Көкектің ұясы (фильм)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Көкектің ұясы
ағылш. One Flew Over the Cuckoo’s Nest
Фильмнің постері
Жанры

драма

Режиссёрі

Милош Форман

Продюсері

Сол Зэнц
Майкл Дуглас

Сценарийдің авторы

Лоуренс Хабен
Бо Голдман
Кен Кизи (роман)

Басты рөлдерде

Джек Николсон
Луиза Флетчер
Брэд Дуриф

Операторы

Хаскелл Уэкслер

Композиторы

Джек Ницше

Кинокомпания

Fantasy Films

Дистрибьютор

United Artists

Ұзақтығы

133 мин.

Бюджеті

4,4 млн $[1]

Кассалық түсімі

112 млн $[2]

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

1975

IMDb

ID 0073486

Көкектің ұясы[3] (ағылш. One Flew Over the Cuckoo’s Nest, сөзбе-сөз — «Біреуі көкектің ұясынан ұшып өтті») — 1975 жылы Кен Кизи аттас психологиялық роман негізінде режиссер Милош Форман түсірген америкалық көркем фильм. Фильмде Джек Николсон психиатриялық аурухананың жаңа пациенті, ал Луиза Флетчер садист медбике рөлін сомдайды. Көмекші рөлдерде Уилл Сэмпсон, Дэнни Де Вито, Сидни Лэссик, Уильям Редфилд және Кристофер Ллойд пен Брэд Дурифтің кинодағы дебюттері.

Фильмнің премьерасы 1975 жылы 19 қарашада Чикаго кинофестивалінде өтті. Фильм ең беделді бес номинация («Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса» және «Үздік бейімделген сценарий») бойынша «Оскар» жүлдесін алған әлемдік кино тарихындағы екінші фильм болды, бұған дейін тек «Бір түні болған оқиға» (1934) ғана бұл жетістікке қол жеткізген болатын. Сол "үлкен бестікті" ол Алтын Глобуста да жеңіп алды (кино тарихында бірінші рет).

Психиатриялық ауруханадағы драма оқиғасын баяндайтын фильм толығымен дерлік Орегон штатының ауруханасының психиатрия бөлімінде түсірілген. Көрермендер фильмді өте жылы қабылдады. Фильм АҚШ прокатында 100 миллион доллардан астам табыс тапты. Сыншылар режиссура мен актерлік шеберлікті жоғары бағалап, фильмді 1970 жылдардағы америкалық кинематографияның «жаңа толқынының» маңызды оқиғаларының бірі ретінде мойындады.

1993 жылы «Көкектің ұясы» Конгресс кітапханасы мәдени, тарихи және эстетикалық құндылығы бар фильм ретінде Американың Ұлттық фильмдер тізіліміне енгізді.

Патологиялық қылмыскер және бүлікші Рэндл Патрик Макмерфи оның психикалық ауруы бар-жоғын анықтау үшін колониядан психиатриялық клиникаға ауыстырылады. Клиникада ол бөлімді суық қанды және қатал тәртіпке құмар бас медбике Милдред Ратчед басқаратынын анықтайды. Макмерфи абсурдтық ережелерге бағынбай, шын жүректен көңіл көтеруге ниетті. Оның бүлікшіл табиғаты басқа науқастарды жұқтырады, бірақ медбике Рэтчед оны тоқтатуға бел буады.

Актёр Рөлі
Джек Николсон Рэндл Патрик Макмёрфи Рэндл Патрик Макмёрфи
Луиза Флетчер Милдред Рэтчед медбике Милдред Рэтчед
Уильям Редфилд Дэйл Хардинг Дэйл Хардинг
Уилл Сэмпсон «Көсем» Бромден «Көсем» Бромден
Брэд Дуриф Билли Биббит Билли Биббит
Сидни Лэссик Чарли Чесвик Чарли Чесвик
Питер Брокко Маттерсон полковник Маттерсон
Дэнни Де Вито Мартини Мартини
Кристофер Ллойд Макс Тэйбер Макс Тэйбер
Дин Р. Брукс Джон Спиви дәрігер Джон Спиви
Уильям Дуэлл Джим Сифелт Джим Сифелт
Винсент Скьявелли Фредриксен Фредриксен
Делос В. Смит Скэнлон Скэнлон
Майкл Берриман Эллис Эллис
Нейтан Джордж Вашингтон санитар Вашингтон
Мими Саркисян Пилбоу медбике Пилбоу
Скэтмэн Крозерс Тёркл түнгі санитар Тёркл
Иосип Элик Банчини Банчини
Санат Номинант(тар) Нәтиже
«Оскар»
Үздік актер Джек Николсон Жеңіс
Үздік актриса Луиза Флетчер Жеңіс
Үздік режиссура Милош Форман Жеңіс
Үздік фильм Майкл Дуглас, Саул Зейнц Жеңіс
Үздік бейімделген сценарий Лоуренс Хобен, Бо Голдман Жеңіс
Үздік қолдаушы актер Брэд Дуриф Номинация
Үздік саундтрек Джек Ницше Номинация
Үздік монтаж Шелдон Канн, Линзи Кингман Номинация
Үздік операторлық жұмыс Хаскелл Уэкслер, Билл Батлер Номинация
BAFTA
Үздік актер Джек Николсон Жеңіс
Үздік актриса Луиза Флетчер Жеңіс
Үздік режиссура Милош Форман Жеңіс
Үздік фильм Милош Форман Жеңіс
Үздік монтаж Шелдон Канн, Линзи Кингман Жеңіс
Үздік көмекші актер Брэд Дуриф Жеңіс
Үздік бейімделген сценарий Лоуренс Хаубен, Бо Голдман Номинация
Үздік операторлық жұмыс Хаскелл Уэкслер, Билл Батлер Номинация
Үздік саундтрек Джек Ницше Номинация
Үздік дыбыс Номинация
Санат Номинант(тар) Нәтиже
«Алтын глобус»
Үздік актер Джек Николсон Жеңіс
Үздік актриса Луиза Флетчер Жеңіс
Үздік режиссура Милош Форман Жеңіс
Үздік фильм Милош Форман Жеңіс
Үздік бейімделген сценарий Хаубен, Голдман Жеңіс
Үздік актер дебюті Брэд Дуриф Жеңіс
«Бодиль»
Үздік еуропалық емес фильм Жеңіс
«Сезар»
Үздік шетелдік фильм Милош Форман Номинация
«Грэмми»
Фильм саундтрегіне негізделген үздік альбом Джек Ницше Номинация
АҚШ Ұлттық киносыншылар кеңесі
Үздік актер Джек Николсон Жеңіс
АҚШ Жазушылар гильдиясы
Үздік драмалық бейімделген сценарий Жеңіс
«Давид ди Донателло»
Шетелдік фильмнің үздік режиссері Милош Форман Жеңіс
Шетелдік фильмнің үздік актері Джек Николсон Жеңіс
«People's Choice Awards»
Үздік фильм Милош Форман Жеңіс

Кейінгі тану

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • AFI-ның 100 жылдағы 100 үздік американдық фильмі: № 20 (1998 тізімі), № 33 (2007 тізімі)
  • AFI-ның 100 қаһармандар мен зұлымдар (2003): медбике Ратчед кино зұлымдарының тізімінде 5-ші орынға ие болды
  • AFI-ның 100 жылдағы ең шабыттандыратын 100 американдық фильмі (2006): № 17
  • Ұлттық фильмдер тізілімі (1993)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]