Британ монархиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығының Патшасы
ағылш. King of the United Kingdom

Ұлыбритания патшалық елтаңбасы
Лауазымды иеленуші
III Чарльз
8 қыркүйек 2022 жылдан бастап
Тақ мұрагері Уильям, Уэльс ханзадасы
Алғашқы Патшасы Анна (Ұлыбритания патшайымы)
V Георг (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшасы)
Лауазым пайда болды 1 мамыр 1707 жыл
Резиденция Букингем сарайы (Лондон)
Сайт http://www.royal.gov.uk/

Ұлыбритания монархиясы немесе Британ монархиясы (ағылш. the British monarchy) — Ұлыбритания, оның теңіз территорияларындағы және де тәждік жерлердің (мысалы Гернси, Джерси мен Мэн аралы) үкімет түрі, конституциялық монархия болып келеді. Билік мұра бойынша беріледі, және қазіргі замандағы Британ монархының билігі қатты шектелген, үкіметтің қызметін Премьер-Министр мен Парламент орындайды.

Мемлекет басқарудағы рөлі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Монарх парламенттің құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ іс жүзінде монарх заң шығару процесіне араласпайды, яғни оның вето қою құқығы жоқ. Сонымен қатар ол атқарушы билік ісіне де араласпайды. Мемлекетті министрлер кабинеті басқарады. Бұл жерде басты фигура Ұлыбрританияның премьер-министрі болып табылады. Ал теориялық жағынан мемлекетті «Оның әміріндегі мемлекет» деп атайды.

Үкіметті екі палаталы жүйе сәйкестендірілген парламент кейбір жерлерде басқарып отырады. Ұлыбритания мемлекетінің басшысы сайланбайды. Ол мұрагерлік арқылы беріледі. Бұл жерде мұрагерліктің кастильдік жүйесі қолданылады, яғни бұл жүйе бойынша билік Виндзор әулетіненде әкесінен үлкен баласына беріледі, егер ұлы болмаса үлкен қызына беріледі. Сонымен қатар монарх мұрагерді өзі сайлай алады. Кей кездері монарх билікті өз туысқанына да беріле беретін. Бұл XX ғасырда бір рет ғана болған.

Ұлыбританиядағы монарх ұлттардың бірлігінің символы болып табылады. Оны әлеуметтік қоғамның тұрақтылығының негізгі белгісі болып табылады. Ұлыбритания тарихында монархтық республикаға қарсы тарихи қозғалыстар мен көтерілістер болмаған.

Құқықтық жағынан британдық монарх көптеген артықшылықтарға ие. Оны корольдік прерогатива деп атайды. Оны қылмыстық, азаматтық, әкімшілік жазаға тартуға болмайды. Бірақ та тарихтан ағылшын төңкерісі кезіндегі Карл І жазаға ұшырап, өлтірілгені бәрімізге белгілі. Монарх политикалық тұрғыдан нейтралды болып табылады. Ол белгілі бір партия мүшесі бола алмайды, мемлекетті басқару кезінде белгілі бір саяси жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Монарх үшін оның министрлері жауап береді. Діни тұрғыдан монарх протестант болуы керек және католикпен бірге тұрмыста болмауы керек.

Бұл ерекше құқықтар орнықтырылған дәстүрлерде, конституциялық салтта белгіленген. Кей кезде бұл ережелер соттық предецедентте бекітіледі. Бұлар заң болып табылмайды және парламентке байланысты емес. Парламентпен қатынас кезінде бұл құқықтар үкімет басшысы, Премьер-Министрінің, бұйрығымен орындалады. Ол барлық заңдарды қадағалайды, және де абсолютты вето құқығына ие. Бірақ іс жүзінде Ұлыбритания премьер-министрі вето қою құқығын 1757 жылдан бастап қолданбады.

Монарх парламенттің жыл сайынғы сессиясының ашылуында трондық сөз сөйлеу сөйлейді. Трондық сөз лордтар палатысында оқылады. Бұл жерге өкілдер палатысының мүшелері шақыртылады. Өкілдер палатасының мүшелері бұл сөзді орындарынан тұрып тыңдаса лордтар палатасының өкілдері орындарында отырып тыңдайды. Трондық сөзден кейін ол әр палатада айтылып талқыланады. Бұл сөзден министрлер кабинетінің келе жатқан жылдың программасы құрастырылады. Бұл сөзді премьер-министр дайындайды. Монарх бұл тексттен бірде-бір сөзді өзгертуге қақысы жоқ. Тіпті бір сөздеріне арнайы интонация қоюына да болмайды. Монарх өкілдер палатасын таратып, сайлаудың жаңа мерзімін бекітеді. Бұны ол тек үкіметтің келісімімен соның ішінде премьер-министрдің қолдауымен атқарылады. Теория жүзінде монарх үкімет басшысын орнына тағайындайды делінген. Бірақ іс жүзінде үкімет басшысын өкілдер палатасында көпшілік дауысқа ие болған сайлана алады. Бұны сенім вотумы деп атайды. Бұған әрине жеңген партияның өкілі сайланады. Кей кездері жеңген партия бір адамды кандидат етіп бекіте алмағанда, монарх өз даусын береді. Бұндай оқиғалар 1957, 1963, 1974 жылдары болған. Үкімет монарх атынан актілер шығарады. Ол «кеңес» туралы бұйрық» деп аталады. Кейін бұны құпия кеңесте қарайды. Оның ішіне тек үкімет мүшелері ғана қатыспайды. Ал бұндағы болған жағдайларды премьер-министр монархқа баяндауға міндетті.

[[Сурет:EdwardII-Cassell.jpg|left|150px|thumb|Iı Эдвард

Монарх шығарған барлық актілер контрасигнацияға ұшырайды, яғни міндетті түрде актінің астына премьер- министрдің қолының қойылуын қажет етеді. Ол болмаса акті заңды болып танылмайды.

Монарх қарамағында Құпия кеңес болады. Бұл оның құрамында ешқандай құпиялық жоқ. Кеңес құрамына екі палатадан өкілдер, корольдің жанұясының мүшелері, епископтар, министрлер (олардың саны әр кезде әр қалай 300-400-ге дейін). Кеңес арнайы бір үлкен мейрамдарда, оқиға болған кезде жиналады. Бірақ көбіне кеңеске тек бірнеше адамдар жиналады.

Сыртқы саясаттағы рөлі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Монарх сыртқы саясатқа араласуға құқығы бар. Ол Британдық Достастықтың басшысы болып табылады. Ал кейбір елдерде ол тәуелсіздіктен кейін де монарх ретінде қала берген. Ол құқықтық тұрғыдан әскери күштің қолбасшысы болып табылады. Монарх жоғарғы әскери басшыларды сайлайды, оларға шен, атақ береді. Сонымен қатар монархтың өзі де шенге ие. Патшаның құзіретіне соғыс пен бейбітшілік туралы мәселелер, амнистия, ақтау деген мәселелер кіреді.

Монархтың өзіне қатысты жеке артықшылықтары бар. Корольдік регалилерге тақ, тәжі, мантия, держава, скипетр, лауазым және де монархқа «Сіздің әміріңізбен» деп сөйлеу міндетті болып келеді. Сонымен қатар корольдік сарай монарх артықшылығының бірі болып табылады. Сарай корольдің өзіне және оның жанұясына қызмет ететін қызметшілерден тұрады. Ал король туыстарының барлығының өздерінің белгілі бір титулдары бар (соның ішінде графтар, т.б.). Ал негізгі корольдің артықшылығы парламентпен бекітілетін цивильдік қағаз, яғни бұл корольдің жеке шығындары мен оның сарайын қамтамасыз ету үшін қажет.

Қазіргі кезде монархтың жеке шығындары үшін 8 млн фунт стерлинг немесе 5 млн АҚШ долларын құрайды. Монарх салық төлемеуге құқылы, бірақ қазіргі патша III Чарльздің ізбасары II Елизабет ондай артықшылықтан өз еркімен бас тартты. Монарх, тақ мұрагері және оның кейбір туыстары өздерінің жеке жылжымайтын мүліктеріне ие. Соған қоса тақтық меншік болып табылатын сарайлар мен жерлерге ие болады. Бұндай меншік оларға пайда әкелуі мүмкін, бірақ оның бұл тақтық меншікті олардың сатуға құқығы жоқ. Олар сонымен қатар бағалы қағаздардың иелері, жеке меншікке иелік етуге олардың құқықтары бар. Және жеке меншіктеріне өз қалауларынша әмірлік жүргізе алады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]