Сілекей безі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сілекей безі (слюнная железа) (glandula salivalis, лат. glandula — без, saliva — сілекей) — ауыз қуысына сілекей бөледі.

Слюнные железы:
1. Құлақаймағы сілекей безі
2. Жақасты сілекей безі
3. Тіласты сілекей безі

Орналасу орнына сәйкес сілекей безі — қабырғалық және қабырғадан тыс жатқан бездер болып екіге бөлінеді. Қабырғалық сілекей безі ауыз қуысы мүшелерінің кілегейлі қабығында (ерін, ұрт, таңдай, тіл бездері) орналасады. Қабырғадан тыс жатқан сілекей безі ауыз қуысымен өздерінің өзектері арқылы жалғасады. Бұларға шықшыт, тіласты (бұғақ) және төменгіжақ (ал- қым) бездері жатады. Сілекей безінің сөлі ауыз қуысына түскен азықты дымқылдандырып жібітеді. Сілекейдің құрамында көмірсуларды ыдыратуға қатысатын ферменттер болады.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3