Улуру
Улуру (Эрс-Кок) (ағылшынша Uluru) - 680 миллион жыл бұрын Аустралияда қалыптасқан үлкен, көлемді және сарғылт қоңыр жартас. Оның пішіні жұмырлау болып келеді. Ертеден Эйрз Жартасы деген атпен белгілі. Жартас күннің нұрымен шағылысып, өзінің түсін өзгертіп тұрады. Ал күн ұясына батқан кезде тіптен әдемі көрінеді.
Орталық Аустралия "аймағында", Алис- Спрингс қаласынан 450 километр оңтүстік - батысқа қарай орналасқан. Улурудан 18 км қашықтықта Юлара атты демалу орны және туристерге қызмет көрсету бар.
Улуру ұзындығы 3,6 км, ені 3 км-ге жуық, ал биіктігі 348 метрді құрайды.
Улуру - жергілікті тұрғындар үшін қасиетті жер. Оның негізін үңгірлер құрайды. Үңгірдің қабырғалары олардың салған суреттерімен әшекейленген. Аборигендердің мифтері бойынша, бұрынғы кездері бұл жерлерде тау иесі - су питоны өмір сүрген. Ал құламалы бөктерде қара келес тұрыпты. Содан бері аборигендер қасиетті жартаста әртүрлі жора, рәсімдерін өткізіп тұрады.
Ашылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Улуруды көрген ең бірінші еуропалық адам Эрнест Джайлз болды. Ол 1872 жылы жартасты Амадиус көлінің жағасынан байқады, бірақ жартасты бағындыра алмады. Бір жыл өткен соң, 1873 жылы Уильям Госс тауға шығып, сипаттап, оны Оңтүстік Аустралия губернаторы Генри Эрстың құрметіне Эрс-Кок деп атап кеткен болатын. Аборигендердің қалауынша, 70- жылдары жартас атауы қайтадан қайтарылды.
Ғажайып тас
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алыстан Улуру монолиті өте тегіс болып көрінеді, бірақ жақыннан оның ойлы-қырлылығы, жарықтары мен сызаттары көрінеді.
Жартас шөлдің ортасында орналасқанымен, бұл жерде күшті дауылдар мен өтпелі жаңбырлар болып тұрады. Шөлді жер климатының тез ауысуымен ерекшеленеді : түнде суық, талтүстегі ауа температурасы 38 °C дейін жетеді. Монолит тасы қыздырғанда үлкейіп, суытқанда жиырылады. Бұл оның көп жарықтар мен сызаттарға ие болуын айқындайды.
Жартас алыбының күн сәулесінің түсуі бойынша өз түсін өзгертуі оның қызыл құмдауықтан тұратынына байланысты. Таң атысымен монолит құбылғы тәрізді өз түсін тез өзгертеді : қарадан қызғылтқа дейін, содан кейін түсін ағартып барып, алтын түстеске айналып, қара түсін қайтадан қалпына келтіреді. Күні бойы осындай ғажайып ойындар ойналады.
Туристер бұл жерге тек 1950 жылдан бастап қана келе бастады. 1931 жыл мен 1946 жыл аралығында монолит шыңын 22 өжет бағындырды. 1969 жылға қарай Улуруды көріп қайтуға келетін туристер саны 23 мыңға дейін өсті. Ал қазіргі таңда бұл сан жарты миллионға жетіп отыр.
Түр құрамы (монолит)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Монолит граниттердің бұзылуынан пайда болатын қатқыл түйірлі аркоздық құмдауықтан тұрады. Зерттеулер бойынша, монолитте темір оксидтері, кварц пен дала шпатының бары анықталды. Дәл темір монолитке осындай "тоттанған" түс береді.
Аборигендер иелігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1985 жылдың 26 қазанынан бастап Улуру ресми түрде анангу тайпасына тиесілі. Бірақ жартас 99 жыл аралығына ұкіметке ұлттық саябақ ретінде қолдануға берілген (жалға). Жыл сайынғы төлемі 75 мың долларды құрайды және + әр билеттің 20 %-ы. Аборигендер туризмнің дамытуда қызығушылық білдіріді, сондықтан тау шыңына туристердің шығуларына қарсы емес. Бірақ, өкінішке орай, туристердің көбісі Эрс-Кокты ластайды. Бұл жерде тағы да бір үлкен мәселе бар - адамдардың климатқа шыдамай, жүректері шыдамай тура сол тауда қайтыс болулары.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлемнің ұлы кереметтері, Алматыкітап 2005 жыл. Авторы - Рассел Эш.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%BB%D1%83%D1%80%D1%83