Букингем сарайы
Координаттар: 51°30′03″ с. е. 0°08′31″ б. б. / 51.50083° с. е. 0.14194° б. б. (G) (O) (Я)
Букингем сарайы (ағылш. Buckingham Palace) — британ монархтарының (бүгінде Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизаветаның) лондондық резиденциясы. Пэлл-Мэлл көшесі мен Грин-парктағы Виктория ханшайымының ескерткішіне қарама-қарсы орналасқан. Монарх сарайда болған кезде сарай күмбезіндегі байрақ ашылады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Букингем сарайы алғашқыда Бакингем-хаус деген атпен белгілі болып, герцог Букингем үшін арналып салынған болатын (1703 жылдан бастап). Сарайды 1762 жылы ІІІ Георг (Ұлыбритания королі) болашақ монархтың жеке резиденциясы ретінде сатып алды (королдің ресми резиденциясы Сент-Джеймс қамалы көлемі мен сыртқы әрленуі жағынан ІІІ Георгке ұнамаған еді). 75 жыл бойына архитекторлар Джон Нэш пен Алупкин қамалының авторы Эдвард Блор Бакингем-хаусты негізге ала отырып, осы типтес үш ғимарат салды. Олардың барлығы біріккенде үлкен орталық алаңы бар шаршы нысанды құрайды.
Сарай 1837 жылы Виктория ханшайымның таққа отырғанынан бастап британдық монархтардың негізгі резиденциясы болып ресми түрде жарияланды. Виктория ханшайымның кезінде қамалға қосымша флигель салынып, мәрмәр қақпалы салтанатты жол Гайд-парктегі Ораторлар мекені аталатын бұрышқа көшірілді. Сарай қақпаларының алдында Виктория ханшайымының құрметіне салынған ескерткіш орнатылған. 500 блок каррар мәрмәрі сияқты артықшылықтардың есесіне құрылыстың жалпы құны 700 000 фунтты құрады.
1853 жылы ұзындығы – 36 метр, ал ені – 18 метр болатын, сарайдың ең қымбат және кең бөлмесі — балл өтетін зал салынып бітті. Бұл бөлме Виктория ханшайымның қаулысы бойынша салынды және 1856 жылы Қырым соғысының аяқталуына орай пайдалануға берілді. Виктория ханшайымының ұлы және мұрагері VII Эдуард 1841 жылы осы сарайда туылып, 1910 жылы осы сарайда қайтыс болады. Сарай бөлмелерінің соншалықты қымбат әрі сән-салтанаты жарысып тұрса да, мұнда тұрған адамдар бақытты болмаған еді. Өзінің естеліктерінде герцог Виндзорский (VIII Эдуард) сарай туралы: «сарайдың үлкен залдары мен бітпейтін ұзын дәліздері көгерген иіс сіңіргендей сезілетін. Мен ол иісті әркез сарайға аяқ басқан сайын сезем» деп жазады. Сарай архитектурасы туралы ікірлер әртүрлі. Мысалы, «The Guardian» газеті сарайды әлемдегі ең ұсқынсыз ғимарат деп атаған [1].
Сарайдың ішкі көрінісі және ерекшелігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сарайдың алғашқы интерьері георгиандық стильде жасалып, жасанды мәрмәр мен көк және қызғылт лазуриттерден тұратын. VII Эдуард патша бұл стильді француздық Belle Époque мазмұнындағы ақшыл сары және алтын түстес бояуларға өзгертті. Сарайдағы шағын қонақ бөлмелер қытай стилінде жасалып, Брайтондағы патша үйі мен Карлтон-хаустан алынған жиһаздар қойылды. Қазіргі уақытта сарайда 775 бөлме Мұрағатталған 25 шілденің 2018 жылы. бар. Олардың 19-ы мемлекеттік бөлмелер, 52-сі патшалық және қонақ бөлмелері болса, 188-ы қызметкерлер бөлмесі, 92-сі кеңселер, 72 жуынатын бөлмелер. Сарай орналасқан жердің жалпы көлемі 20 гектар. Оның 17 гектарын бақ алып жатыр. Букингем сарайының бағы Лондондағы жекеменшік бақтардың ішіндегі ең үлкені. 1828 жылы осындағы үлкен жасанды тоған жасалып бітті. Сарайдағы қызыл кілем төсенінің ұзындығы 3000 миль[2].
Сарайда ханшайымның көркемсуреттері, Рембрандт, Руенстердің жұмыстары қойылған. Топтамада француздық севр фарфоры, француз және ағылшын жиһаздары бар. Мұнда бассейн, пошта, тіпті кинотеатр бар. Ханшайым Букингемді екі айға (тамыз және қыркүйек) қалдырып кетеді. Осы екі айда сарайдың салтанатты жерлері келушілер үшін ашық болады.
Туризм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сарайды гвардия жаяу әскерінің полкінен құралған сарай дивизионы мен Патша атты әскерінің гвардиялық полкі күзетеді. Әр күні 11:30-да сәуір мен тамыз аралығында (қалған айларда араға бір күн салып) қарауылдың ауысу рәсімі өтеді. Бұл мыңдаған туристтерді жинайтын Лондонның өте танымал рәсімі; Жазда сарайды көруге 30 000 қонақ келеді. Олар патша бағындағы көлді және сарқыраманы тамашалауға асығады. Жанды табиғаттың сәнін кіргізіп тұрған фламинголар бар. Оладың тынышын бақ айналасында ұшып жүретін тікұшақтар да бұза алмайды.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Buckingham Palace |
Ссылки
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Букингем сарайының ресми парақшасы. Мұрағатталған 27 қаңтардың 2009 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Which are the world's ugliest buildings?. // guardian.co.uk. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 тамыз 2013. Тексерілді, 28 шілде 2013.
- ↑ http://www.london-4ever.narod.ru/buckingham/buckingham_rus.htm Букингемский дворец
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |