Чарльз Диккенс
Чарльз Диккенс | |
Charles Dickens | |
Туған кездегі есімі |
Чарльз Джон Хаффем Диккенс |
---|---|
Лақап аты |
Boz |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Мансабы |
жазушы |
Бағыты |
реализм |
Жанры | |
Шығармалардың тілі |
ағылш. ' |
Қолтаңбасы |
Чарльз Джон Хаффем Диккенс (ағылш. Charles John Huffam Dickens; 7 ақпан 1812, Портсмут, Англия— 9 маусым 1870, Хайэм, Англия) — викториандық дәуірдегі ағылшын көрнекті жазушысы, ағылшын сөздігінің данышпаны.[1][2]
Чарльз Диккенс (ағылшынша Charles Dickens) – әлем әдебиетінің шебер юмористерінің бірі. Диккенс – ағылшынның ең әйгілі романистерінің бірі, жарқын комикалық характерлер мен әлеуметтік сынды туғызушы. Ағылшын сыншыл реализмі тарихының жарқын беттерін Чарльз Диккенс шығармашылығы ашады. Ағылшын әдебиетінің бүкіл бір ғасырының дамуы Чарльз Диккенс есімімен тығыз байланысты. Чарльз Диккенс – ағылшын ұлттық мәдениетінің мақтанышы.
Чарльз Джон Хаффам Диккенс 1812 жылдың 7 ақпанында Портсмутқа жақын жердегі Лендпортта дүниеге келді. 1832 жылы ол «Парламент айнасы» және «Тру сан» газеттерінде репортер қызметін атқарады. Жиырма жастағы бозбала қауым палатасындағы репортерлар галереясындағы жүздеген репортерлардан өзіндігімен ерекшеленетін. Оның романдарында күлкі – буржуазиялық құрылыстың кемшілігін сынау мен әшкерелеудің ұлы қаруы болды. Диккенс шығармашылығын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1833-1841 жылдардың аралығын қамтиды. Бұл кезеңге жазушының «Боздың очерктері», «Пикквик клубының хаттары», «Оливер Твистің басынан кешкендері», «Николас Никкльбидің өмірі мен басынан кешкендері» атты шығармалары жатады. Екінші кезең 1842-1848 жылдар аралығын қамтиды. Бұл Англияда жұмысшылар қозғалысының қарқынды дамыған кезеңімен тұспа-тұс келеді. Бұл жылдарда жазушының дүниеге келген тамаша туындылары: «Америка хаттары», «Мартин Чезлвит», «Домби мен ұлы» т.б. Үшінші кезең 1848-1859 жылдар. Бұл жылдары Диккенс әлеуметтік мәні жоғары «Суық үй», «Қилы кезең», «Кішкентай Доррит» романдарын жазды. Төртінші кезеңге 60-жылдары жазған шығармалары жатады. Бұл кезеңде Диккенс «Үлкен үміттер», «Біздің ортақ досымыз» романдарын жазды. Диккенстің «Оливер Твистің басынан кешкендері» (1837-1839) және «Николас Никкльбидің өмірі мен басынан кешкендері» (1838-1839) атты әлеуметтік романдары жарық көрді. 1840-жылдардағы 1842 - «Америка хаттары», 1843 - «Мартин Чезлвит», 1846-1848 «Домби мен ұлы» атты шығармаларында жазушының шеберлігі шыңдалып, идеяларының жетілгендігін көрсетеді. 1841 жылғы Ньюпорттағы халық қозғалысының күшеюі Диккенсті қатты ойландырады, ол күнде өзгеріп жатқан жағдайларды саралай отырып, өз позициясын нақтылай алмайды. Жазушының көз алдында өтіп жатқан қоғамдық үдерістерге деген көзқарасы қарама-қайшылықтарға толы болды, оның кейде реализмнен шегініс жасап отырғандығы «Ескіліктің дүкені» (1840) және «Барнеби Радж» (1841-1842) романдарынан байқалады. «Ескіліктің дүкенінде» ол шынайы өмірдің қатал әлеміне ойдан шығарылған идиллия әлемін қарама-қарсы қойса, «Барнеби Раджда» (тарихи роман) өткен заман материалдарын пайдалана отырып, халық қозғалысы мен қарулы көтерілісті сынға алады. 1846 жылдың мамырында Диккенс жолсапар суреттеріне арналған екінші кітабы «Италия суреттерін» жариялайды. 1847 және 1848 жылдары қайырымдылық спектакльдеріне – Бен Джонсонның «Әркім өз мінезімен» және У.Шекспирдің «Виндзорлық сайқымазақ әйелдер» атты драмасына режиссер әрі актер болады. 1849 жылы Диккенс «Дэвид Копперфилд» (1849 жылдың мамырынан – 1850 жылдың қарашасына дейін) романын жаза бастаған сәттен-ақ роман үлкен табысқа жетеді. 1850 жылы ол құны екі пенс тұратын – «Үйдегі оқу» атты апталықты шығара бастады. Онда оқуға жеңіл әртүрлі мәселелер, хабарлар, өлеңдер мен әңгімелер, әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар туралы мақалалар жарияланып отырды. Авторлар қатарында Элизабет Гаскелл, Гарриет Мартино, Дж.Мередит, У.Коллинз, Ч.Левер, Ч.Рид және Э.Бульвер-Литтондар болды. «Үйдегі оқу» апталығы бірден белгілі болды, ол аптасына 40 мың данамен шығып, сатылып жатты. 1850 жылдың аяғында Диккенс Булвер-Литтонмен бірге көмекке зәру әдебиетшілерге арнап әдебиет пен өнердің Гильдиясын (одағын) құрды. 1960 жылдары реалистің «Үлкен үміттер» (1861), «Біздің ортақ досымыз» (1864) романдары аяқталып, «Эдвин Друд құпиясы» романы жазыла бастаған еді. 60-жылдары Диккенс әлеуметтік мазмұннан алыстап, детективтік тақырыптарға қалам тербеп, бірнеше әңгімелерін тудырды («Инспектор Филдпен бірге жұмыс үстінде», «Ағыспен төмен қарай», «Екі қолғап», «Тыңшы полиция»). 1870 жылдың 8 маусымында Диккенс Гэдсхилл бағында күні бойы жұмыс істеп, кешкі асқа отырғанда, есінен танып құлайды да, өз-өзіне келе алмастан келесі күні кешкі сағат сегізде о дүниелік болады. Оның денесі Вестминстер аббаттығындағы ақындар Бұрышына жерленеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ How to Coin a Phrase The Royal Mint, 2011. (ағыл.)
- ↑ Британцы выпустят монету к юбилею Диккенса Lenta.ru 06.12.2011
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ч. Диккенстің шығармалары
- М ағылшын тілінде Сайт Open Library. Форматы: PDF, Plain text, DAISY, ePub, DjVu, MOBI
- Дж. Оруэлл «Чарльз Диккенс»
|