Зигокактус
Зигокактус | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Зигокактус
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Malus domestica |
Өсімдік туралы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Зигокактус – кірпігүлдер тұқымдасына жататын суккулентті өсімдік. Отаны - Оңтүстік және Орталық Американың тропикалық ормандары. Құмды, шөлді жерлерде өсетін кірпігүлдерден айырмашылығы, бұл эпифитті (яғни жерде топырақта емес, ағаштың бұтақ, діңінде өсетін) ылғалдылықты ұнататын өсімдік. Жапырақтары етті, жалпақ, аратісті, буын-буын болып келген. Жапырағының соңғы буындарының ұшынан қызыл, күлгін түсті гүл жарады. Желтоқсан-қаңтар айында гүлдейтіндіктен «желтоқсан гүлі» деген атауы да бар. Гүл түйнегі қазан айының соңында пайда бола бастағаннан бастап, өсімдікті бір орыннан екінші орынға қозғап, мазалауға болмайды, әйтпесе түйнегін тастап жібереді. Сонымен қатар, молынан суғарып, су бүркіп, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіру қажет. Гүлдеп болғаннан кейін, өсімдік демалу кезеңіне ауысады сондықтан суғаруды біртіндеп азайтып, 12 °C салқындау жерге қою керек. Сәуір айында түбегін, топырағын ауыстырып, әрі қарай қазан айына дейін дағдылы күтім жасалады. Қазан, қараша айларында гүлдеуі үшін аздап ғана суғарып салқындау жерге қояды. Бұндай температуралық жағдайлар жасалмаса, өсімдік гүлдемей қояды.
Жарығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жарық, күн сәулесі мол түсетін жерге орналастыру қажет.
Жылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Демалу кезеңінде 12°C салқындық, басқа уақыттарда 17 °C- 20 °C жылулықта өседі.
Суғарылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Демалу кезеңінде азырақ суғарады.
Ылғалдылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құмды, шөлді жерлерде өсетін кірпігүлдерден айырмашылығы, бұл көлеңкелі тропикалық ормандарда өсетіндектен ылғалдылықты ұнататын өсімдік, сондықтан су бүркіп тұру қажет.
Қоректендірілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Айына бір рет кірпігүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріп отыру қажет.
Аурулары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көбінесе саңырауқұлақ ауруларына шалдығып ауырады. Ондай жағдайда фунгицид препаратын қолданыңыздар.
Көбейтілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалемше арқылы көбейтеді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8