Сылдырмақ (аспап)
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/b/b4/%D0%A1%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D1%80%D0%BC%D0%B0%D2%9B.jpg/160px-%D0%A1%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D1%80%D0%BC%D0%B0%D2%9B.jpg)
Сылдырмақ — сілкімелі аспаптардың қатарына жататын қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Шулы-сілкемелі сылдырмақ аспабы тұтасымен қола, мыс, жез секілді металлдар мен шырша, емен, үйеңкі сияқты ағаштардан жасалады. Үн-үйлесіміне байланысты «күлдіреуікті», «сәлпеншекті» деген түрлері бар. Сыртқы келбеті ұстауға ыңғайлы әрі жеңіл болады. Cылдырмақ ауылдың алты ауызы айтылған кезде, әуен ырғағын ұстап тұрып, бірте-бірте музыкалық аспаптардың қатарынан орын алды. Шеберлер аспаптың сыртқы жағын алтын я күміспен қаптаған.
|