты жасау - сүннет.
- 2. Зиярат тауабы. Қажылардың Арафаттан қайтқаннан кейін жасайтын тауабын зиярат тауабы немесе «ифада» тауабы дейді. Бұл тауапты жасау - қажылықтың үш парызының бірі. Зиярат тауабындағы жеті айналымның төртеуі - парыз, үшеуі - уәжіп. Зиярат тауабын жасамаған адам қажылық жасаған болып саналмайды. Зиярат тауабының дұрыс орындалуының бірінші шарты: Арафатта уақфаның жасалған болуы. Екінші шарты: бұл тауаптың белгілі уақытта жасалуы. Бұл уақыт - Құрбан айттың бірінші күні таңның атуынан бастап, өмірінің соңына дейінгі уақыт. Бірақ Әбу Ханифаның пікіріне сүйенсек, бұл тауаптың Құрбан аштың 1, 2, 3-күндерінің біреуінде жасалуы - уәжіп. Осы күндерден кешіктірілсе, жаза ретінде құрбан шалу керек. Ал Әбу Юсуп пен Мұхаммед бойынша, бұл тауапты Құрбан аштың 1, 2, 3-күндері жасау уәжіп емес, сүннет. Сондықтан бұл тауап айт күндерінен кейін жасалған жағдайда ешқандай жаза керек емес. Бірақ зиярат тауабын Құрбан айттың алғашқы күні жасау абзал, әрі сауабы мол.
- 3. Уадағ (қоштасу) тауабы. Қажылықта Минада шайтанға тас лақтырғаннан кейін, Меккеге қайтқан кезде жасалатын тауап. «Садәр тауабы» деп те аталады. Қажылыққа сырттан келгендер үшін бұл тауапты жасау - уәжіп. Бұл тауапты жасау арқылы қажы амалдары тәмамдалады. Тауаптан кейін қажылар Қағбамен қоштасып, отандарына қайтады.
- 4. Нәпіл тауабы (Парыз және уәжіп болмаған тауап). Мекке мұсылмандарының әрдайым жасап тұратын тауабы. Сырттан келгендерге де жасауға болады. Нәпіл тауап жасау нәпіл намаз оқудан да абзал. Өйткені намазды әр жерде оқуға болады. Ал, тауап Қағбада ғана жасалады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тауаптың кереметтігін былай деп сүйіншілейді: «Кімде-кім Байтуллуһқа тауап жасаса, атасынан жаңа туылғандай, күнәларынан арылып, тазарады» (Тирмизи, Хаж, 41.).
- 5. Умра тауабы. Умраға барғанда жасалатын тауап. Бұл тауаптың алғашқы төрт айналымын -умраньщ парыздарынан, міндетті
түрде жасалуы керек. Жасалмаса, умрасы дұрыс емес. Қалған үш айналым орындалмаса, арнайы жаза өтеледі.
Тауаптың дұрыс орындалуының шарттары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Ниет. Ниет - істелетін амалдың жүректен бекітіліп белгіленуі. Ниетті тілмен айту - мұстахап. Ниетсіз жасалған тауап дұрыс емес. Ниетте жасалайын деп жатқан тауаптың түрін белгілеу шарт емес. Жалпы ғибадат ниетімен тауап жасауды ниет етсе жеткілікті. Умра тауабы үшін былай ниет етіледі: «Аллаһумма инни уриду тауафа байтикал-харам, уа иассирһу ли уа тақаббалһу минни сабата ашуатин тауафа 'умрати лилләһи Тағала а'зза уа жәлла». Қазақша мағынасы: «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін Қағбаны жеті рет айналу арқылы умра тауабын жасауды ниет еттім. Оны маған жеңілдет және менен қабыл ал». Қажылық тауабы үшін «тауафа 'умрати» деудің орнына «тауафал-хаж» делінеді. Ниетті арабша айту шарт емес.
- 2. Тауапты Харам Мешітінің ішінде жасау. Адам тығыз болмаса да Мәсжидул - Харамның ішінде Қағба мен өзінің арасында дуал болмау шартымен Қағбадан
алыстау жерде тауап жасауға болады. Бірақ Мәсжидул-Харам мешітінің сыртынан жасауға болмайды.
- 3. Жеті айналымның кем дегенде төртеуін жасау. Қалған үшеуін жасау уәжіп болғандықтан, жасалмай қалған жағдайда да, тауабы дұрыс деп есептеледі. Бірақ жасалмаған әр айналым үшін арнайы жазасы бар. Бұл парыз және уәжіп тауаптарға ғана байланысты. Ал сүннет және нәпіл тауаптарда қанша аз жасалса да, жаза керек емес.
Тауап уәжіптері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Тауап еткен уақытта әрқашан дәретті болу. Дәрет бұзылған жағдайда, тауап тоқтатылып, дәрет алынады. Сосын қалған айналымдар толықтырылып, тәмамдалады. Жүніп, хайыз және нифас күйінде тауап жасауға болмайды. Әйелдер хайыз күнінде Қағбаны тауап жасай алмайтындықтарынан, хайыз күндерін кешіктірулері үшін денсаулықтарына зияны тимейтін дәрі колдануларына болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде кейбір әйелдер «а'рәк» деп аталатын су ішу арқылы хайыз күндерін белгілі-бір уақыт кешіктіретін. Қазіргі заманда әйел адамдар денсаулыққа зияны тимейтін арнайы дәрілер арқылы қажылық уақытында хайыз күндерін кешіктірулеріне болады. Ал қажылықтың үш парызының біреуі саналатын зиярат тауабының уақыты әйелдердің хайыз күндеріне тура келіп қалған жағдайда, Меккеде хайыз күндерінің бітуін күтеді. Хайыз күндері біткеннен кейін міндетті түрде зиярат тауабын атқарулары керек. Зиярат тауабын кешіктіргеидері үшін жаза өтелмейді. Егер зиярат тауабын хайыз, нифас яки жүніп күйінде жасап қойған жағдайда, әлі Меккеде болса, қайтадан жасау керек. Қайтадан жасамаған жағдайда, жаза ретінде түйе немесе сиырды Харам аумағында шалады.
- 2. Әйелдер мен еркектердің шариғатта әурет деп саналатын мүтпелерінің жабық болуы. Негізінде әурет жердің жабық болуы әрқашан парыз. Тауапта уәжіптігінің себебі, ашық болған жағдайда белғілі-бір жаза мен тауапты қайтадан жасауды қажет еткені үшін. Парыз және уәжіп тауаптарында әурет деп саналатын кез келген мүшенің төрттен бірі ашылса, жаза ретінде құрбан шалу - уәжіп. Төрттен бірінен аз болса, құрбан шалу уәжіп емес. Нәпіл тауаптарда әурет мүшелерінің біреуінің төрттен бірі ашылса, жаза ретінде садақа беріледі. Әйелдің қолы, жүзі және аяқтарынан басқа барлық жерлері әурет жері саналады. Ал еркектің әурет жері - кіндігі мен тізесінің арасындағы тұс.
- 3. Тауапты Хажарул-Әсуәддің (қара тастың) қарсысынан бастау.
- 4. Тауап еткен уақытта Қағбаны сол жаққа алып, оң жақпен жүру.
- 5. Тауапты «Хатим» деген жердің сыртынан жасау. Өйткені Хатим деген жер Қағбаның бір бөлігі саналады. Хатимнің сыртынан жасалмаған айналымдар (шауттар) қайтадан жасалуы тиіс.
- 6. Алғашқы төрт айналымы парыз болған Ифада, Умра, Уадағ тауаптарын жеті айналыммен (шаутпен) тәмамдау - уәжіп.
- 7. Тауапты жаяу жасау. Ауруына немесе кәрілікке байланысты жүре алмайтындар арнайы зембілдер арқылы тауап еттіріледі.
- 8. Барлық тауап түрлерінен (парыз, уәжіп, нәпіл) кейін екі рәкат намаз оқу. Мәкрүһ уақыттардан тыс барлық уақыттарда екі рәкат намазды тауаптан кейін дереу оқу - абзал. Кейін оқыса да болады. Бір тауаптан (Қағбаны жеті рет айналу бір тауап) кейін, екінші тауапты екі рэкат намаз оқымастан жасау - мәкрүһ. Мүмкін жағдайда аталмыш екі рәкат намазды Ибраһим мақамында оқыған жөн. Мүмкін болмаған жағдайда, Мәсжидул-Харамның кез келген жерінде оқуға болады. Ибраһим мақамында ғана оқимын деп адамдарды жаншыл, таптауға қатаң тыйым салынады.
Тауап сүннеттері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тауаптың сүннеттерін орындау - сауап, бірақ орындалмаған жағдайда да, тауап дұрыс болып есептелінеді.
- 1. Денеде немесе киімде намазға бөгет жасайтын нәжістің болмауы.
- 2. Тауапқа бастаған уақытта және әр айналымның соңында Хажарул-Әсуәдді (қара тасты) сүю немесе сәлем беру Кейбір адамдар қара тас сүйілмей қалған
жағдайда немесе қолмен ұстамаған жағдайда, қажылық ғибадаты қабыл болмақалады деген қате түсінікпен адамдарды итермелеп, жаншып-таптап, ренжітіп, жанжалдасса да сүюге тырысады. Бұл іс-әрекеттер дінді дұрыс білмегендіктен. Қасиетті қара тасты сүю - сүннет, ал адамдардың мазасын алмау, ренжітпеу - парыз. Істелмей қалған жағдайда күнә болмайтын сүннет амалын істеу үшін парызды тастап, күнәға батуға болмайды. Өйткені сүннеттің сауабынан парызды істемеген уақыттағы күнә басым. Олай болса, адамдардың тығыз, көптігіне байланысты қасиетті қара тасқа бара алмағандар алыстан бұрылып, сәлем береді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) кейде қасиетті қара тастың қарсысына келіп, қолындағы таяғымен сәлем бергендігі риуаят етілген.
1. Зиярат тауабын жасаған уақытта дененің үстіңгі жанындағы «рида» деп аталатын жапқыштың бір ұшын оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң қолды иықпен бірге ашық тастау. Ихрамды бұлай орануды «изтиба» дейді. Әйелдер изтиба жасамайды.
2. Зиярат тауабының алғашқы үш айналымында иықтарды сілтіген бойда қысқа адымдармен жылдам-жылдам жүру. Бұлай жүру «рәмәл» делінеді.
3. Тауаптың айналымдарын бірінен кейін бірін істеу Дәрет алу үшін айналымды тоқтатуға болады.
4. Ер адамдардың мүмкіндіктеріне қарай Қағбаға жақын тауап жасаулары, ал, әйелдердің еркектерді арасына араласпайтындай жерден тауап жасаулары сүннет.
Қажылықтың уәжіптері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қажылық ғибадатында қажылықтық парыздары мен шарттарынан басқа уәжіп міндеттер бар. Қажылықта уәжіптерді шариғатта үзір саналатын себептерсіз таcтау - тахриман мәкрүһ, яғни харамға жақын мәкрүһ. Қ-тың парыздары орындалып, уәжіптері істелмеген жағдайда, Қажылық дұрыс деп есептелінеді. Бірақ шариғатта үзір саналатын себептерден тыс, басқа себептермен уәжіптер орындалмай қалса, қажылықтың дұрыс болуы үшін әрбір орындалмаған уәжіп үшін жаза ретінде құрбан шалу керек. Істелмей қалған уәжіп қайтадан жасалған жағдайда жаза өтелмейді. Мысалы, тауаптың парызы саналатын төрт айналымды жасағаннан кейін, уәжіп үш айналымды жасамаса, орындалмаған әр айналым үшін жаза беру керек. Бірақ тауапты қайтадан толық жасаған жағдайда жаза өтелмейді.
Ханафи мазһабында үзір саналатын себептер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауру, қарт болу, қатты әлсіз болу, талып қалу, әйелдердің хайыз болуы сияқты самауи (адамның қалауынсыз, еркінен тыс себептер) себептер. Мысалы, Арафатта уақфа жасап жатқанда талып, Құрбан айттан кейін оянған адамға, қажылықтың уәжіптерінен саналатын Муздәлифә уақфасын, шайтанға тас лақтырушы тәрк еткені үшін және шаш алғызуды немесе қыскартуды кешіктіргені үшін жаза өтеу қажет емес. Қажыляғы дұрыс атқарылды деп есептеледі. Бірақ себептер адамдардың қалауымен болса, мысалға, бір қылмыс істеп, түрмеле тұтылса, орындай алмаған уәжіптері үшін жаза өтеу керек.
Муздәлифәда уақфа жасау (Қажылықтың бірінші уәжібі)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Муздәлифә - Арафат пен Минаның ортасында орналасқан жердің аты. Қажылықта Арафа күнінің құрбан айтқа қараған түйін толық Муздэлифәда өткізу - сүннет, уақфа (бір мезет ғибадат ниетімен тұру) жасау - уәжіп. Муздәлифәның «мұхассар» деген жерінен басқа барлық жерінде уақфа жасауға болады.
