Саксофон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Үш түрлі саксофон: сопрано, альт, тенор

Саксофон (ағылш. saxsophone — саксофон) — үрмелі аспап. Аспапты ойлап табушы (1846) Адольф Сакс деген шебердің атымен аталған. [1]

Сакс оның түп нұсқасын Дефонтенель және басқа да кларнетті аспаптардан алған. Саксофон мыс, никель және цинк; мыс, цинк, латунь немесе күміс қоспаларынан құйылады. Саксофонның көптеген клапандары мен кларнетке тән мундштугы бар. Саксофонның түрлері: альт, тенор, сопрано, баритон, т.б. Саксофонға арналған ноталар скрипка кілтінде жазылады. Оның тембрі кларнет, гобой және виолончельдің қосылып шығарған дыбысы сияқты жұмсақ. Саксофон эстрадалық оркестрде көп қолданылады. Қазіргі кезде саксофон джаз жанрының аспабы ретінде кең танымал. [2] [3]

1840-шы жылдары өлшемдері әртүрлі бірнеше саксофонды жасаған Адольф Сакс, 1846 жылдың 28-маусымында аспапқа патент алды. [4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Saxophone. The Free Dictionary By Farlex. Тексерілді, 2012-25-05.
  2. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
  3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  4. Adolphe Sax. BassSax.com. Тексерілді, 7 мамыр 2007.