Титтей тартар
Титтей тартар | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
At Beeliar, Western Australia
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Porzana pusilla (Pallas, 1776) |
Титтей тартар (Porzana pusilla) - кішкене тартарға ұқсайтын ұсақ, шағын денелі (60 г шамасында) құс.
Биологиялық сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Титтей тарғақтың жоны - шұбарланған зәйтүн түстес қоңыр, бауыры - сұр екі бүйірінде - қошқыл реңк үстінде айқын көрінетін ашық түсті жолақтары болады. Тұмсық негізі жасылдау болып келеді.Өмір сүру дағдысы жасырын болғандықтан (көбінесе оның бар екенін тек қана қайта-қайта қайталайтын қысқа ысқырығынан білуге болады), ұялау дағдысы толық белгілі емес. Ең дұрысы, тартарлардың барлық үш түрінің өмір сүру дағдысы өте ұқсас болуы тиіс.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Еуразияның қоңыржай және тропиктік белдеулерінде өмір сүреді. Қазақстанда солтүстікте - Жайықтан Ертіске дейін Теңіз-Қорғалжын ойпаңында, сондай-ақ оңтүстікте Сырдария атырауынан Зайсан көліне дейін ұялайды. Қазақстанда сәуірден қазанға дейін болады, алайда Шымкент маңынан қыста бір- ақ рет табылды.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International Porzana pusilla. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.