Галапагос аралдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Галапагос аралдары
ис. Islas Galápagos, ис. Archipiélago de Colón
Сипаттамасы
Аралдар саны19
Ірі аралыИсабела
Жалпы ауданы8010 км²
Ең биік нүктесі1707 м
Тұрғындар (2010 жыл)25 124 адам
Халық тығыздығы3,137 адам/км²
Орналасуы
0°21′27″ о. е. 90°28′12″ б. б. / 0.3575° о. е. 90.47° б. б. / -0.3575; -90.47 (G) (O) (Я)Координаттар: 0°21′27″ о. е. 90°28′12″ б. б. / 0.3575° о. е. 90.47° б. б. / -0.3575; -90.47 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияТынық мұхит
Ел Эквадор
АймақГалапагос
Галапагос аралдары (Тынық мұхит)
Галапагос аралдары
Галапагос аралдары Ортаққорда

Галапагос аралдары (ис. Islas Galápagos; ис. galápago – суда мекендейтін тасбақалардың бір түрі) — Эквадордан 972 км батысқа қарай орналасқан, негізгі 13 жанартаулық аралдардан, 6 шағын аралдар, 107 жартас пен шайылып жатқан аймақтардан құралған Тынық мұхитындағы архипелаг. Бірінші арал 5-10 млн жыл бұрын тектоникалық белсенділік әсерінен түзілген болып саналады. Ең жас аралдар – Исабела және Фернандина – әлі де құрылу сатысы үстінде, ақырғы жанартаулық атқылау 2005 жылы байқалды.

Галапагос аралдары аймақ жағынан Эквадор мемлекетіне тиесілі. Архипелаг тұрғындарының саны 30 мың адам. Ауданы – 7880 км².

Аралдар бәрінен бұрын жергілікті фаунаның көптүрлілігімен және Чарльз Дарвинның түрлердің пайда болуы жайлы эволюциясының ойлап табылуына түрткі болған осы жердегі өткізген зерттеулерімен де әйгілі.

Атаудың шығу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аралдар өзінің атауын сол жерде мекендейтін алып теңіз тасбақалардың испанша көпше түрдегі «galápagos» — «су тасбақалары» деген сөзден алады.

Галапагос аралдарын ресми түрде 1535 жылдың наурыз айында Томас де Берланга есімді испан діни қызметкері ашады.

1832 жылы 12 ақпанда Эквадор Галапагос аралдарын өзіне қосып алады. 1835 жылы құрамында жас табиғаттанушы Чарльз Дарвин бар экспедиция аралдарды зерттеді. 1936 жылы олар Ұлттық Саябақ (бұған дейін аралдар түрме адамдарын қоныс аударатын орын болған), 1978 жылы – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы, ал 1985 жылы –бүкіләлемдік биосфераның қорығы болып жарияланды. 1953 жылы аралдарда Тур Хейердал инктер мұрасын іздестіру мақсатымен болған.

Аралдар экватор маңында орналасқан. Координаталары 1°40′ солтүстік ендіктен 1°36′ оңтүстік ендікке дейін, және 89°16′ -тан 92°01′ батыс бойлыққа дейін.

Аралда іс жүзінде табиғи ауыз сын жоқ деуге болады. Архипелаг өзінің флора мен фаунасы арқылы әйгілі. Архипелагты мекендейтіндердің көпшілігі – эндемиктер. Бұл көптеген туристерді қызықтырады. Дайвинг кеңінен танымал.

Вулф жанартауы – Галапагос аралдарының ең биік нүктесі (теңіз деңгейінен 1707 м биіктікте).

Ендігіне қарамастан суық ағыс әсерінен Галапагос аралдарындағы климат экватордың басқа аймақтарына қарамағанда анағұрлым суығырақ. Су температурасы кейде 20 °C төмендейді, ал орташа жылдық температура 23-24 °C құрайды.

Архипелагты қорғау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ең бірінші табиғатты қорғау туралы заңнама 1934 жылы қабылданып, 1936 жылы толықтырлғанымен, 1950-жылдардың соңына дейін жергілікті флора мен фаунаны бақылауға байланысты ешқандай жұмыстар жүргізілмеді. 1955 жылы ғана Халықаралық табиғатты қорғау архипелагты зерттеуге таныстық миссиясын жүргізді. Екі жыл өткеннен кейін, 1957 жылы ЮНЕСКО Эквадор үкіметінің көмегімен архипелагтағы табиғатты қорғау жағдайын білуге және зерттеу станциясының аймағын таңдау үшін басқа экспедиция ұйымдастырады.

