Ересек адам
Ересек адам — кәмелеттік жасқа жеткен, яғни физиология жағынан бұғанасы қатқан, ақыл-ойы, рухани-моральдік жағынан жетілген адам. Ересек адамныӊ ержетпеген адамнан айырмашылығы — керекті білім мен ептілігініӊ арқасында өмірлік жолындағы күрделі шешімдерді қабылдап, оларға толық жауапкершілігін көтере білу.
Жасөспірімдерге қарағанда ересек адамдардыӊ құқығы да көп, жауапкершілігі де көп болады. Ересек адамдар өз—өзін және балаларын асырап, керектімен қамтамасыз етуге тиісті. Жасөспірімге қарағанда жергілікті заӊдардыӊ ерекшеліктеріне байланысты құқықтарға еге болады, мысалы, саяси құқықтар (сайлауларға қатысып, өзі де сайлана алады), көлік айдау, алкогольдік ішімдіктерді ішу, темекі шегу, шет елдерге шығу, жыныстық қатынаста болу, неке құру сияқты.