Шейх
Ислам туралы мақалалар тізімдемесінің бөлігі
| |
|
Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Шейх (араб.: شيخ) — қария, ақсақал, қарт адам; тайпаның, рудың, әулеттің ақсақалы; Арабиядағы тайпа басшысының лауазымы. Шейх атауы діни қайраткерлерге, діни пәндер білімпаздарына, сопылық бауырластықтар мен сауда-қолөнер серіктестігі басшыларына, ұстаздарға қатысты айтылатын құрметті атақ. Бұл атақ кейбір адамдардың аты-жөніне тұрақты түрде тіркеліп айтылады: аш-Шейх әл-Бухари, аш-Шейх әл-Мүслим, т.б. Шейх сөзі кейде күрделі лауазымдық атақ құрамында да айтылады: Шейх әл-джамал (қажылық басшысы), Шейх әл-балад (жандарал бастығы), т.б.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |