Портал:Футбол
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Портал | Жоба | Талқылау | Қатысушылар |
Футбол порталы
Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады. Ойынға 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар өз қақпасын қарсылас команданың соққыларынан қорғайтын бір қақпашы, қорғаушылар, шабуылшыларға доп алып шығатын жартылай қорғаушылар және қарсылас команданың қақпасына доп салуға тырысатын шабуылшылар болып бөлінеді.
Таңдаулы сурет
Білгенге маржан
- Қазақстанның алғашқы футбол клубы 1913 жылы Семей қаласында пайда болған. 2013 жылы Қазақстан футболына 100 жыл толды.
- Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы ең алғашқы кездесуін оңтүстік-батыстағы көршіге қарсы жеңіспен аяқтаған.
- Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасы қатарында дебюттік ойынын Қазақстан құрамасына қарсы өткізген.
- Лионель Месси ФИФА жыл ойыншысы алтын марапаттамасынан бір жүлде, ФИФА Алтын добы алтын марапаттамасының алғаш үш жүлдесін жеңген. Месси төрт жүлде қатар алған әлемдегі ең бірінші футболшы[1].
Ағымдағы футбол жаңалықтары
- Францияда өтетін Футболдан Еуропа чемпионаты 2016 іріктеу кезеңі өткізіліп жатыр.
- Астана АПОЭЛ-ді екі ойын бойынша жеңіп, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін алғашқы қазақстандық клуб болды.
- Қазақстан УЕФА елдер чемпионаты рейтингінде тарихында ең жоғарғы 27-ші орынға көтерілді.
Мен қалай көмектесе аламын
- Мақалалардағы қателерді түзетіп, Уикипедияның жалпы сапасын көтеруге үлес қосыңыз.
- Мәтінде кездесетін қызыл сілтемелерді толтырып, мақалалар санын көбейтіңіз:
Таңдаулы мақала
Конфедерациялар кубогы 2013 — ФИФА қамқорлығы аясында өтетін ұлттық құрамалар арасындағы футбол турнирі, Конфедерациялар кубогының тоғызыншы ойыны. Кубок 2013 жылдың 15 мен 30 маусым аралығында Бразилияда өтті. Финалда Неймар мен Фрэдтің дубль голдары арқасында Испания құрамасының 3:0 шотымен тас-талқаның шығарып турнир ұйымдастырушысы Бразилия құрамасы кубокты жеңіп алды.
Жаңа мақалалар
Жаңадан басталған мақалаларды өңдеу арқылы порталдың дамуына көмектесіңіздер: