Сантяй

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сантяй
каолан-санти, шантяй
Бүкіл халықтың саны

172 000

Ең көп таралған аймақтар

 Вьетнам

Тілдері

сантяй тілі, вьетнам тіл

Діні

дәстүрлі нанымдар, буддизм, даосизм

Сантяй (өз атауы; каолан-санти, шантяй)[1]Вьетнамның солтүстік-шығысындағы тай тобының халқы.[2] Сантяйлар субэтникалық топтарға бөлінеді: сантяй немесе санти және каолан. Шамамен 172 мың адамды құрайды.[3] Сантяйлар Вьетнамға Қытайдың оңтүстігінен шамамен 400 жыл бұрын келген.

Тілі - сантяй тілі.[4] Каоландар каолан тілінде сөйлейді. Вьетнам тілі де кеңінен таралған.

Дәстүрлі нанымдар сақталған, бір бөлігі конфуцийлер, буддистер және даосистер.[5]

Негізгі кәсібі – суармалы егістік, негізінен күріш өсіру, мал шаруашылығы және балық аулау. Балықты шанышқымен, қармақпен ұстайды.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Отбасы шағын. Қоғамның әлеуметтік құрылымы патрилинейлік. Дәстүрлі нанымдар ата-баба культімен, аграрлық культтермен сипатталады. Негізгі мереке - жаңа жыл. Сантяйлар лирикалық, тұрмыстық, жанрлық әндерге және би фольклорына бай.

Елді мекендер 20-30 үйден, өзен жағасында шашыраңқы орналасқан. Дәстүрлі қадалы үйлері, тай үйлеріне ұқсас, соңғы уақытта қадасыз үйлер кең таралған - төрт бұрышты шатыры бар ағаш үйлер.

Әйелдер бүйірлерінде түрлі-түсті аппликациялары бар қара немесе қою көк халаттар, бай ою-өрнекті көкірекшелер, ұзын шалбар киіп, белбеу тағады. Ер адамдар тай киіміне көшті.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Современная энциклопедия САНТЯЙ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/10002-%D0%A1%D0%90%D0%9D%D0%A2%D0%AF%D0%99
  2. Значение слова сантяй https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D1%81%D0%B0%D0%BD%D1%82%D1%8F%D0%B9
  3. Сантяй https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1862627
  4. Значение слова САНТЯЙ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1845134.html
  5. Современная энциклопедия Сантяй https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/206219-santyay/
  6. a b народы мира / Сантяй http://www.etnolog.ru/people.php?id=SNTY