Хави

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хави Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Хавьер Эрнандес Креус

Туған күні

25 қаңтар 1980 (1980-01-25) (44 жас)

Туған жері

Террасса, Испания

Азаматтығы

Испания Испания

Бойы

170 см

Салмағы

68 кг

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Барселона

Қызметі

бас бапкер

Жастар клубы
1991—1997 Испания Барселона
Клуб карьерасы[* 1]
1997—2015 Испания Барселона 526 (67)
2015—2019 Қатар Әл-Садд 82 (21)
Ұлттық құрамы[* 2]
2000—2014 Испания Испания 113 (13)
Бапкерлік карьерасы
2019—2021 Қатар Әл-Садд
2021—2024 Испания Барселона
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Хавьер «Хави» Эрнандес Креус (кейде Чави болып айтылады) — испандық футболшы, футбол жаттықтырушысы. 1980 жылы 25 қаңтарда Испанияның Террасса қаласында дүниеге келген. Орталық алаңның қожайыны «таза каталондықты» жасыл майданда айырып алу оңай: допқа иелік етуде аса ұқыпты, жоғары техникалы әрі еңбекқор Хави қазіргі әлемдік футболда аса күшті ойыншылардың қатарында.

Клубтық карьерасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлық футболшылық кәсібін «Ноу Кампта» өткізген Хави «Барселона» құрамында 11 жасынан бастап өнер көрсетіп келеді. Каталондықтардың алғашқыда жастар, одан соң қосалқы құрам командасы бағытындағы жолдан тез өтіп, Хорхе Гонсальво басқаруындағы «Барселона Б» командасының негізгі ойыншылардың біріне айналды. Онда да жоғары сапалы футбол көрсетіп, тұңғыш рет 1998 жылы 19 тамызда бас команда құрамынан көрінеді. «Барселонаның» негізгі құрамындағы өзінің алғашқы маусымында «Мальоркаға» қарсы Испания Суперкубогы үшін кездесуде Хавьер Эрнандес тұңғыш мергендігімен танылды. Луи ван Гааль тұсында Хави орталық алаңның негізгі ойыншысы болды.

Бапкерлер ауысып тұрғанымен, Хави үнемі «Барселонаның» негізгі құрамынан орын алатын. Оның тұсында каталондықтар 5 бапкер ауыстырып үлгерді: Луи ван Гааль, Карлес Рексач, Радомир Антич, Франк Райкаард және Хосеп Гвардиола. Осыдан сәл уақыт алдында Хави «Барса» үшін өткізген ойындар саны бойынша Каталонияның аңызға айналған ойыншысы «Пеп» Гвардиоланың көрсеткішімен теңесті – 384 ойын. Бұл нәтижеге ол 9 жыл, 3 ай уақыт ішінде қол жеткізді. Қазіргі Еуропа Чемпиондары Кубогының иегерлері үшін өткізген ойындар саны бойынша Эрнандес тек 7 ойыншыны ғана алдына салады: Мигели, Рексач, Амор, Субисаррета, Сегарра Рифе, Алесанко мен Асенси.

2010 жылы 9 мауссымда "Барселонамен" келісім шартын тағы бес жылға ұзартты.

2011 жылы 10 желтоқсанда "Барселона" сапындағы 600-ші ойынын өткізді.

2015 жылы "Барселонадағы" карьерасын аяқтады. Соңғы кездесуін 6 маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында "Ювентуске" қарсы өткізді, Хавидің бұл еуротурнирлердегі 151-ші ойыны еді.

2015-19 жылдары Катардың "Әл-Садд" клубында ойнады. Карьерасын аяқтаған соң осы клубтың бас жаттықтырушысы боп тағайындалды.

Ұлттық құрамада

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Испания құрама командасында Хави Эрнандес алғашқы ойнын 2000 жылы 15 қарашада Голландия құрамасымен өткізеді. Сол кезден бастап жартылай қорғаушы құрамаға тұрақты түрде шақыртылып отырады. Испания бас командасымен оның қарым-қатынасы әр кезде де бір қалыпты болды десек, қателесеміз. Оның отансүйгіштігі жайында мадридтік қауымның күдікті кездері болған еді. «Маған осындай жала жабу үлкен қателік. Мен «Барса» ойыншысымын, мен каталондықпын және мен Испания құрамасының намысын қорғап келемін. Маған және Пуйольге, сендер құрама сапында бар күшін сала ойнамайсыңдар дейді, бірақ біз ондай пікірдің қате екендігін бір емес, бірнеше рет дәлелдедік деп санаймын», - дейді жартылай қорғаушы.

2006 жылғы Әлем чемпионаты қарсаңында Хавьер жарақат алғанына байланысты оған әлемдік форумға бармау қаупі төнді. Бірақ, жазға дейін жарақатынан айығып, Луис Арагонес ұлттық команда құрамына енгізеді. Турнир барысында командалас достарына дәл пастар бергендігімен испандықтар үшін өзінің маңыздылығын танытты. Украинамен өткен алғашқы кездесуде Эрнандес үздік ойыншы болып танылды. Алманияда ол командасының барлық ойындарына қатысып, өкінішке орай, сол турнирдегі «Қызыл Фурияның» жолын 1/8 финалда Зинедин Зидан бастаған Франция бөгейді. Ал, екі жылдан соң Еуро-2008 финалдық турнирінде Испания өзіне лайықты қарсылас кездестірместен, Еуропа чемпионы атанады. Ал, Хавидің Аустрия мен Швейцарияда өткен доданың үздік футболышысы болып танылғаны бәрімізге мәлім. Ал, 2010 жылы Оңтүстік Африкада бәрінен оза шығып, әлем чемпионы атанған Испанияның Хави бастаған орталық шебі, шынымен, керемет өнер көрсетті.

2012 жылы Хави Еуропа чемпионы атанды. 2014 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен соң құрамадағы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Барселона»

  • Испания чемпионы (8): 1998/99, 2004/05, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2012/13, 2014/15
  • Испания кубогы (3): 2008/09, 2011/12, 2014/15
  • Испания суперкубогы (6): 2005, 2006, 2009, 2010, 2011, 2013
  • Чемпиондар Лигасы (4): 2005/06, 2008/09, 2010/11, 2014/15
  • УЕФА суперкубогы (2): 2009, 2011
  • Клубтар әлем чемпионаты (2): 2009, 2011

«Әл-Садд»

  • Катар чемпионы: 2018/19
  • Катар ханзадасы мұрагерінің кубогы: 2017

Испания

  • Әлем чемпионы: 2010
  • Еуропа чемпионы (2): 2008, 2012
  • Жастар арасындағы әлем чемпионы: 1999
  • Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы: 2008
  • Жылдың үздік плеймейкері (4): 2008, 2009, 2010, 2011
  • Испания чемпионатының үздік жартылай қорғаушысы: 2008/2009
  • Чемпиондар Лигасының үздік жартылай қорғаушысы: 2008/09
  • Чемпиондар лигасы финалының үздік ойыншысы: 2008/09
  • УЕФА-ның үздік жартылай қорғаушысы: 2008/09
  • Испания чемпионатының үздік асистенті: 2009/10
  • Әлемнің үшінші футболшысы (2): 2010, 2011