Лионель Месси

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лионель Месси Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Лионель Андрес Месси

Лақап аттары

Лео, GOAT

Туған күні

24 маусым 1987 (1987-06-24) (37 жас)

Туған жері

Росарио, Аргентина

Азаматтығы

 Аргентина

Бойы

170 см[1]

Салмағы

72 кг[1]

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Америка Құрама Штаттары Интер Майами

Номері

10

Жастар клубы
1992–1995 Аргентина Грандоли
1995–2000 Аргентина Ньюэллз Олд Бойз
2000–2003 Испания Барселона
Клуб карьерасы[* 1]
2003–2004 Испания Барселона C 10 (5)
2004–2005 Испания Барселона B 22 (6)
2003–2021 Испания Барселона 520 (474)
2021–2023 Франция Пари Сен-Жермен 58 (22)
2023– Америка Құрама Штаттары Интер Майами 16 (11)
Ұлттық құрамы[* 2]
2004–2005 Аргентина Аргентина U20 18 (14)
2008 Аргентина Аргентина U23 5 (2)
2005–  Аргентина 180 (106)
Марапаттары мен медальдары
Олимпиада ойындары
Алтын Бейжің 2008
Әлем чемпионаты
Күміс Бразилия 2014
Алтын Катар 2022
Финалиссима
Алтын Лондон 2022
Америка кубогы
Күміс Венесуэла 2007
Күміс Чили 2015
Күміс АҚШ 2016
Қола Бразилия 2019
Алтын Бразилия 2021
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Лионель Андрес Месси (ис. Lionel Andrés Messi; 24 маусым 1987, Росарио) — аргентиналық футболшы, "Интер Майами" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы.

2011 жылдан бері Аргентина құрамасының капитаны. Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубы тарихындағы ең үздік мерген. 2010, 2012, 2013, 2017, 2018, 2019 жылдары "Алтын бутсы" иегері атанды. 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021, 2023 жылдары "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды (рекорд). Бір рет әлем чемпионатының 2014, үш рет Америка кубогының (2007, 2015, 2016) күміс жүлдесін иеленді. 2019 жылғы Америка кубогында үшінші орын алып, 2021 жылы Америка Кубогын, әлем чемпионатының 2022 жеңіп алды.

Месси 1987 жылы 24 маусымда Росариода дүниеге келді. Сегіз жасында "Ньюэлз олд Бойз" клубының академиясына қабылданды. 1998 жылы "Барселона" скауттарының көзі түсті де, әкесімен сөйлескен акционерлердің бірі оны клубқа қабылдауға көндіреді, нәтижесінде Месси отбасымен Барселонаға көшіп келеді. Осылайша 13 жасынан бастап "Барселона" футболшысы атанды.

2003 жылы 17 қарашада тұңғыш рет "Жозе Алваладе" стадионының ашылу салтанатында "Портуға" қарсы жолдастық кездесуде ересек ойыншы ретінде алаңға шықты. Алғашқы ресми ойынын 2004 жылы 16 қазанда "Эспаньолға" қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Ал Чемпиондар лигасында тұңғыш рет 7 желтоқсанда Донецкінің "Шахтеріне" қарсы кездесуде ойнады.

2005 жылы 1 мамырда "Альбасетенің" қақпасына Ла Лигадағы тұңғыш голын енгізді. 2005 жылы 2 қарашада "Панатинаикостың" қақпасына Чемпиондар лигасындағы тұңғыш голын соқты.

2006/07 жылғы маусымда Мессидің таланты толығымен ашыла бастады. Эль Класикода хет-трик жасады, бұл кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды. 2007 жыл қорытындысында 20 жасар Месси "Алтын доп" үшін таласта Кака мен Криштиану Роналдудан соң үшінші орын алды. 2007/08 жылғы маусым "Барселона" үшін де, Месси үшін де ауыр соқты, клуб ешқандай жүлде ала алмады, Месси жиі жарақаттанумен болды. Маусым қорытындысында Франк Райкаард бапкерліктен кетті де, орнына Хосеп Гвардиола келді. 2008 жыл қорытындысында "Алтын доп" үшін таласта Криштиану Роналдудан соң екінші орында қалды.

Месси. 18 сәуір 2007 жылы

2008/09 жылғы маусым басында Роналдиньо клубтан кетті де, Месси 19 нөмірден 10 нөмірге ауысты. Бұл маусымда Месси 23 гол соқты, 12 нәтижелі пас иесі атанды. Маусымды клуб бұрын-соңды болмаған сәттілікпен аяқтады, УЕФА Чемпиондар лигасымен қоса Испания чемпионаты мен Испания кубогында топ жарды. Месси 9 голмен Чемпиондар лигасының үздік мергені атанды.

2010 жылы 1 желтоқсанда Месси "Алтын доп" иесі атанды, екінші орындағы "мәңгілік бәсекелесі" Роналдудан 240 ұпай озып кетті (Месси 473 ұпай жинады). Сондай-ақ 2010/11 жылғы маусымда клуб УЕФА суперкубогын, Испания суперкубогын, клубтар әлем чемпионатын жеңіп, бір жылдағы мүмкін болған алты жүлденің бәрін иеленді.

Месси 21 желтоқсанда "2009 жылғы әлемнің үздік футболшысы" номинациясын иеленді, "Бриллиант доп" иесі атанды, бұл тұрғыда Кака, Хави, Иньеста, Роналду секілді футболшыларды артта қалдырды.

2010 жылғы 10 қаңтарда "Севилья" қақпасына "Барселона" сапындағы 100-ші голын соқты. 6 сәуірде УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матчта "Арсеналдың" қақпасына төрт гол соғып, покер жасады, бірақ "Барселона" бұл жылы чемпиондар лигасында озып шыға алмады, есесіне Месси сегіз голмен турнирдің үздік мергені атанды.

2011 жылы 10 қаңтарда қатарынан екінші рет "Алтын допты" иеленіп, Мишель Платини, Марко ван Бастен, Кевин Киган және Роналдо секілді футболшылардың жетістігін қайталады.

Месси 2011 жылы

2010/11 жылғы маусым қорытындысында барлық турнирлердегі соққан голдарының санын 50-ге жетікізіп, Ференц Пушкаштың рекрдын жаңалады (Пушкаштікі 49 гол). Сондай-ақ қатарынан үшінші жыл УЕФА Чемпиондар лигасының үздік мергені атанды.

2012 жылы 9 қаңтарда қатарынан үшінші рет "Алтын допты" иеленді. Бұған дейін қатарынан үш рет алу тек Мишель Платинидің ғана қолынан келген. 2012 жылы 14 желтоқсанда тағы да төртінші рет қатарынан осы номинацияда озып шығып, теңдессіз рекорд жасады.

2013 жылы 16 ақпанда "Барселона" сапындағы голдар санын 300-ге жеткізді. 30 наурызда "Сельтаның" қақпасына гол соғып, Испания чемпионатында қатарынан 19 матчта гол соққан (11-29 турлар) тұңғыш футболшы атанды.

2014 жылы 23 наурызда "Реал Мадрид" қақпасына 21-ші голын соқты, бұл да "Эль Класикодағы" рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ Испания чемпионаттарындағы гол санын 236-ға жеткізіп, Ла лига тарихында бірінші орынға шықты. Оған қоса, "Сантьяго Бернабеуде" "Реал Мадрид" қақпасына хет-трик жасаған тұңғыш футболшы боп тарихқа енді.

2015 жылы 18 сәуірде "Валенсия" қақпасына "Барселона" сапындағы 400-ші голын енгізді. 6 мамырда еурокубоктердегі 100-ші ойынын өткізді, УЕФА чемпиондар лигасының жартылай финалындағы бұл ойында "Барселона" "Баварияны" 3:0 есебімен ұтты. Үш голдың екеуін Месси соқты. Финалда да "Барселона" 3:1 есебімен "Ювентусты" ұтты да, Месси Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас (27 жаста) үш дүркін жеңімпаз атанды.

2017 жылы 25 қарашада клубпен келісім шартын 2021 жылға дейін ұзартты. 2018 жылы клубтан Андрес Иньеста кеткен соң команда капитаны болып тағайындалды.

