Ион алмасу
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ион алмасу - екі электролит арасындағы иондардың алмасуы. Ол гомогенді және гетерогенді ортада да жүреді. Ион алмасу сорбенті ретінде минерал текті сорбенттермен (алюмосиликаттар, цирконийт т.б.) қатар органикалық сорбенттер де қолданылады.
Ион алмасу - эквивалентті қатынаста жүретін қайтымды процесс. Ол туралы үш түрлі көзқарас бар.
- Мембрандық тепе - теңдік, яғни мембрана арқылы иондардың бір түрі өтіп, басқасы бірінші ретінде қалады.
- Ион алмасудың осмотикалық теориясы осмос қысымының әсерімен сұйық фаза сорбент денесіне сіңіп, оны ісіндіру нәтижесінде ион алмасу жүретінін дәлелдейді.
- Гетерогенді алмасу реакциясы, мұнда реакцияға қатысқан заттардың валлентігі өзгермейді, еки заттың иондары алмасып, олардың орнына екі жаңа зат түзіледі.
Ион алмасу табиғатта жүретін процестердің көбіне белгілі. Мысалы топырақтың иондарды сіңіруі т.б. Ион алмасу техниканың түрлі саласында, суды жұмсартуда, тұзсыздандыруда, гидрометаллургияда т.б. қолданылады. Аналитикалық химияда ион алмасуға негізделген бірнеше анализдеу әдістері бар. Мысалы хромотография, полярография т.б.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974,5 том.