Тұяқтас
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Тұяқтас — қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыздың ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенді тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді.
Қазақ халқы оны ою арқылы әсемдеген. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары кітабы,Атамұра 2011ж.
|