Геморрой
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Геморрой (кейде көтеу) — артқы шығу жолындағы варикоздық веналар, олар кішкентай түйіншек немесе ұсақ шар тәрізді болып білінеді. Олар кейде сыздап ауыртқанымен қауіпті емес Бұл веналар әйелдерде екіқабат кезінде пайда болады да кейіннен тарап кетеді.[1]
Емдеу жолдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Кейбір өсімдіктердің ащы шырыны сондай-ақ геморрой суппозиторлары геморройды сығып босатуға жақсы әсер етеді.
- Жылы судың ваннасыда геморройдан жазылуға септігін тигізеді.
- Геморрой іш қатудан болуы мүмкін. Сондықтан жеміс-жидектерді, сондай-ақ кассава, жарма түріндегі талшықты тағамдарды көбірек ішу керек.
- Геморрой тым үлкейіп кетсе, операция жасауға тура келеді. Мұндайда дәрігерге бару керек.
Егер геморройдан қан аға бастаса тығыз таза матамен қысыңыз. Егер қан тоқтамай қойса, дәрігерлік көмек сұраңыз. Ісінген вена ішіндегі ұйыған қанды алып тастау жолымен қанды тоқтатуға тырысыңыз.
ЕСКЕРТУ: Геморройды кесіп алып тастаймын деп әрекет жасамаңыз. Қанды мүлде тоқтата алмай, өлім қаупі төнуі мүмкін.[2]
Геморройдың алдын алу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Геморройға қарсы ең жақсы құрал — алдын алу. Ауруды әкелетін бейімдеуіш факторлар бар:
- Тұрақсыз дәретке шығу, іш қату немесе диарея үрдісі, дәретханада үлкен дәрет уақытында қатты күшенбеу немесе кітаппен ұзақ отырып қалмау;
- Ауыр физикалық жұмыс және, керісінше қозғалыстың жетіспеушілігі, бір орында ұзақ отыру;
- Жүктілік және туу;
- Алкогольды асыра пайдалану; [3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Вернер, Дэвид; Айымбетов М. және Бермаханов А. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық) — Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994. — ISBN 5-615-01453-9.
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы — Алматы: Қазақ Кеңестік энциклопедиясының Бас редакциясы, 1990. — ISBN 5-89800-008-9.
- ↑ Емде.kz — Медициналық портал (қаз.).