Уақфаның дұрыс орындалуының шарттары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Қажылық жасау ниетімен ихрамды болу.
- 2. Арафат уақфасын жасаған болу.
- 3. Уақфаны Муздәлифә аумағында жасау. «Ма'шар-Харам» жақта жасау - сүннет.
- 4. Құрбан айт күні таңның атуынан бастап, күннің шығуына дейінгі уақытта жасау. Кімде-кім таң атпастан кетіп қалып, қайтып Муздәлифәға келмесе уақфасы дұрыс болмайды. Бұл - Ханафи мазһабында. Ал Шафиғи, Ханбали мазһабтарында уақфаның уақыты түннің екінші жартысынан басталады. Бұл мазһабтарда таңның атуымен уақфа уақыты шығып, таң атқаннан кейін жасалған уакфа дұрыс болмайды. Түнді Муздәлифә аумағында өткізіп, таң намазын ертерек оқып, намаздан кейін тәкбір, зікір айтып, дұға жасап, уақфаны жарық болғанға дейін жалғастырып, күн шықпастан Минаға қарай бет алу - сүннет.
Ақшам және Құптан намаздарын «жамғу-тахирмен» оқу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жамғу-тахир - бірінші намаздың уақыты шыққаннан кейін екінші намаздың уақытында екі намазды бірге қосып оқу. Арафа күні ақшам және құптан намаздарын құптан уақытында Муздәлифәда бірге, қосып оқу - уәжіп. Азан оқылып, қамат түсірілгеннен кейін ақшам намазының парызы оқылады. Сәлем берген соң, тәшриқ тәкбірі айтылады. Сосын азан шақырылмастан, қамат түсірілместен құптан намазының парызы оқылады. Сәлемнен кейін тәшриқ тәкбірі айтылады. Осылайша ақшам мен құптан намаздары бір азан, бір қаматпен құптан уақытында оқылады. Сосын құптанның соңғы сүннеті мен үтір уәжібі оқылады. Ақшам намазының парызын оқығаннан кейін сүннетін оқу - мәкрүһ.
Шайтанға тас лақтыру (Қажылықтың екінші уәжібі)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қажылардың Құрбан айт күндерінде Минала бір-біріне жақын арақашықта орналасқан тіктеулі тұрған үш шайтан тасқа кішкентай тас лақтырулары - қажылықтың уәжіптеріиің біреуі. Бұл тіктеулі тастар: Кішкентай шайтан (жәмра). Орта шайтан (жәмра) және Үлкен шайтан (Ақаба жәмрасы).
Шайтанға тас лақтырудың уақыты - Құрбан айттың төртінші күні.
Айттың алғашқы күні (Зилхижжаның 10-ы) тек қана Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Алғашқы тас лақтырылысымен қажылықтың басынан айтылып келе жатқан «тәлбия» дұғасы тоқталады. Бұдан кейін тәлбия айтылмайды. Айттың бірінші күні шайтанға тас лақтырудың уақыты - таң атысымен басталып, ертесі күні таң атқанға дейінгі мерзім. Айттың бірінші күні күн шықпастан шайтанға тас лақтыру - мәкрүһ, күн шыққаннан кейін түске дейін лақтыру - сүннет, түстен кейін күн батқанға дейін лақтыру - жәйіз (рұқсат етілген), күн батқаннан кейін себепсіз лақтыру - мәкрүһ. Адамдардың тыгыздығына байланысты күн батқаннан кейін лақтыру мәкрүһ саналмайды. Қараңғы болғандықтан лақтырылған тастар шайтан тасқа тимей, басқа адамдарға зиян келтіру қаупі болғандықтан күн батқаннан соң тас лақтыру мәкрүһ деп есептеледі. Бірақ қазір арнайы жарықтандыру жүйелері қолданылғандыктан, аталмыш себептердің алдын-алған және күндіз адам тығыз болғандықтан, күн батқаннан кейін тас лактырудың еш мәкрүһтігі жоқ.
Айттың екінші және үшінші күндері (Зилхижжаның 11 -і және 12-сі) - Әр үш шайтан тасқа (кішкентай, орта және үлкенге рет-ретімен) жеті-жетіден 21 тас лақтырылады. Бұл күндердегі тас лақтыру уақытты - түстен кейін басталып, ертесі күнгі таң атқанға дейінгі уақыт. Бұл екі күнде түске дейін тас лақтыруға болмайды.
Айттың төртінші күні - (Зилхижжаның 13-ші) үш шайтан тастың әрқайсысына жеті-жетіден 21 тас лақтыру абзал, бірақ лақтырмаса да болады. Лақтырылмаған жағдайда барлық лақтырылған тастың саны - 49. Ал лақтырылса, 70 болады. Лақтырмайтын жағдайда, Миналан таң атпай қайту керек, алайда төртінші күні де тас лақтыру уәжіп болып қалады. Минаның Мекке жақтағы шекарасы Ақаба жәмрасы (үлкен шайтан тас) болуда. Сол Ақаба жәмрасынан өту арқылы Миналан шықканға саналады. Ханафи мазһабындағы Имам Өбу Юсуп және Имам Мұхаммедтің пікіріне сүйенсек, айттың төртінші күні тас лақтырудың уақыты түстен кейін басталады. Түске дейін лақтыруға болмайды. Ал Әбу Ханифаның айтуынша, таңның атуымен басталып, күн батқанға дейінгі уақытта аяқталуы тиіс. Таң атқаннан күн шыққанға дейін - мәкрүһ, ал күн шыққаннан түске дейін лақтыру - жәиз, түс ауғаннан кейін күн батқанға дейін лақтыру - сүннет. Төртінші күні тас лақтыру уақыты күн батқаннан кейін бітеді. Лақтырылмай қалған әр күннің тасын сол күні күн батқанға дейін лақтыру - уәжіп. Лақтырылатын тастарды Муздәлифәдан немесе Мұхассир жолынан немесе нәжіс (лас) болмаған кез келген жерден жинауға болады. Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) бұйрығы бойынша, Ибну Аббас тастарды Муздәлифәдан жинаған.
Шайтанға тас лақтырудың дұрыс орындалу шарттары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Тастарды өз қолымен лақтыру. Тастарды құралмен атуға немесе лақтырмай қолдан-қолға беріп, шайтан тастардың үстіне қоюға болмайды.
- 2. Ханафи мазһабында лақтырылатын нәрселердің тас немесе қорғаған балшық сияқты топырақ түрінен болуы шарт. Шафиғи мазһабында тек қана тас лақтырылады.
- 3. Жеті тас бөлек-бөлек лақтырылуы тиіс. Барлығы бірге лақтырылса, бір тас болып есептеледі.
- 4. Тастарды тігілген шайтан тасқа тигізу не айналасындағы белгіленген орынға түсіру керек.
- 5. Тастар белгіленген орынға лақтыру арқылы жетуі тиіс. Мысалы, тас лақтырылған уақытта біреудің денесіне тиіп, сосын ол адам тасты ары қарай лақтырып жеткізуі дұрыс емес. Ондай жағдайда тасты қайтадан лақтыру керек. Тас жерге немесе бір нәрсеге соғылып барып белгіленген орынға тиіп немесе түссе, дұрыс деп есептеледі.
- 6. Тастарды арнайы белгіленген уақытта лақтыру керек.
- 7. Шамасы жеткен адам тасты өздері лақтырғаны абзал. Тұрып намаз оқи алмайтындай дәрежедегі аурулар орындарына басқа біреуді өкіл етіп, лақтыртуларына болады.
Шайтанға тас лақтырудағы сүннеттері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Тастарды 3 - 5 метр қашықтықтан лақтыру;
- 2. Жеті тасты бірінен кейін бірін лақтыру;
- 3. Аштың 2, 3, 4-ші күндері, бірінші - Кішкентай шайтан тасқа, екінші - Орта шайтан тасқа, үшінші - Үлкен шайтан тасқа жеті-жеті тастан лақтыру;
- 4. Әрбір тасты лақтырған сайын «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, рағман лиш-шайтани уахизбиһ» деп айту. Мағынасы: «Аллаһ Ұлы, шайтан және оған ергендер қаламаса да»;
- 5. Ласырылатын тастардың жүгеріден үлкен, жаңғақтан кішкене болғаны дұрыс;
- 6. Тастарды айттың алғашқы күні түске дейін, қалған күндері түстен кейін күн батқанға дейін лақтыру;
- 7. Кішкентай және Орта шайтан тастарға тас лақтырғаннан кейін бір ніетке тұрып, әке-шешесіне және діндес бауырларына дұға жасап, тілек тілеу;
- 8. Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тастарды Меккені оң жағына алып, Минаны сол жағына алып лақтырады. Қалған екі Орта және Кіші шайтан тасқа тастарды кез келген жақтан лақтыруға болады.
Шайтанға тас лақтырудың мәкрүһтері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Белгіленген орынға жетпей қалған тастарды алып қайтадан лақтыру.
- 2. Шайтан тастан басқалардың лақтырған тастарынан жинап алып лақтыру.
- 3. Нәжіс тиген тастарды лақтыру.
- 4. Бір тасты сындырыл, бірнеше тас жасап лақтыру.
- 5. Бір шайтан тасқа бір күнде жетіден артық тас лақтыру.
- 6. Шайтан тасқа аяқ киім, шүберек сияқты нәрселерді лақтыру.
Шайтанға тас лақтыруда өкілдік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ислам - жеңілдік діні, сондықтан түрегеп тұрып намаз оқи алмайтындай дәрежеде ауру, не кәрі кісілер өздерінің орнына басқа адамды өкіл жасап, лақтыртуларына болады. Өкіл адамдар бірінші өздері үшін лақтырып, содан кейін баласының орнына лақтырады. Бірақ, күндіз лақтыра алмағандар түнде лақтыра алатын болса, күндіз басқа біреуге лақтыртуға болмайды. Түнде өздері лақтырады. Уақытында лақтырылмаған тастардың тас лақтыру күндері қаза етіліп, лақтырылуы уәжіп. Тас лақтыру кұндері аштың төртінші күні күннің батуымен аяқталады. Төртінші күні күн батқаннан кейін лақтырылмаған тастар қаза етілмейді. Әбу Ханифаның айтуынша, лақтырылмаған тастар айттың төртінші күні күн батқанға дейін қаза етілсе де, жаза өтеу түспейді. Ал Имам Юсуп пен Имам Мұхаммедтің айтуларынша жаза түседі.
Сафа, Мәруа төбелерінін арасында жүгіру (Қажылықтың үшінші уәжібі)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сағи (араб тілінде) - шапшаң жүру, жүгіру деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы: Мәсжидул-Харам жақта орналасқан Сафа және Мәруа төбелерінің арасында Сафа төбешігінен бастап, Мәруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш рет қайтып келу. Сафадан Мәруаға бару - бір рет, Мәруадан Сафаға қайтып келу - тағы бір рет болып есептеледі. Сафа мен Мәруанның арасында сағи ету - қажылық уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 158-аятында: «Сафа және Мәруа Аллаһтың нышандарынан, кімде-кім қажылық немесе умра жасау ниетімен Қағбаны зиярат етсе, Сафа мен Мәруаны тауап етуінде күнә жоқ», - деп сағидің маңыздылығын білдірген. Қажылық үшін жасалған сағи - қадум яки зиярат тауаптарынан кейін орындалатыны сияқты, умра үшін жасалатын сағи, умра тауабынан кейін жасалады. Сағи әрқашан тауаптан кейін істеледі. Сағиді тауаптан кейін дереу жасау шарт болмағанмен, өте маңызды сүннет.
Сафа, Мәруа төбелері және зәмзәм суы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ибраһим (а.с.) Аллаһ Тағаланың бұйрығымен зайыбы Хажар анамыз бен емшектегі баласы Исмайлды қазіргі Зәмзәм құдығының орналасқан жеріне әкеліп, тастап кетті. Ол уақытта қазіргі Мекке қаласының орналасқан жерінде ішер судың жоқтығынан тірі жан мекендемейтін. Ибраһим (а.с.) зайыбы мен Ұлы Исмайлға қорек ретінде азғантай құрма мен су тастап, Аллаһ Тағалаға деген тәуекелін берік ұстап, ол жерден ұзақтат түсті. Қорек пен суға тапшы мына шөлде Хажар анамыз бен баласы Исмайлға өмір сүру күннен-күнге қиындай түсті. Бірақ өздерін сол жерге қалдырып кетуді жаратқан иелері Аллаһ Тағаланың өзі бұйырған болса, Хажар анамыздың бостан-бос қам жеп, уайымдауы орынсыз еді. Өйткені, әлсіз құрт, құмырсқа сияқты жәндіктерге ризық берген Аллаһ оларды жапан далаға тастап, ұмыт қалдыруы мүлдем мүмкін емес. Міне, сондықтан Хажар атамыз: «Аллаһ Тағала бізді қорғанда, мына сусыз шөл далаға бізді жалғыздан жалғыз, жәрдемсіз тастамайды» - деп, Ұлы Жаратушысына деген сенімін берік ұстап, Пайғамбарша тәуекел етті.
