Свастика
Свастика - тең ұшты тік бұрышпен иілген крест түріндегі солярлы белгі, ежелгі үнді культының діни белгілерінің бірі, әлемдегі ең көне әрі ең көп танылған графикалық символдардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін аталған символ барлық құрлықтарда қолданылған. Свастика символы Еуропа мен Америкада латынның төрт «L» әрібінен тұрады деп есептелген. Айта кетсек, Light – жарық, Күн; Love – махаббат, сезім; Life – өмір; Luck – тағдыр, сәттілік, бақыт. Сөздің шығу этимологиясы көне санскрит тілінен бастау алып, «स्वस्तिक» (svastika) – амандасу, сәттілік тілеу, жақсылық жасау деген ұғымдарды берген.Свастика күнделікті қажет заттарда, киімдерде, елтаңбалар мен қарапайым үйлердің құрылысында қолданылып келген. Ал алғаш рет полеолит дәуірінде пайдаланылған екен. Свастика сәндік мотив ретінде кең таралған, көбінесе меандр түрінде. Бұл символ біздің дәуірімізге дейінгі VIII мыңжылдықта пайда болды, ол палеолит дәуірінің соңында пайда болған ромбо-меандр ою-өрнегінен кристалданған. Қиылыста метрикалық "бір қадам" ("Қос меандр") сдысуымен қабаттасқан екі меандр крест свастикасын береді. Дәл осындай белгілер Суздан (қазіргі Иранның аумағы), ежелгі грек вазописиясының геометриялық стилінде, Қытай мен Жапонияның Ежелгі өнер ескерткіштерінде: неолиттік керамикада, сүйек бұйымдарында және Шан мен Чжоу кезеңдеріндегі қола ыдыстарда (б.з. д. 2-1 мыңжылдықтар) кездеседі. Ежелгі Рим архитектурасында қиылыстарда свастика түзетін Қос меандр Римдегі август бейбітшілік құрбандық үстелінің сыртқы қабырғаларының көлденең белдеуін безендіреді (б.з. д. 13 ж.). Ол символ ретінде жақсы мағынада қолданылып келген. XX ғасырға келіп, свастика нацистік Германия мен нацизмнің символына айналады. Сосын Батыс Еуропада гитлерлік тәртіп пен идеологияның құрамдас бөлігі ретінде қалыптасады. Ал 1945 жылы Германияның жеңілісінен кейін көптеген елдерде «卐» символы қолданылмайтын болды. Ал КСРО-да сватиканы төрт «Г» әрібінен тұратын символ деп түсіндірді. Төрт «Г» екінші дүниежүзілік соғысты бастаған Германия басшылары Гитлер, Геббельс, Геринг және Гиммлер аттарымен байланысты.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |