Гален

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Гален
Туған күні

129 (0129)

Туған жері

Пергам, Рим империясы

Қайтыс болған күні

200 (0200)

Қайтыс болған жері

Рим, Рим империясы

Ғылыми аясы

медицина, анатомия

Гален (грекше Κλαύδιος Γαληνός, латынша Claudius Galenus; 129-200 ж.ж.) — Түп-тегі грек Ежелгі Рим дәрігері, хирургі мен пәлсапашысы[1][2]. Гален көптеген ғылым пәндерінің дамуына үлес қосты, оның ішінде: анатомия,[3] физиология, патология, фармакология[4] мен неврология, оған қоса пәлсапа[5] мен логика.

Гален жазба жұмыстарын қысқаша автобиографиялық ремаркалармен толықтыру әдетінен қазіргі заманға дейін оның өмірі мен тұрмысы жайлы құнды ақпарат сақталды. Кейбір ремаркалары тарихи анекдот немесе өзін-өзі мақтауға іспеттес, алайда оның көбісі құптау немесе сауық-сайран мақсатында мақсатында жазылған.[6] Элий Никон (Aelius Nicon) атты ауқатты грек сәулетшісінің ұлы. Жан-жақты сапалы білім алып, дәрігер мен пәлсапашы ретінде кәсіп жасауына ықпал етті. Көне Пергам (қазіргі Бергама) қаласында туылған. Жиі саяхаттап, медицина бойынша көп мағлұмат жинады. Римде тұрақтап, жергілікті ақсүйектерді емдеп бастап, уақыт өте бірқатар Рим императорларының жеке дәрігері атанды.

Гален маймылдың, үй жануарларының, аюдың, пілдің, арыстанның, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың дене құрылысын салыстырмалы зерттеп, жинақталған. Морфологиялық ғылыми мәліметтерді толықтырумен қатар, морфологияға халықаралық латын атауларын енгізуге атсалысты.

Гален өлекселерді зерттеп қоймай, итке, шошқаға, маймылға және сиырға тәжірибе жасау арқылы жүйке жүйесін зерттеп, 7 жұп ми, 30 жұп жұлын жүйкелерін және кейбір жүйке түйіндерін (ганглийлерін) анықтап, грек ғалымдары Герофил мен Эразистрат еңбектеріне толықтырылулар еңгізді. Ол жүрек пен қолқа қуысында ауа емес, қанның болатындығын, көптеген қан тамырларды дұрыс анықтап, жануарлар қаңқасын зерттеген. Бүлшықеттердің 300-дей түрін анықтаған. 'Гален ғылыми еңбектерінің негізінде "Адам дене бөліктерінің маңызы" атты классикалық кітабын жазып, медицинаның дамуына зор үлес қосты.[7]

Гален Гиппократтың патология түсініктемесіне зор үлес қосты. Жалпы Гиппократтың гуморальдық теориясына сәйкес, адам көңіл-күйіндегі өзгерістер денедегі 4 сұйықтық мөлшерінің теңгерімсіздігінен туындайды, бұлар: қан, сары өт, қара өт және шырын. Гален адам мінез-құлқы типтерімен келісіп, бұл теорияны қолдайды. Галеннің түсінігінше әр жеке адам темпераменті (қан – сангвинник, сары өт – холерик, қара өт – меланхолик, және шырын – флегматик) әр сұйықтық әртүрлі мөлшеріне тікелей байланысты болады. Осылайша сангвиниктер көпшіл, ашық болып келеді; холериктер белсенді, ынтық, үйірімпаз келеді; меланхоликтер мейірімді, зейінді, тапқыр мінезді; флегматиктер құштарлы, жанасқыш болатынына сенген.[8] Гален қатарлы көптеген теоретиктер аурудың осы сұйықтықтардың әртүрлі мөлшерінен басталады, және оны емдеудің ең дұрыс жолы – бұл қан ағызу, клизма қою және құсу деп қабылдаған. Алайда бүгінгі таңда қан ағызу іс-тәжірибеде қолданылмайды.

Гален адам анатомиясына әуестенгенімен, Б.З.Б. 150 жылы қабылданған Рим заңы бойынша адамның мәйіттерін бөлшектеуге тыйым салған.[9] Осы шектеуге орай Гален анатомиялық диссекцияны тірі (вивисекция) және өлі жануарларға жасады, әсіресе приматтарға басты назар аударылды.[10] Гален бұл жануарлардың анатомиялық құрылымы адам құрылымын мұқият қайталайды деп санағандықтан оның жұмысы өнімді болды. Гален трахеяның анатомиясын нақтылап, бірінші болып көмей дауыс тудыратынын көрсете дәлелдеді.[11][12] Гален бір тәжірибесінде өлген жануардың өкпесін үрлеу үшін ақыруды қолданған.[13][14] Галеннің анатомияға арналған жұмысы 16 ғасырға дейін еш шүбәсіз Еуропада теңдесі жоқ болып саналды. Алайды XVI ғасырдың ортасында анатом Андреа Весалий Галеннің анатомиялық біліміне адамның мәйіттеріне диссекция жүргізу арқылы сынға қойды. Бұл зерттеулер Галеннің анатомияға қатысты теориясының кейбір аспектілерін жоққа шығаруға мүмкіндік берді.

Галеннің физиология жөніндегі зерттеулерінде Платон мен Аристотель пәлсапашылардың бұрынғы еңбектері мен Гиппократтың ықпалы байқалады. Гален медициналық бақылауларын тәжірибе арқылы зерттеп бастағандардың бірі болды.[15] Осылайша бұл дененің әртүрлі бөліктері мен олардың қызметін зерттеуге мүмкіндік берді. Оның көптеген тұжырымдары дәлме-дәл болып шығып, қазіргі кезде медицина ғылымының қалыптасуына зор ықпал етті. Галеннің арқасында бүгінгі таңда медициналық білімнің көп бөлігі кең тарапқа қолжетімді.

Галеннің медицинадағы басты еңбектерінің бірі оның қанайналым жүйесі туралы жұмысы болып саналады. Ол бірінші болып қанның көктамыр және артерия қан түрлерін ажыратты. Оның жануар моделінде анатомиялық тәжірибелері қанайналым жүйесін, жүйке жүйесін, тыныс алу жүйесін және басқа құрылымдарды толық түсінуге жетелегенімен, оның жұмысында ғылыми қателіктер болды.[5] Гален біртұтас қанайналым жүйесін екі бөлек бір жолды тарату жүйесінен тұрады деп санады. Ол веноздық қан бауырда пайда болып, сол жерден ағзаның барлық мүшелеріне таратылады деп санаған. Сонымен қатар артериялық қан жүректен шығып, дененің барлық мүшелеріне таратылатынын және тұтынылатынын тұжырымдады. Солай қан бауырда, я жүректе қайта пайда болып тізбекті жалғастырады. Гален сонымен қатар күретамыр синусында ғажап тор (rete mirabile) деп атаған қан тамырлар тобы бар деп болжады.[8] Уақыт өте Галеннің қанайнылым теориясының екеуінің де (шамамен 1242 ж. шыққан Ибн әл-Нафистің еңбектерінен бастап) жарамсыздығы дәлелделді.[16]

Гален тыныс алу жүйесін, қан мен қанайналым жүйесін түсінуге зор үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар адамның омыртқасы туралы зерттеулердің бастаушысы болды. Жануарларға диссекция мен вивисекция жүргізу барысындағы негізгі бақылаулардың нәтижесінде адам омыртқасын, жұлынын, омыртқа бағанасын дәл сипаттады. Гален сонымен қатар соматикалық жүйке жүйесінің ашылуында үлкен рөл атқарды. Ол сонымен қатар жүйке жүйесі туралы зерттеулерінің ажырамас бөлігі болып табылатын омыртқадан шығатын нервтерді сипаттай алды.[17] Гален жұлын бірнеше түрлі деңгейде көлденең қимасында не болатынын зерттейген алғашқы дәрігер болды.[18] Ол жүйкелерлі толығымен немесе ішінара бөліп зерттеп, денеге қалай әсер ететінін көру үшін шошқаның нейроанатомиясын зерттеді. Тіпті жұлын мен нервтерге әсер ететін аурулармен айналысқан. Оның еңбегі дауасыз анатомиялық олқылықтарды көрсетсе де, Гален тәжірибелері болашақта омыртқа, жұлын, омыртқа бағанасы туралы зерттеулермен тікелей байланысты болады. Гален бірінші кезекте шошқа, бербер макактары, қойлар мен ешкілер сияқты төменгі сатыдағы жануарларда жұмыс істеді. Бұл жануарлар диссекциялар мен анатомиялық зерттеулер үшін пайдаланылды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Life, death, and entertainment in the Roman Empire». David Stone Potter, D. J. Mattingly (1999). University of Michigan Press. p.63. ISBN 0-472-08568-9
  2. "Galen on bloodletting: a study of the origins, development, and validity of his opinions, with a translation of the three works". Peter Brain, Galen (1986). Cambridge University Press. p.1. Script error: No such module "Catalog lookup link".Script error: No such module "check isxn".
  3. "Galen on the affected parts. Translation from the Greek text with explanatory notes". Med Hist 21 (2): 212. 1977. doi:10.1017/s0025727300037935. ISSN 0025-7273. PMC 1081972. 
  4. Debru Armelle Galen on Pharmacology: Philosophy, History, and Medicine : Proceedings of the Vth International Galen Colloquium, Lille, 16-18 March 1995 — BRILL. — ISBN 978-9004104037.
  5. a b Rocca Dr Julius Galen on the Brain: Anatomical Knowledge and Physiological Speculation in the Second Century AD — Brill. — Vol. 26. — P. 1–313. — ISBN 978-9004125124.
  6. Galen of Pergamon (155 – 215 CE). — P. 335. — ISBN 978–0–415–34020–5.
  7. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
  8. a b Mark Grant, 2000, Galen on Food and Diet, Routledge]
  9. 'Tragically, the prohibition of human dissection by Rome in 150 BC arrested this progress and few of their findings survived', Arthur Aufderheide, 'The Scientific Study of Mummies' (2003), page 5
  10. Arthur John Brock (translator), Introduction. Galen. On the Natural Faculties. Edinburgh 1916
  11. Claudii Galeni Pergameni Galen on anatomical procedures: De anatomicis administrationibus / translated by Charles Joseph Singer — London: Geoffrey Cumberlege, Oxford University Press/Wellcome Historical Medical Museum, 1956. — P. 195–207.
  12. Claudii Galeni Pergameni (October 1956). "Galen on Anatomical Procedures". Proceedings of the Royal Society of Medicine 49 (10): 833. doi:10.1177/003591575604901017. PMC 1889206. 
  13. Claudii Galeni Pergameni De usu partium corporis humani, libri VII, cap. IV // De usu partium corporis humani, libri VII / Nicolao Regio Calabro (Nicolaus Rheginus) — Paris: ex officina Simonis Colinaei, 1528. — P. 339.
  14. A. Barrington Baker (October 1971). "Artificial respiration, the history of an idea". Medical History 15 (4): 336–351. doi:10.1017/s0025727300016896. PMC 1034194. PMID 4944603. 
  15. BBC - History - Historic Figures: Galen (c.130 - c.210) (en-GB).
  16. Furley, D, and J. Wilkie, 1984, Galen On Respiration and the Arteries, Princeton University Press, and Bylebyl, J (ed), 1979, William Harvey and His Age, Baltimore: Johns Hopkins University Press
  17. Pasipoularides, Ares (2014). "Galen, father of systematic medicine. An essay on the evolution of modern medicine and cardiology". International Journal of Cardiology 172 (1): 47–58. doi:10.1016/j.ijcard.2013.12.166. PMID 24461486. 
  18. Galen: A Pioneer of Spine Research : Spine (en-US), LWW.