2019 жылы 9 қарашада Ла Лигадағы 34-ші хет-тригін соқты. 2019 жылы 2 желтоқсанда алтыншы рет "Алтын допты" иеленіп, Криштиану Роналдуды артқа тастады.

2021 жылы 1 шілдеде "Барселонамен" келісім шарт мерзімі аяқталып, еркін агент атанды.

Месси, Мбаппе, Неймар
Месси (ортада) Пари Сен-Жермен клубында Килиан Мбаппе (сол жағында) және Неймармен (оң жағында) бірге

2021 жылдың 5 тамызында клуб пен алдағы болашақ жайлы бір келісімге келе алмаған Месси "Барселона" клубынан біржола кетті.[2] Бұл туралы "Барселона" клубы ресми сайтында мәлімдеді.[3] 10 тамыз күні "Пари Сен-Жермен" клубымен келісім шарт жасасты.[4][5]

2023 жылдың шілдесінде АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысты. Келісімшарт мерзімі 2025 жылға дейін жасалды.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алған жарақатына қарамастан 2006 жылы Әлем чемпионатына баратын ұлттық команда құрамына енгізеді. Топтық турнирде Кот-д´Ивуарға қарсы кездесуде алаңға шықпады, келесіде Сербия мен Черногориямен өткен матчта ойын барысында алаңға шығып, бір гол соқты және бір нәтижелі пас шығарды.

2008 жылы Аргентина құрамасымен бірге Пекиндегі жазғы Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге ие болды.

2010 жылғы әлем чемпионатында Месси гол соға алмады, бірақ командаластары соққан голдардың бәрінде шабуылға белсене араласты. Бұл жолы Аргентина ширек финалдан аса алмады. Соған қарамастан, Месси чемпионатың үздік ойыншысы атанды. 2014 жылғы әлем чемпионатында Месси топтық кезеңнің өзінде-ақ төрт гол соқты. Бұл турнирде Аргентина жинақы ойнады, финалға жетті, бірақ үшінші чемпионат қатарынан Германиядан сүрінді.

2015, 2016 жылғы Америка кубогында Аргентина екі рет финалда ұтылды, чемпионаттан соң Месси құрамадағы карьерасын аяқтауға шешім қабылдады, бірақ ұзамай қайта оралды. 2018 жылғы әлем чемпионатында Месси топтық турнирде бір гол соқты, 1/8 финалда Францияға қарсы екі голдық пас бергенімен, құрама 3:4 есебімен жеңілді.

Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш жүлдесіне 2021 жылы қол жеткізіп, Оңтүстік Америка чемпионы атанды. Турнирдегі ең үздік ойыншы, бомбардир, ассистент жүлдесіне ие болды.

2022 жылғы әлем чемпионатында 7 ойында 7 гол соғып, өзінің мансабында алғашқы рет әлем чемпионы атанды. Әлем чемпионатында ең үздік ойыншы ретінде танылды және Мбаппеден (8 гол) кейінгі сұрмерген болды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Испания Барселона

Франция Пари Сен-Жермен

Америка Құрама Штаттары Интер Майами

 Аргентина

  • «ФИФА Алтын добы» иегері (8): 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021, 2023
  • ФИФА жыл ойыншысы: 2009
  • «The Best FIFA Men’s Player» марапатының иегері: 2019
  • Еуропадағы үздік ойыншы марапатының иегері (2): 2011, 2015
  • 2005 жылғы Әлем чемпионатында үздік шабуылшы (6 доп)
  • 2005 жылғы Әлем чемпионатында үздік ойыншы
  • Еуропадағы 21 жасқа дейінгі үздік ойыншы: 2005
  • Үздік Аргентина ойыншысы (12): 2005, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2015, 2016, 2017, 2019
  • FIFPro бойынша үздік жас ойыншы (комитет шешімі) (3): 2006, 2007, 2008
  • FIFPro бойынша үздік жас ойыншы (жанкүйерлер шешімі) (3): 2006, 2007, 2008
  • World soccer бойынша әлемдегі үздік жас ойыншы (3): 2006, 2007, 2008
  • Америка кубогындағы үздік жас ойыншы: 2007
  • Америка кубогындағы үздік гол авторы: 2007
  • Браво жүлдесінің иегері: 2007
  • «Дон Балон» премиясынын иегері (3): 2007, 2009, 2010
  • ЕФЕ жүлдесінің иегері (5): 2007, 2009, 2010, 2011, 2012
  • «France Football» бойынша Еуропаның үздік ойыншысы: 2015
  • «France Football» бойынша Еуропаның екінші ойыншысы: 2008
  • «France Football» бойынша Еуропаның үшінші ойыншысы: 2007
  • Испания чемпионатының екінші ойыншысы (Ди Стефано жүлдесі) (3): 2011/12, 2012/13, 2015/16
  • Испания чемпионатының үшінші ойыншысы (Ди Стефано жүлдесі): 2013/14
  • ФИФА бойынша әлемнің екінші ойыншысы (6): 2007, 2008, 2013, 2014, 2016, 2017
  • Еуропаның екінші ойыншысы (Onze d’Argent) (4): 2008, 2013, 2014, 2017
  • Еуропаның жыл ішінде екінші ойыншысы (2): 2012, 2013
  • Барлық уақыт бойынша Аргентина құрамасына кіреді
  • XXI УЕФА бойынша XXI ғасырдың құрамасына кіреді
  • ESM бойынша Еуропанын символикалық құрамына кіреді (8): 2005/06, 2007/08, 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2014/15
  • Испания чемпионатының символикалық құрамасына кіреді (8): 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10, 2010/2011, 2011/12, 2012/13, 2014/15
  • УЕФА Чемпиондар лигасының символикалық құрамасына кіреді (4): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18
  • ФИФА бойынша әлемнің символикалық құрамына кіреді (12): 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018
  • УЕФА бойынша Еуропаның символикалық құрамына кіреді (10): 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018
  • FIFPro бойынша Еуропаның символикалық құрамына кіреді (12): 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018
  • «L'Équipe» бойынша жылдық символикалық құрамына кіреді (8): 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2017, 2018
  • «France Football» бойынша жылдық символикалық құрамына кіреді: 2015
  • «Marca» бойынша жылдық символикалық құрамына кіреді: 2015
  • ФИФА бойынша Әлем Чемпионатының символикалық құрамына кіреді: 2014
  • Америка Кубогының символикалық құрамына кіреді (2): 2015, 2016
  • УЕФА бойынша символикалық құраманың капитаны: 2009
  • «Барселона»-ның 4000-шы голының иегері «Камп Ноу» («Эспаньол» қақпасына 25 қаңтар 2018 жыл)
  • «Барселона»-ның 5000-шы голының иегері («Расинг» қақпасына 1 ақпан 2009 жыл)
  • «Барселона»-ның 6000-шы голының иегері («Алавес» қақпасына 18 тамыз 2018 жыл)
  • «Барселона»-ның 9000-шы голының иегері («Альмерия»қақпасына 6 наурыз 2010 жыл)
  • «Барселона»-ның 10000-шы голының иегері («Спортинг» қақпасына 17 ақпан 2016 жыл)

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Месси біраз уақыт бойы Росариодан шыққан жас аргентиналық қыз Макарена Лемоспен кездесті. Месси мен Лемос Германияда өткен әлем чемпионатында кездесіп жүрді. Жас кезінде Месси аргентиналық модель Лусияна Саласармен жақын қарым-қатынаста болды. 2009 жылдың қаңтар айында «Хэт трик Барса» атты бағдарламада берген сұхбатында: «Менің кездесіп жүрген қызым бар, ол Аргентинада өмір сүреді, және мен онымен бақыттымын»,— деген еді. Бірақ Месси сол уақытта көпшіліктің көзіне Антонелла Рокуццо есімді қызымен Сиджестегі карнавалда көрінді. (Рокуццо — Мессидің туған жері Росариодан).

2012 жылы қарашаның 2-сі күні Месси мен Антонеллоның тұңғышы Тьяго дүниеге келді. 2015 жылдың 11-ші қыркүйегінде екінші ұлдары Матео дүние есігін ашты. 2018 жылдың наурыз айының 10-шы жұлдызында ұлдары Чиро дүниеге келді.

Мессиде үш елдің азаматтығы бар: Аргентина, Италия, және Испания елдері. [7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]