1959 жылы (Чарльз Дарвинның «Түрлердің шығуы» атты еңбегінің алғашқы жарық көруінің жүз жылдығын тойлау барысында) Эквадор үкіметі жалпы ауданы аралдардың барлық құрлық ауданының 97,5%-ын алатын Ұлттық саябақ құратынын жариялады. Сол жылы бас пәтері Брюссельде орналасқан Чарльз Дарвин халықаралық қордың негізі қаланды. Қордың бастапқы мақсаттары Галапагос аралдарының экожүйесінің бірегейлігін сақтауға және табиғатты қорғауға бағытталған ғылыми зерттеулерді алға бастыру үшін кепіл болды. Сақтауға байланысты жұмыстар Санта-Крус аралында Чарльз Дарвин атындағы зерттеу станциясының құрылуынан басталды. Алғашқы жылдары станция жұмысшылары туыс емес, сырттан әкелінген өсімдіктер мен жануарларды аралдан шығару, сондай-ақ жергілікті түрлерді қорғау жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде ғалымдар аралда, негізінен, табиғатты қорғау мақсатында тек флора мен фаунаны зерттеумен айналысады. Ұлттық саябақ құрылғаннан кейін арал тұрғындары 1000-нан 2000-ға дейін көбейді. 1972 жылы халық санағы жүргізілді, осы санақ бойынша тұрғындар саны 3488-ге жетті. 1980 жылдарға қарай тұрғындар саны едәуір көбейіп, 15 000 адамға, ал 2006 жылы бағалауға сәйкес аралдарда 30 000-ға жуық адам тұрады. 1986 жылы ауданы 70 000 км² қоршаған су айдыны, көлемі бойынша әлемде тек Австралиялық Үлкен Тосқауыл рифіне орын беретін «теңіздік табиғатты қорғау зонасы» болып жарияланды. 1990 жылдан бастап архипелаг киттердің паналайтын орнына айналды. 1978 жылы ЮНЕСКО аралдарды Әлемдік мұра аймағы, ал 1985 жылы Биосфера қорығы ретінде жариялады.

Қорғаудағы жануарлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Галапагостық конолоф (Conolophus subcristatus)
  • Теңіз игуанасы (Amblyrhynchus cristatus)
  • Піл немесе Галапагос тасбақасы (Geochelone elephantopus)
  • Көгілдіраяқты олуша (Sula nebouxii)
  • Жасыл тасбақа (Chelonia mydas)
  • Голотурия (Holothuroidea)
  • «Дарвиннің құнақтары» атымен белгілі құнақ тұқымдасты құстардың 13 түрі (finch)
  • Ағаш құнағы (Camarhynchus pallidus)
  • Галапагос пингвині (Spheniscus mendiculus)
  • Галапагос бірқазаны (Phalacrocorax harrisi)
  • Галапагос ақсарысы (Buteo galapagoensis)
  • Галапагос теңіз арыстаны (Zalophus wollebaeki)

Экологиялық қауіптер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Архипелаг үшін ең басты қауіптердің бірі интродуцияланған (байқаусызда немесе сырттан әкелінген) өсімдіктер мен жануарлар жатады, мысалы, ешкі, мысық немесе ірі қара мал. Олар тез көбейіп, жергілікті мекендеушілердің тіршілік ету ортасын босатады. Табиғи жыртқыштар аралдарда аз болуына байланысты жергілікті түрлер сырттан әкелінген түрлерге қарағанда әлжуаз. Архипелаг үшін қауіпті өсімдіктер қатарына гуайява (Psidium guajava),авокадо (Persea americana), хина ағашы (Cinchona pubescens), пирамида тәрізді охрома (Ochroma pyramidale), қара бүлдірген (Rubus glaucus), әр түрлі цитрустылар (апельсин, грейпфрут,лимон), хош иісті сасық меңдуана (Datura arborea), майкене (Ricinus communis) піл шөбі (Pennisetum purpureum) жатады. Бұл өсімдіктер Сан-Кристобаль, Флореана, Исабела және Санта-Крус аралдарының ылғалды аймақтарында кеңінен тарап, туысқан түрлерді ығыстырып шығарды. Көп түрлер аралға пиратттар арқылы енгізіледі. Атақты саяхатшы Тур Хейердал Перудің вице-королі пираттардың жабайы ешкімен қоректенетінін білгеннен кейін, иттерді бос жіберуге бұйрық бергендігі жайлы құжаттардың бар екендігін көрсеткен. Флоренц Хосе Вильям жасаған сәтсіз отарлауынан кейін басқа аралдарды болашақта тез отарлау үшін аралға ешкі, есек, сиыр, және тағы басқа үй жануарларын таратуды бұйырған. Қазіргі кезге дейін архипелагты ешкі, доңыз, атжалман, тышқан, қой, есек, сиыр, үй құсы, құмырсқа, тарақан және кейбір паразиттер сияқты әр түрлі жатжерлік жануарлар мекендейді. Иттер мен мысықтар қорғансыз жабайы құстарға шабуылдайды, олардың ұясын бұзады, құрлықтың және теңіз тасбақаларын, игуаналарды аулайды. Доңыздар игуандар мен тасбақалардың ұяларын бұзып, табиғи өсімдік жамылғысын жәндіктер мен тамырларды іздеу барысында жойып, одан да көп зиян келтіреді. Доңыздар Сантьяго аралындағы игуаналардың жойылуына себеп болуы мүмкін, алайда игуаналар Дарвиннің кезінде сол жерде мекендеген.

Негізгі аралдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Балтра
  • Бартоломе
  • Вульф
  • Дарвин
  • Хеновеса
  • Исабела
  • Марчена
  • Пинта
  • Пинсон
  • Рабида
  • Сан-Кристобаль
  • Санта-Крус
  • Санта-Фе
  • Сантьяго
  • Пласа-Сур
  • Сеймур-Норте
  • Фернандина
  • Флореана
  • Эспаньола