Уақыт жылжыған сайын Ибраһимнің (ах.) тастап кеткен азғантай суы таусылып, жас сәби Исмайл су сұрап жылай бастады. Ана байғұс сәбиінің шырылдауына шара таба алмай шарқ ұрып, зыр жүгіреді. Исмайлдың шырылдауына шыдап тұра алмаған ана өтіп бара жатқан тірі жанды кездестіріп қалармын деген үмітпен Сафа төбесіне шықты. Бірақ ешқандай тірі жанның карасы көрінбегеннен кейін Сафа мен Мәруа төбешіктерінің арасында алқынса да, «үмітсіз шайтан» дегендей ерсілі-қарсылы жүгіре бастайды. Мәруа төбешігіне жетінші рет шыққан кезінде құлағына беймәлім бір дауыс естіліп, қалт тоқтайды. Хажар атамыз: «Ей, дауыс несі Бізге даусыңды естірттің, егер бізге көмектесе алатындай күшін болса, көмектес», - деді. Хажар анамыздың осы мінәжаты бітісімен Зәмзәм бұлағының жанында періште Жебірейіл (ах.) көрінді. Жебірейіл (ах.) жерді қазын жатыр екен. Әне-міне дегенше су көрініп, аға бастады. Бұл құбылысқа қатты қуанып кеткен Хажар атамыз су ақпасын деген мағынада «зәм-зәм» дейді. Судың алдын бекітіл, кішігірім хауыз жасады. Ыдысына су алған сайын, орнына су қайнап шыға берді. Ыдысты суға толтырғаннан кейін мүбәрак судан қанып ішіп, Ұлы Исмайлды емізе бастады. Жебірейіл (ах.) Хажар анамызға былай деді: «Жоқ болып құрып кетеміз деп корықпаңдар. Міне, мына жер - Бәйтуллаһтың (Қағбаның) орны. Оны мына сәби мен әкесі салады. Аллаһ Тағала бұл үйді салатындарды зиянға ұшыратпайды». Міне, Зәмзәм суының шығу тарихы осылай. Қазіргі кездегі қажылардың Сафа мен Мәруа төбелерінің арасында жүгірулерінің хикметі - Хажар атамыз бен Ұлы Исмайлдың басынан өткен осы бір ғибратты оқиғаны сезіну және жандандыру. Зәмзәм суы - мүбәрак және киелі су. Пайғамбарымыз (с.а.у.) зәмзәм суының қасиеттері жайында: «Зәмзәм суын қандай мақсатпен ішетін болса, сол мақсатқа пайдалы» - деген. Яғни, ауруыма шипа болсын деп ішсе ауруына шипа, азық болсын деп ішсе, азық болады. Хажар анамыз бен ұлы Исмайл ұзақ уақыт басқа азық жеместен зәмзәм суымен қоректенген.
Сағидін дұрыс орындалу шарттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Сағидің қажылық немесе умра үшін ниет етіп, тәлбия айтып, ихрамға кіргеннен кейін жасалуы. Қажылық ғибадатын атқарушыға айттың алғашқы күнінен бұрын ихрамнан шығуына болмайды. Егер қажылық үшін жасалатын сағиді Арафатта тұрудан бұрын жасаса, ихраммен жасаған болады. Ал Арафаттан қайтқаннан кейін шайтанға тас лақтырып, құрбан шалғаннан соң жасаса, ихрамнан шығып та жасауына болады. Умра үшін істелетін сағиді ихрамнан шықпай тұрып жасау - уәжіп. Умра тауабын орындап, сағиді жасамастан шашын алып немесе қысқартқан жағдайда ихрамнан шыққан болады. Ихрамнан шығып қойғаннан кейін жасалған умра сағиі дұрыс деп есептелінеді. Бірақ умра сағиін ихрамнан шықпай тұрып жасау - уәжіп болғандықтан, жаза өтейді.
- 2. Қажылық үшін істелетін сағидің Қажылық аттарында жасалуы.
- 3. Дұрыс орындалған тауаптан кейін жасалуын Дұрыс орындалған тауап - жүніп, хайыз, нифас күйінде жасалмаған тауап.
- 4. Тауаптағы жеті айналымның кем дегенде төртеу інің орындалған болуы. Төрт айналымнан кейінгі жасалмай қалған әр айналым үшін жаза ретінде садақа беру керек.
- 5. Сағиді Сафа төбесінен бастау.
Сағи уәжіптері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Сағидің жаяу жасалуы. Ауру немесе кәрілікке байланысты сағи жасай алмайтындар арнайы арбамен жасауларына болады.
- 2. Сағидің жеті шаут жасалуы (Сафадан Мәруаға бару - бір шаут, Мәруадан Сафаға кері қайту - бір шаут)
Сағи сүннеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Басқа ғибадаттар сияқты сағидің де сүннеттері бар. Бұл сүннеттерді орындау - үлкен сауатты іс. Бірақ істелмей қалған жағдайда күнә болмайды.
- 1. Тауаптан кейін сағиді орындау. Яғни, тауап намазын оқығаннан кейін дереу сағиға бастау.
- 2. Сағиді дәретпен жасау.
- 3. Денесінде немесе үстінде намазға кедергі болатындай нәжіс болмау.
- 4. Сағиді бастамас бұрын қара тасқа сәлем беру.
- 5. Әр жүгірісте Сафа және Мәруаның Қағба көрінетіндей жеріне шығу.
- 6. Әр жүгірісте Сафа және Мәруада жүзді құбылаға бұрып, тәкбір, таһлил айтып, дұға жасау. Тәкбір дегеніміз: «Аллаһу акбар» деп айту, ал таһлил болса: «Лә иләһә иллаллоһу уахдаһу ла шәрика лэһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа а'ла куллишайин қаднр» - деу. Мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Ол - жалғыз, серігі жоқ. Барлық иелік оныкі және күллі мадақ оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді».
- 7. Ер кісілердің Сафа мен Мәруа жолында жасыл белгілер орналастырылған екі діңгектің арасында адымдарын жиі-жиі алып, тез-тез жүрулері керек. Мұны «һәруалә» дейді. Әйелдер һәруалә жасамайды.
- 8. Сағи жасау кезінде тэкбір, таһлил айтып, дұға жасау. Тауап жасағаннан кейін Сафа төбесіне барып, Хажарул-Әсуәдке (қара тас) сәлем бергеннен кейін қажылық болса, қажылық сағиі үшін умра болса, умра сағиі үшін ниет етеді. (Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін Сафа және Мәруа төбелерінде жеті рет қажылық (немесе умра) сағиін жасауды ниет еттім. Бұны маған жеңілдет және менен қабыл ал') Тәкбір, таһлилдермен қоса зікір айтып, дұға жасап Мәруа төбешігіне қарай жүреді. Сафадан Мәруаға төрт рет бару және Мәруадан Сафаға үш рет қайтумен сағиді аяқтайды. Ер кісілер Сафа мен Мәруа жолындағы жасыл белгілер орнатылған діңгектердің ортасында жиі-жиі қадамдармен жылдам-жылдам жүреді. Жасыл белгілерден өткеннен кейін ақырын жүреді. Әйел адамдар болса тез жүрмейді. Сағи қажылық үшін бір рет, умра үшін бір рет жасалады. Нәпіл сағи жасалмайды.
Шаш алу немесе қысқарту (қажылықтың төртінші уәжібі)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шашты ұстарамен түгелдей алу немесе қайшымен қысқарту - қажылық және умра уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Одан кейін (шаштарыңды, тырнақтарыңды алып) кірлерінді кетіріндер...» (Хаж, 22/29),-дейді. Әнас (Аллаһ одан разы болсын) былай деп риуаят жасады: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) жәмраға келіп, шайтанға тас лақтырған соң, Минадағы орнына барып, құрбан талды. Одан кейін ұстарашыға «шашымды ал» - деп, алдымен оң жағына, сосын сол жағына ишарат етті. Сосын оны адамдарға бере бастады» (Муслим, Хаж, 323/1305). Шашты түгелдей ұстарамен алғызу - қайшымен қысқартудан абзал. Әйелдердің шаштарын тақырлан алғызулары мәкрүһ. Шаштарынын ұшынан кішкене қысқартса, жеткілікті. Имам Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша, қажылық және умра үшін шашты Харам аумағында алғызу немесе қысқарту - уәжіп. Харам аумағынан басқа жерде алғызып немесе қысқартқан жағдайда жаза ретінде құрбан шалынады. Шаштың төрттен бірін тақырлатып алғызып немесе төртте бірінің ұшынан қысқартқан жағдайда бұл міндет атқарылған болып, ихрамнан шығады.
Шашты алғызу мен қысқартудың басқа қажылық амалдары арасындағы орындалу реті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пайғамбарымыз (с.а.у.) соңғы қажылығында Құрбан айтының алғашқы күні Муздәлифәдан Минаға келіп, Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тас лақтырған соң, кұрбанын шаяды, сосын шашын алғызды және зиярат тауабын жасады. Міне, сондықтан Имам Әбу Ханифа бойынша тәматтуғ немесе қиран Қ-ғын ниет еткендердің айттың алғашқы күні Үлкен шайтанға тас лақтырған соң құрбан шалып, сосын шаш алғызып немесе қысқартулары уәжіп. Яғни тәматтуғ және қираң қажылығында Үлкен шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алдыру, яки қысқарту амалдарын рет-ретімен орындау - уәжіп. Ал, ифрад Қажылығында Үлкен шайтанға тас лақтырғаннан кейін шаштарын алғызулары немесе қысқартулары - уәжіп. Бұларды рет-ретімен орындамаса, жаза өтеледі. Зиярат таубын осы міндеттерді орындағаннан кейін істеу - сүннет. Шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алғызудан бұрын немесе бұлардың араларында зиярат тауабын істеу сүннетке сай орындалмағаны мәкрүһ, бірақ жаза өтеу керек емес. Имам Юсуп және Имам Мұхаммед бойынша, қажылықта шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алу міндеттерін рет-ретімен орындау уәжіп емес, сүннет. Рет-ретімен орындалмаса да, жаза өтелмейді. Шашты алғызу немесе қысқарту арқылы ихрамнан шығады. Ихрамды уақытта харам етілген әтірлену, шаш, сақал бояу сияқты барлық нәрселер қайтадан халал болады. Бірақ әйелімен жақындасу - шашты алғызып немесе қысқартыл, зиярат тауабын жасағаннан кейін ғана халал.
Қоштасу (уадағ) тауабы (қажылықтың бесінші уәжібі)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қоштасу (уадағ) тауабы - қажылықтың соңғы амалы. Алыстан келген қажылардың отандарына қайтпас бұрын ихрамнан шыққан соң қоштасу тауабын жасаулары - уәжіп.
Қоштасу тауабының уәжіптігінің шарттары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1. Қажылықтың басқа міндеттерін атқарған болуы.
- 2. Қажының Әфақи (сырттан келуші) болуы. Миқат шекараларының ішінде Харам аумағында тұратындарға уәжіп емес.
- 3. Әйелдердің хайыз және нифас болмаулары. Хайыз және нифас күйінде Меккеден қайтқандар үшін қоштасу тауабы міндеттен түседі. Меккеден шықпас бұрын хайыз және нифастан тазаланса, қоштасу тауабын жасау міндеттіліктен түспейді. Умра ғибадатын орындаушыларға қоштасу тауабын жасау уәжіп емес.
Қоштасу тауабын дұрыс орындаудың шарты мен уақыты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Зиярат тауабын орындамай тұрып жасалған қоштасу тауабы дұрыс емес. Бұл тауапты миқаттан шыққанға дейінгі кез келген уақытта істей алады. Меккеден шығар кезде қоштасу тауабын жасау - абзал. Бірақ бұл шартты одан да бұрын жасауға болады. Егер бұрын жасалынса, Меккеден шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын жасаған соң Қағбаға барып, намаз оқып, нәпіл тауап жасауға болады. Бұндайда ең соңғы жасаған нәпіл тауабы - қоштасу тауабы ретінде есептелінеді.
Қажылық сүннеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қажылықтың парыздары, уәжіптері сияқты сүннеттері де бар. Сүннеттерді орындау - үлкен сауапты іс. Ал, себепсіз орындамау - мәкрүһ. Бірақ істелмеген жағдайда жаза талап етілмейді. Қажылық ғибадатының қалай атқарылатынын Пайғамбарымыз (с.а.у.) іс жүзінде көрсеткен және «Қажылық мәнасикіні (қажылықтың арнайы амалдары) менен үйреніңдер, менің істегенім сияқты істеңдер» (Муслим, 2/943), - деп бұйырған. Міне, сондықтан кәміл қажылық сүннеттердің де қалдырылмай толық орындалуы арқылы жүзеге аспақ. Қажылықтың сүннеттері «негізгі сүннеттер» және «тармақ сүннеттер» болып екіге бөлінеді. Тармақ сүннеттер қажылықтың парыздары мен уәжіптеріне байланысты болғандықтан, Қ-тың парыздары мен уәжіптерімен бірге қарастырылды.
