Маргарита Тюдор
Маргарита Тюдор Margaret Tudor | |||
Маргарита Тюдор | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1503 жыл — 1513 жыл | |||
Ізашары | Маргарита Даттық | ||
Ізбасары | Мадлен Француздық | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 28 қараша 1489 Ричмонд сарайы, Лондон, Англия | ||
Қайтыс болуы | 24 қараша 1541 (51 жас) Метвен сарайы, Пертшир, Шотландия | ||
Династия | Тюдорлар | ||
Әкесі | Генрих VII | ||
Анасы | Елизавета Йорк | ||
Жұбайы | Яков IV | ||
Балалары | 1-некеден: Джеймс, Артур, Яков, Александр 2-некеден: Маргарита | ||
өңдеу |
Маргарита Тюдор (ағыл. Margaret Tudor, 28—30 қараша 1489 —24 қараша 1541), - Шотландия патшайымы, патша IV Яковтың әйелі.
Жас кезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маргарита ағылшын патшасы VII Генрих пен Елизаветаның ең үлкен қызы болған. Оның ағасы Артур жас кезінде қайтыс болды, ал інісінің маңдайына Англияның ең атақты монархы болу жазылған еді. Ағасы сияқты Маргарита жігерлі және ынталы мінезді және мықты денсаулықтың иесі болды. Алайда олардың қарым-қатынасы жақсы бола қойған жоқ. Сіңлісі Мариямен олар мүлдем алыс болған. Алдағы уақытта патша VII Генрихтің үш баласы арасында бір ғасырға созылған бір-біріне қарсы ағылшын тағы үшін күрес болмақ.
IV Яковпен некелесу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1502 жылғы ағылшын-шотланд келісімінің шарты бойынша Маргарита Шотландия патшасы IV Яковпен атастырылған болатын. 1503 жылы жазда ханшайым Шотландияға келіп жетеді. Сол жылы 8 тамызда IV Яков пен Маргаританың неке тойы өтті. «Түйетікен және раушан гүл» деп жас жұбайларды атаған еді сол заманның әйгілі ақыны Уильям Данбар. Неке тойына шотланд патшасы көптеген қаржы жұмсаса да, Маргарита шотланд сарайының ағылшын сарайымен салыстырғандағы қарапайымдылықпен келіспеді. Сондай-ақ жас патшайымның көңіліне жұбайы арасындағы жастық айырмашылық әсер етуі мүмкін еді. Себебі неке қиылған кезде Яков отызда, ал Маргарита тек он үште болған еді.
1509 жылы патша VІІ Генрихтің қазасынан кейін ағылшын тағына Маргаританың ағасы VІІІ Генрих тұрды. Ағылшын-шотланд қарым-қатынасы бұзылды. Бұл қарым-қатынасты сақтап қалу үшін Маргарита күйеуін бейбітшілік сақтауға көндіруге тырысты. Алайда 1513 жылы шотланд патшасы Англияға қарсы соғыс ашып, Флоддендегі шайқаста қаза табады.
Регент рөлі үшін күрес
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Күйеуінің қазасынан кейін Маргарита өзінің бір жасар ұлы V Яковтың тұсында Шотландияның регенті болып тағайындалады. Сонда да оның шығу тегі ағылшын болған соң, сондай-ақ 1514 жылы Арчибальд Дугласпен жасалған некесі патшайымға көптеген шотланд ақсүйектерін қарсы қойды. Ақыры 1515 жылы регенттің рөлі Джон Стюартқа беріліп, Маргарита уақытша елден кетуге мәжбүр болды. Джон Стюартпен татуласып, Шотландияға оралғанда ол өзінің меншігін қайта қол астына алды, бірақ ұлымен көрісу құқығынан айырылды.
Балалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]IV Яков, Шотландия патшасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Джеймс (1507—1508)
- Артур (1509—1510)
- Яков V (1512—1542), Шотландия патшасы
- Александр (1514—1515)
Арчибальд Дуглас, Ангус графы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Маргарита (1515—1578),
- Генри Стюарт, лорд Метвен
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Hester W. Chapman. The Thistle and the Rose: The Sisters of Henry VIII. — New York: Coward, McCann & Geoghegan, 1969. — 223 с.