Қадум тауабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қадум (араб тілінде) - бару, жету сияқты мағыналарды білдіреді. Қадум тауабы - Меккеге келген уақытта Қағбаға сәлем ретінде жасалатын алғашқы тауап. Миқат шекараларының сыртынан келетін ифрад және қиран Қ-тарын орындайтын қажылар үшін қадум тауабы - сүннет. Умра немесе тамматуғ қажылығын орындайтындар, микат шекарасының ішінде тұратындар, ифрад қажылығын орындаушысы бола тұра Меккеге келместен Арафат тауына шыққандар, хайыз, нифас сияқты жағдайларға байланысты бұл тауапты жасай алмай Арафатқа шыққан әйелдер қадум тауабын кейін жасамайды. Қадум тауабы Меккеге келген уақыттан бастап, Арафатта уақфа жасағанға дейінгі уақыт аралығында жасалады. Қадум тауабы зиярат тауабы сияқты орындалады.
Қажылық хұтпалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қажылықта үш жерде хұтпа оқылу - сүннет. Біріншісі, Арафа күнінен бір күн бұрын Харам-Шәріфте (Масжидул - Харам) бесін намазынан кейін; екіншісі, Арафа күні түстен кейін Нәмира мешітінде намаздыгер уақытында қосылып, бірге оқылатын бесін және намаздыгер намаздарынан бұрын; үшіншісі, аштың екінші күні бесін намазынан бұрын Минала Масжидул-Хайфада оқылады.
Арафаға қараған түнді Минада өткізу - Қажылардың Зилхижжаның 8-ші күні, күн шыққаннан кейін Минаға қарай бет алып, сол күнгі бесін, намаздыгер, ақшам, құптан және Арафа күнінің таң намазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафатқа баруы - сүннет.
Құрбан айтқа қараған түнді Муздәлнфәда өткізу - Арафа күні күн батқаннан кейін қажылардың Арафаттан Муздәлифәға барып түнеп, таң намазынан кейін жарық түсе Минаға қарай жүрулері сүннет.
Айт күндерінде Минала қалу - Айт күндерге , яғни Зилхижжаның 10,11,12-ші күндері Минада калып түнеу - Ханафи мазһабында - сүннет, қалған мазһабтарда- уәжіп.
Қажылық әдептері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қажылық ғибадатын адал еңбекпен тапқан қаржымен орындау. Харам ақшамен орындалған қажылықпен парыз мойнынан түссе де, бұндай қажылықтың сауабы болмайды.
- 1. Мойнында құл хаққы (адамдардың қарыздары, жалпы адамдарға байланысты хақтар) болса өтеу, иелерімен халалдасу (кешірім сұрап, риза қылу). Уақыты келмеген қарыздарды өтеу шарт емес.
- 2. Қажылыққа рухани дайындалу. Қажылыққа бармас бұрын істеген күнәлары үшін шын жүректен тәубе етіп, қаза болған намаз, оразалары болса, мүмкіншіліғіне қарай өтеу.
- 3. Қажылық ғибадатының қалай орындалатыны жайында білетіндерден толық сұрап, үйрену.
- 4. Қажылық ғибадатымен басқаларға мақтану, біреуге көрсету, паңдану сияқты сезімдер мен жаман пікірлерден сақтанып, әрқашан кішіпейіл, ықыласты болу.
- 5. Жақсы адамдармен қажылыққа бірге бару.
- 6. Жолға шығарда және үйге қайтар кезде екі рәкат намаз оқу.
- 7. Бос уақыттарды зікір, дұға, тәсбих, салауат айтып, Құран оқып өткізу.
Қажылық ғибадатының бастан-аяқ толық орындалу барысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. Ихрам. Қажылық амалдары ихрамға кіру арқылы басталады. Ихрамға кірмес бұрын тырнақтарын және қолтықтың, ұятты жердің түктерін алып, мүмкіншілік болса, ғұсыл (денені толық жуу) кұйынып, болмаса дәрет алады. Денеге байланысты осы аталмыш дайындықтарды атқарғаннан кейін ер кісілер әдеттегі киімдерін шешіп, рида (белден жоғары қарай жабылатын сүлгі яки мата) және изар (белден төмен қарай жабылатын сүлгі яки мата) деп аталатын екі бөлік матамен оранады. Бастарына еш нәрсе жабуға болмайды. Аяқтарына тәпішке киеді. Ал әйелдер әдеттегі киімдерін ауыстырмайды. Оларға тігілген киім, жабық аяқ киім, шұлық киюлеріне болады. Тек қана беттерін жаппайды. Ер кісілер де, әйел кісілер де мәкрүһ уақыт болмаса, екі рәкат «ихрам намазын» оқиды. Бұл намаздың бірінші рәкатында «Кафирун» сүресін, екінші рәкатында «Ықлас» сүресін оқиды. Одан кейін ниет етіп, тәлбия айтып, ихрамға кіреді.
Ифрад қажылығын орындайтындар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қажылық ғибадатын орындауға ниет еттім, қажылықты маған жеңілдет және оны менен қабыл ал» - деп, тек қана Қажылыққа ниет етіп, артынан «Ләббайк Аллаһумма ләббайк, ләббайка лә шәрикә ләкә ләббайк, инналхамда уанни'мәтә ләкә уалмулка лә шәрика ләк», - деп тәлбия айтады.
Тәматтуғ қажылығын орындайтындар - «Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра жасауды ниет еттім. Умраны маған жеңілдет және менен оны қабыл ал» - деп тек қана умраға ниет етіп, артынан тәлбия айтады.
Қираң қажылығын орындайтындар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра және қажылық ғибадатын орындауды ниет еттім. Қажылық пен умраны маған жеңілдет және оларды менен қабыл ал» - деп қажылық пен умраға бірге ниет етеді. Сосын тәлбия айтады. Ниет және тәлбия айту арқылы ихрамға кірелі. Ихрамға кіргеннен кейін ихрамда тыйылған барлық тыйымдар басталады. Қағбаға жеткенге дейін жол бойы тәлбия: «Ләббайк Аллаһумма ләббайк, ләббайка лә шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанниғмәтә ләкә уалмулка лә шәрика ләк» және тәкбір: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһә иллаллоһу уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уә лиллаһилхамд» және тәһлил: «Лә иләһә иллаллоһу уахдаһу лә шәрика ләк, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуа а'ла кулли шайин қадир» - дұғалары және Пайғамбарымызға салауат айтылады. Әсіресе, жоғары шыққан, төмен түскен уақытта, басқа қажылармен кездескен уақытта, намаздардың соңында жалпы әр мүмкіншілікті осындай қасиетті зікірлерді айтумен өткізу керек. Тәлбия қажылықта құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) тас лақтыруды бастаған уақытта, умрада Мәсжидул-Харамның есігіне жеткен уақытта тоқтатылады. Меккедегі тұратын үйіне немесе қонақ үйіне барғаннан кейін, мүмкіндік болса, ғұсыл болмаса дәрет алып, Мәсжидул-Харамға тәлбия айтып барады. Байтуллаһты (Қағбаны) көрісімен үш рет тәкбір және тәһлил айтып, дұға жасалады.
Тауап
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мәсжидул-Харамда тауап жасау тахйиатул-мәсжид (мешітке сәлем беру) намазы ретінде жүргендіктен, егер парыз намазы окылып жатпаса, дереу тауапты бастайды. Ифрад Қажылығында алғашқы жасалатын тауап - «қадум тауабы», ал тәматтуғ және қираң қажылығында болса - «умра тауабы». Ифрад қажылығын орындау үшін ихрамға кіргендер: «Аллаһым, сенің ризалығың үшін қадум тауабын жасауды ниет еттім. Қадум тауабын маған жеңілдет және оны менен қабыл ал», - деп ниет етіп, тауапқа бастайды. Арафаттан қайтқаннан кейін зиярат тауабының артынан жасалатын қажылық сағиін қадум тауабынан кейін де жасауға болады. Қадум тауабынан кейін Қажылық сағиі жасалмайды болса, тауапта изтиба және рәмәл жасалмайды. Тауап жасаған соң намаз оқи алатындай орын тапса. Ибраһим мақамында, ал, егер қатты тығыз болып, орын болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат тауап намазы оқылып, артынан тауап дұғасы жасалып, зәмзәм суы ішіледі. Сосын қаласа тәматтуғ және қираң қажылығын орындаушылар умра сағиін, ифрад қыжылығын орындаушылар қажылық сағиін жасауларына болады. Ифрад қажылығын орындайтындар қажылық сағиін жасау арқылы ихрамнан шықпайды. Ихрамды күйде қажылықтың қалған амалдарының орындалатын күндерін күтеді.
Тәматтуғ қажылығын орындайтындар миқатта тек қана умра үшін ниет еткендіктері үшін: «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім, умра тауабын маған жеңілдет және менен қабыл ал», - деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, екі рәкат тауап намазын оқығаннан кейін зәм-зәм суын ішеді. Сосын умраның сағиін жасау үшін Сафа төбесіне барып, умра сағиін жасап, шашын алғызып, яки қысқартып ихрамнан шығады. Қ-қа ниет етіп, қайтадан ихрамға кіретін зилхижжаның сегізінші күніне дейін Меккеде ихрамсыз күйде бола- ды. Зилхижжаның сегізінші күнінде: «Аллаһым, сенің ризалығың үшін қажылық ғибадатын орындауға ниет еттім. Қажылықты маған жеңілдет және оны менен қабыл ал», - деп ниет етіп, тәлбия айтып, қайтадан ихрамға кірелі. Нәпіл тауап жасап, артынан зиярат тауабынан кейін жасалатынқажылық сағиін жасауға болады. Нәпіл тауаптан кейін қажылық сағиі жасалған жағдайда зиярат тауабынан кейін екінші рет жасалмайды. Қиран қажылығын орындайтындар миқатта ихрамға кірер кезде умрамен бірге қажылық ғибадатын да орындауды ниет еткендіктері үшін: «Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім. Умраны маған жеңіл жаса және оны менен қабыл ал», - деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, артынан тауап намазын оқиды. Сосын зәмзәм суын ішіп, Сафа және Мәруа төбелеріне барып, умраның сағиін жасайды. Умра сағиін жасаған соң шаштарын алғызуға, қысқартуға болмайды. Ихрамнан шықпайды. Біраз уақыт дем алғаннан кейін қадум тауабын жасап, тауап намазын оқыған соң, қаласа, Қажылық сағиін жасауларына болады. Тамматтуғ және қиран қажылықтарында умра тауаптарынан кейін умраның сағиі орындалатындықтан тауапта изтиба және алғашқы үш айналымында «рәмәл» жасалады.
Қажылықтың ифрад, тәматтуғ, қиран түрлерінің қайсысын орындаса да, барлық қажылар зилхижжаның сегізінші күні Меккеден шығып, Минаға барып түнеп, ертесі Арафатқа барады немесе сегізінші күні тікелей Арафатқа тартады. Бұдан кейін барлық қажылардың орындайтын амалдарында еш өзгеріс жоқ.[1]
Қазақстаннан барған қажылар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ даласына сапар сегізінші ғасырдан бастау алады. Бұл Араб Халифатының қазақ даласына ықпал етуімен байланысты. Ислам дінінің қазақ жеріне енуіне 751 жылы Тараз қаласының маңында болған Атлах шайқасының мәні зор. Себебі бұл ұрыста араб әскері мен Қытайдың Тан династиясының қалың қолы кездесті. Қарлұқ пен Түркеш мемлекеттері араб әскерімен қосылып, қытай әскерін ойсырата жеңді. ХІХ - XX ғасырлардың бсында қажылық парыз өтеу қиындық соқтырды. Біріншіден, сапардың қымбатқа соғуы, екіншіден, ХІХ ғ. екінші жартысында патша әкімшілігінің ислам дініне деген саясатының өзгеруі және қазақ халқын орыстандыру, ассимиляциялау мақсатына қарай бет бұрғызды. Үшінші кедергі қажылыққа с апардың нақты ұйымдастырылмағандығы және алаяқтардың көбейіп кетуі. Бүгінде ХІХ ғасырда қажылыққа барғандардың санын нақты айту қиын.[2] Себебі мұрағатта мәліметтер жазылмаған, десекте те қажылыққа барғандардың саны жылдан-жылға өскендігі белгілі. Лыкошиннің "Меккедегі қажылық статистикасы" атты мақаласында: "Қажылыққа баратындардың саны тұрақсыз болып келеді, бірақ өткен жылы Шымкент уезі бойынша қажылыққа барған адамдардың саны күрт өзерді. 5-парызын өтеушілер саны көбейіп, бір уезден 188 адам қажылыққа аттанды."[3] ХІХ ғ. мен XX ғ. бірінші жартысында
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- ↑ "Қазақстан қажылық қоры" Журнал. 2011 жыл.
- ↑ Лыкошин "Меккедегі қажылық статистикасы"
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |