Toyota

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Toyota Motor Corporation
Toyota Jidosha Kabushiki-gaisha
トヨタ自動車とよたじどうしゃ株式会社かぶしきがいしゃ
Түрі

Қоғамдық компания

Биржадағы листингі

TYO: [1], OSX:7203,
NSE:7203, NYSE: TM

Компанияның ұраны

Арманынды іске асыр (Қазақстан)
Drive Your Dreams. жапон. ひと社会しゃかい地球ちきゅうあたらしい未来みらい (Жапония)

Құрылды

28 тамыз 1937 жылы

Құрушы

Киитиро Тойода

Орналасуы

 Жапония: Тоёта, Айти

Басты адамдары
Саласы

Автомобиль өнеркәсібі

Өнімі

Жеңіл және коммерциялық автомобильдер, автобустар Toyota, Lexus, Scion

Айналым

¥28,403 трлн
$258 млрд (2016)[1]

Операциялық кірісі

¥2.854 трлн
$25.9 млрд. (2016)[1]

Таза табыс

¥2,313 трлн
$21 млрд. (2016)[1]

Қызметкерлер саны

349 мың (2016)[1]

Еншілес компания

Toyota Financial Services
Daihatsu
Hino Motors
Denso
Toyota Industries
Lexus

Аудитор

PricewaterhouseCoopers

Сайты

Ресми жаһандық сайты

Toyota Motor Corporation (жапон. トヨタ自動車とよたじどうしゃ株式会社かぶしきがいしゃ тойота дзидо:ша кабушикигайша) — әлемнің ең ірі машина жасау, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін және қосымша бірнеше бизнес бағыттары бар корпорация. Штаб-пәтері - Жапонияның Тойота қаласында, Айчи аумағында орналасқан. Fortune Global 500[2] (2010 жылы) – компания 5-ші орынды иеленген.

Toyota Motor Corporation — Toyota Group-тың басты мүшесі болып саналады. «Toyota» бренді көбінесе осы компаниямен байланысты. «Тойота» автокөліктерінің белгісі сопақ әрі оны перпендикуляр қиған доғал шеңберлер арқылы белгіленеді және осы перпендикуляр тұрған доғал шеңберді жартылай қиыс сызық кесіп өтеді. Бұл иненің көзі мен одан өткен жіпті білдіреді. Киичироның әкесінің тоқыма цехында сондай-ақ ине және жіп шығару ісі де жүзеге асқан. Содан бері осы белгі «Тойота» автомобильдерінің сауда белгісі болып қалыптасқан

Айчи қаласындағы Тойота мұражайы

«Toyota» жапондық автомобиль компаниясы 1933 жылы тоқыма станоктарын дайындаумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде құрылды. 1929 жылы Киичиро Тойода Еуропа мен АҚШ-қа машина өнеркәсібімен танысуға сапар жасады. 1930 жылы компания иесіні Сакичи Тойоданың ұлы Киичиро Тойода американдық үлгімен бензинді қозғалтқышты автомобильдер шығара бастады. Оның бірқатар өзгерген тегі фирманың сауда маркасы болды. Жапония Үкіметі Toyoda Automatic Loom Works компаниясының бұл бастамасын қолдады. 1934 жылы компания бірінші рет А типтегі қозғалтқыштағы жолаушы тасымалдайтын автомобиль шығарды, осы модель 1935 жылдың 1 мамырында пайдалануға берілді, осы жылы G1 жүк машинасы тамыз айында қолданысқа енді. АА маркалы көлігінің өндірісі 1936 жылы басталды. Алдыңғы моделдер Dodge Power Wagon и Chevrolet моделдеріне ұқсас болды.

Toyota Motor Co., Ltd.- 1937 жылы өздігінен қызмет атқаратын компания болып негізделді. Компанияны құрушының тегі «Тойода» (豊田とよだ) болып аталатынына қарамастан, компанияға «Тойота» (トヨタ) аты берілді. Өйткені, Жапонияда 8 саны сәттілік әкеледі деп саналады, ал катаканамен жазылған «Тоёта» (トヨタ) атауы дәл 8 сызықтан тұрады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Жапония императорлығына жүк тасымалдаушы көлік шығарумен айналысты. Сол кездегі қатаң тапшылық үшін Жапонияның әскери жүк тасымалдаушы көлігі ең оңайлатылған нұсқада, мысалы, бір ғана фарасымен жасалды. Кейбіреулердің ойынша соғыстың жылдам біткені Аичи қаласындағы Toyota зауытын бомбылаудың әсерінен болды деп санайды.

Toyota Motor Corporation бас пәтері

Toyota Motor Corporation соғыстан кейін 1947 жылы коммерциялық жолаушы тасымалдайтын көлік SA моделін шығарды. 1950 жылы Toyota Motor Sales Co атаулы сатумен айналысатын жеке компания құрылды. (Ол 1982 жылға дейін қызмет атқарды). 1956 жылы сәуірде Toyopet делдалдық жүйе құрылды. 1957 жылы Toyota Crown Америкаға экспортқа жіберілетін алғашқы жапондық автомобиль болды. (Бразилияға да экспортталды).

Тойота 1960 жылы жылдам қарқынмен кеңейе бастады. Ең алғашқы «Тойота» маркалы автомобиль Жапония аумағынан тыс 1963 жылы Аустралияның Мельбурн қаласында конвейерден шығарылды.

2009 жылдың мамыр айында компания қаржылық залалға ұшырады[3].Бұл 1950 жылдан бастап болмаған еді.

Меншік иелері мен басшылық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2008 жылдағы компания акцияларының негізгі иелері:

  • The Master Trust Bank of Japan (6,29 %),
  • Japan Trustee Services Bank (6,29 %),
  • Toyota Industries Corporation (5,81 %),
  • 9 % — қазынашылық акция.

Компанияның төрағасы — Фудзио Чо. Президенті — Акио Тойода [4].

Компания Toyota, Lexus, Scion, Daihatsu, Hino деген жолаушы тасымалдайтын, жүк тасымалдайтын автомобильдер және автобустар брендтерін шығарады.

31 наурыз 2008 жылы аяқталған 2007-2008 қаржы жылында корпарация 9,37 млн автомобиль сатты. 2008 жылдың түсімі — $204,352 млрд, таза пайдасы — $-4,349 млрд құрады.

Әлемдегі ең ірі көлік шығарушы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2007 ж. I кварталында Toyota Motor, General Motors–қа қарағанда көп машина шығарып сатты. GM 76 жыл бойы «әлемдегі ең ірі көлік шығарушы» атқа ие болған. Соңғы жылдары GM және басқа да американдық көлік шығарушылар дағдарысқа байланысты өндірісті қысқартып, бірінші кезекте нарықта бәсекелесі Toyota маркасына орынды босатқан. І кварталда 2,37 млн автомобиль шығарып, 2,35 млн сатқаны туралы жапония 24 сәуірде хабарлаған. Осылайша ең алғаш рет 2,34 млн шығарып, 2,26 млн сатқан GM алдына шыққан.[5].

Toyota Қазақстанда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстандағы ресми делдалы (дилері) ретінде 1993 ж. Алматыда Астана моторс құрылған. Ол көптеген мамандандырылған кәсіпорындар ашуға ұйтқы болды. Соның ішінде 1995 ж. компаниядан бөлініп шыққан “Алматы Тойота орталығы” (“Toyota Center Almaty”) тех. қызмет көрсету ст. бар. Жеңіл автомобильдер, джиптер, шағын автобустар, “Тойота” автобустарын сатады. Стансадан сатып алынған әрбір автомобильге “Toyota Motor Corporatіon” компаниясы 50 000 км қашықтыққа немесе 12 айға кепілдік береді. 1995 ж. “Астана моторс” компаниясынан оқшау отау тіккен “Астана секьюрити” (Astana Securіty — қауіпсіздік қызметі) жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды, объектілерді қорғайды, ҚР-да тасылатын жүктердің қауіпсіздігін қаматамасыз етумен айналысады. Астана, Қостанай, Ақтөбе қ-ларында компанияның филиалдары жұмыс істейді.

"Тойота Файнэншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ " ЖШС тұлғасында корпорацияның қаржы бөлімшесі 2022 жылғы маусымдағы жағдай бойынша 147.6 млрд. теңге көрсеткішімен Қазақстанның МҚҰ арасында жиынтық активтер көлемі бойынша екінші орында[6]

Toyota Ресейде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2011 жылы Ресейде компанияның екі еншілес компаниясы құрылды: ЖШС "Тойота Мотор" (автомобильді сатуға жауапты), басты офисі Мәскеуде; ЖШС "Тойота Мотор Мануфекчуринг Ресей" ( автомобильді Ресейде жасап шығаруға жауапты), басты офисі Санкт-Петербургте.

Автомобильді Ресейде сату

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1998 жылы компания мәскеулік Toyota Motor Corporation өкілдігін ашты. Содан автомобиль нарығының динамикалық дамуына байланысты маркетинг және сату бойынша ЖШС «Тойота мотор» ұлттық компания ашуға шешім қабылданды. 2002 жылдың 1 сәуірінен бастап ЖШС «Тойота мотор» Ресей аумағында жұмыс істей бастады. [7]. ЖШС «Тойота мотор» Президенттері: [8]

  • 20042009 жылы — Томоаки Нишитани;
  • 2009 жылдың маусымынан — Такеши Исогая.

2007 жылы Ресейде ЖАҚ «Тойота Банк»жұмыс істей бастады, Мәскеу мен Санкт-Петербургете өкілдігі бар. Банк қызметі — жеке автонесиелеу және ресми делдардарды Toyota и Lexus автомобилдерімен корпоративті несиелеу. Toyota концерні, жеке деректер бойынша, Ресейде Банк ашқан халықаралық алғашқы көлік шығарушы болды.[9].

[10][11][12][13][14][15][16][17][18][19][20]:

Toyota Corolla ең әйгiлi және әлемдегі көп сатылған автокөлiктердiң бiрi болып табылады.
2004 2005 2006 2007 2008
3 ай. 6 ай. 9 ай. Қорытынды 3 ай. 6 ай. 9 ай. Қорытынды 3 ай. 6 ай. 9 ай. Қорытынды 3 ай. 6 ай. 9 ай. Қорытынды 3 ай. 6 ай. 9 ай. Қорытынды
Yaris с. с. 229 1 125 1 776 2 714 920 2 256 4 775 5 693
Auris ш. ш. ш. 11 3 774 10 908 19 342
Toyota Corolla 2 976 5 390 8 746 12 973 4 231 10 505 16 982 22 442 4 680 12 866 23 019 31 222 10 345 22 584 38 942 47 260 63 986
Toyota Verso с. 230 402 236 661 987 1 228 242 559 1 039 923
Toyota Avensis м.ж. 2 902 4 330 6 092 1 455 4 301 6 367 8 612 2 290 5 866 9 112 13 140 3 834 10 529 20 843 19 337
Toyota Camry 1 651 4 545 6 873 9 797 2 203 6 417 9 914 12 860 2 039 6 804 12 060 18 099 4 081 11 921 26 358 21 640 28 029
Toyota RAV4 1 090 2 664 4 406 6 156 1 268 3 596 4 977 6 335 2 346 5 445 8 589 12 030 5 058 10 704 22 856 22 918
Toyota Land Cruiser Prado 773 1 573 2 252 3 667 1 049 2 421 3 354 4 449 1 466 3 753 5 888 8 382 2 552 5 431 11 542 16 236
Toyota Land Cruiser 100 949 2 212 3 551 4 964 1 007 2 355 3 448 5 314 1 696 4 171 6 443 8 502 2 243 4 360 6 425
Toyota Land Cruiser 200 ш. ш. ш. ш. 12 388
Toyota Hiace с. 7 62 145 224 46 148 259 372 82 213
Барлығы: 9 213 19 404 30 323 43 649 11 220 29 798 45 417 60 638 15 028 40 839 68 133 95 689 29 368 72 331 144 975 144 547 188 866

с. — Ресейде сатылмады
ш. — шығарылмады
м.ж. — мәлiметтер жоқ

Түсініктеме: Көліктердің сатылымы сәйкес болмауы мүмкін, бұл есеп жаңа көрсеткіштерден алынды.

Toyota Land Cruiser Prado

Ресейдегі көлік өндірісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2005 жылы Toyota Ресейдің Мин эконом дамуымен Санкт-Петербург әкімшілігімен (Шушары) қаласында көлік шығару зауытын салу келісіміне қол қойды. Өндіріс 2007 жылдың 21 желтоқсанында ашылды, бірінші этапта зауыт 1жылда Toyota Camry «Е»класты көлігін 20 мың көлік шығарып, ресейдің ішкі нарығына енгізу керек. (әріде экспортқа жөнелту мүмкін) Кейін өндіріс көлемі 1 жылда - 50 мың машинаға көтеріліп, ал болашақта 200-300 мың машинаға көтеріледі. Бұл жоба көлемі 150 млн долларға бағаланып отыр. [21][22].

2011 жылы компания Toyota Land Cruiser Prado өндірісінің жоспарын Алыс Шығысқа Sollers и Mitsui серіктес өндіріске жариялады.[23].

ЖШС «Тойота Мотор Мануфекчуринг Ресей» (Toyota Motor Manufacturing Russia): Бас директоры:

  • 20052008 жылдары— Масааки Мидзукава
  • 20082011 жылдары — Митсуаки Сугимори;
  • 2011 жылдың басынан — Йошинори Матсунага.

Өндіру және сату

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Күнтізбе жылы Барлығы Жапония Құрама Штаттар
Өндіріс Сатылым Өндіріс Сатылым Сатылым
1935 21
1936 1,142
1937 4,013
1938 4,615
1939 11,981
1940 14,787
1941 14,611
1942 16,302
1943 9,827
1944 12,720
1945 3,275
1946 5,821
1947 3,922
1948 6,703
1949 10,824
1950 11,706
1951 14,228
1952 42,106
1953 16,496
1954 22,713
1955 22,786
1956 46,716
1957 79,527
1958 78,856
1959 101,194
1960 154,770
1961 210,937
1962 230,350
1963 318,495
1964 425,764
1965 477,643
1966 587,539
1967 832,130
1968 1,097,405
1969 1,471,211
1970 1,609,190
1971 1,955,033
1972 2,087,133
1973 2,308,098
1974 2,114,980
1975 2,336,053
1976 2,487,851
1977 2,720,758
1978 2,929,157
1979 2,996,225
1980 3,293,344
1981 3,220,418
1982 3,144,557
1983 3,272,335
1984 3,429,249
1985 3,665,622
1986 3,660,167
1987 3,638,279
1988 3,956,697[24] 2,120,273[24]
1989 3,975,902[24] 2,308,863[24] 945,353[дереккөзі?]
1990 4,212,373[24] 2,504,291[24] 1,058,005[дереккөзі?]
1991 4,085,071[24] 2,355,356[24] 1,010,480[дереккөзі?]
1992 3,931,341[24] 2,228,941[24] 1,023,641[дереккөзі?]
1993 3,561,750[24] 2,057,848[24] 1,033,211[дереккөзі?]
1994 3,508,456[24] 2,031,064[24] 1,088,073[дереккөзі?]
1995 3,171,277[24] 2,060,125[24] 1,083,351[дереккөзі?]
1996 3,410,060[24] 2,135,276[24] 1,159,718[дереккөзі?]
1997 3,502,046[24] 2,005,949[24] 1,230,112[дереккөзі?]
1998 5,210,000[25] 1,361,025[дереккөзі?]
1999 5,462,000[26] 1,475,441[дереккөзі?]
2000 5,954,723[27] 1,619,206[28]
2001 5,847,743[29] 4,046,637[29] 2,291,503[29] 1,741,254[дереккөзі?]
2002 6,309,307[30] 4,138,873[30] 2,218,324[30] 1,756,127[31]
2003 6,826,166[32] 4,244,667[32] 2,305,635[32] 1,866,314[дереккөзі?]
2004 7,547,177[33] 4,454,212[33] 2,387,556[33] 2,060,049[34]
2005 8,232,143[35] 4,611,076[35] 2,368,817[35] 2,260,296[дереккөзі?]
2006 9,017,786[36] 5,085,600[36] 2,368,706[36] 2,542,524[37]
2007 9,497,754[38] 5,119,631[38] 2,261,515[38] 2,620,825[39]
2008 9,225,236[40] 4,911,861[40] 2,153,197[40] 2,217,662[41]
2009 7,234,439[42] 3,543,199[42] 1,996,174[42] 1,770,147[43]
2010 8,557,351[44] 8,418,000[45] 4,047,343[46] 2,203,849[46] 1,763,595[47]
2011 7,858,091[48] 3,483,464[48] 1,783,521[48] 1,644,661[49]
2012 9,909,440[50] 9,748,000[50] 4,420,158[50] 2,411,890[50] 2,082,504[51]
2013 10,117,274[52] 9,980,000 [52] 4,290,652 [52] 2,295,222 [52] 2,236,042[53]
2014 2,373,771[54]
Күнтізбе жылы Өндіріс Сатылым Өндіріс Сатылым Сатылым
Жалпы Жапония Құрама Штаттар

Ескерту:Жапон өндірісінің 1937 жыл 1987 жыл аралығы көрсетілген.[55] Əлемдік өндіріс 1998 жылдан басталады, ғаламдық жəне жапондық өндіріс, 2001 жылдан жапондық өндіріске Daihatsu жəне Hino қосылды.

Экологиялық технологиялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гибридты технологиялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Гибридті седан Lexus LS 600

Toyota Motor 1997 жылдан бастап автомобиль нарығында гибридты технологияларды қарқынды ұсынған алғашқы компания, жаппай (Toyota Prius) гибридты автомобиль шығарып және сатушы. Кейінірек компания гибридты мықты жинақталған Camry моделін, Lexus моделін шығара бастады. Компания өзінің гибридты технологиясын «Hybrid Synergy Drive» деп атайды, ал Lexus моделі үшін «Lexus Hybrid Drive»деп аталады. Prius моделі АҚШ-та ең жақсы өтетін модель. Тойота қазір үш гибрид автосы «Hybrid Synergy Drive» жүйесімен негізделген : Prius, Highlander және Camry. Гибридты Toyota Sienna танымал минивэн машинасын 2010 жылы шығаруға жоспарлап отыр, ал 2030 жылы компания барлық өнімін «Hybrid Synergy Drive» жасауға жоспарлап отыр. 2011 жылыдың 28 ақпанына дейін компания 3,03 млн гибрид автомобиль сатты [56].

Электромобилдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Toyota Estima Hybrid

General Motors компаниясы Chevrolet Volt электромобилін жасау жоспарын айтқаннан кейін, Toyota Motor соған ұқсасын жоспарлауға кірісті. Қазір компания Жапонияда, АҚШ пен Еуропада "Toyota Plug-in HV' сынақтан өткізуде. Ұқсас Chevrolet Volt бұл модель - Li-ion аккумуляторына негізделіп жасалған. Электромобилдер қоршаған ортаға, гидридты қозғағышы бар көліктерге қарағанда, ешқандай кері әсерін тигізбейді.

Елдер бойынша серiктестiктiң ұрандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Toyota Camry көптеген елдерде құрастырылып, жиналады
  • , Moving Forward
  • (Испан тілдес) Avanza Confiado
  • Maneja Confiado
  • Today. Tomorrow. Toyota
  • Oh What a Feeling!
  • Nic není nemožné
  •   Nichts Ist Unmöglich
  •       (және Орталық Америка елдері) Avancemos Juntos
  • Moviendo Vidas
  • ағылш. Make Things Better, фр. Faire Toujours Mieux
  • Lead the Way
  • Ve Más Allá
  •    Управляй мечтой
  • Арманыңды іске асыр
  • hайОм-махАр היום-מחר; Бүгін-ертең

Автоспорттағы белсенділігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Формула 1 (F1)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Toyota F1 2003.

2002 жылы Toyota- Toyota Team Europe-мен Кёльне, Германиядағы Формулы 1 қатысты. Үлкен бюджетке қарамастан, команда жанкүйерлер күткен нәтиже көрсеткен жоқ. 2004 жылы жобалаушы Майк Гаскойн жұмысқа алынды. Бірақ жоғары көрсеткіштер көрсетпегендіктен 2006 жылы контрактан босатылды. 2007 жылы Toyota Williams командасына өзінің қозғағыштарын жібереді. 2009 жылы, команда үшін соңғы маусым болды, пилоттары-Ярно Трулли мен Тимо Глок. 4 қарашада Toyota Формулы 1-ден кететіндігін жариялады.

Toyota Racing Development (TRD)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
TRD құрастыраған Toyota Camry

7 маусым 1954 жылы Toyota Technocraft Co., Ltd., компаниясы құрылды. Оның басты мақсаты - Концерннің басты компанияларының көліктерін жөндеу және қызмет көрсету болды. Әр түрлі жарыстарға табысты қатысу үшін зауыттағы Toyota көлігіне Toyota Technocraft-тан автоспорттық Toyota Racing Development көлік бөлінді, қазіргі таңда тюнинг-ателье дәрежесіне бөлінген. 1979 жылы TRD USA бөлімі ашылды. Зауыттың TRD шеберлерінің маңызды жұмысы Формула-3 жарысына команда дайындау болды. Сондай-ақ Toyota Racing Development бөліміндегі жүк көліктерін Super GT чемпионатына дайындау. Ательенің қызықты жұмысы жеке клиенттерге азлитражды Toyota ist, Toyota Vitz и Toyota bB 2002 жылғы сериялары және жолсыз жерде жүретін Toyota FJ Cruiser көліктерін жөндеу. Бөлім шеберлеріне Toyota Racing Development, GT-Four Toyota Celica үшін үш буындағы модификацияланған көлік авторлық құқығы жатады.[57]

Бизнесті жүргізу қағидасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тойота (Toyota Production System) компания менеджментінің 14 қағидасы (Toyota Production System)

  1. Қысқа мерзімді қаржылық нысанға залал келтіруіне қарамастан, басқарма шешімін ұзақ мерзімге қабылдау.
  2. Үзілмейтін ағым процессі түпкі мәселені шешуге көмектеседі.
  3. Қайта шығаруды болдырмау үшін «Тартылу» сұлбасын пайдалан. Тұтынушы қажетті сұрансын өз мерзімінде және өзінің қажетті санында алу үшін, өндіріс жұмысын сапалы ұйымдастыруды қажет етеді.
  4. Жұмыс көлемін түзе. Дұрыс, үнемді өндірісті құру және сапалы қызмет көрсету үшін - түскен тапсырысқа қарамастан өндіріс графигін дұрыс құру қажет.
  5. Сапа қажет етсе, өндірісті тоқтат.
  6. Стандартты есептер мен қызметкерлердің толық өкілеттілігі тоқтаусыз кемелдену негізі.
  7. Бір де бір мәселе байқаусыз қалмау үшін бақылау жасап тұр.
  8. Сенімді, сынақтан өткен технологияны пайдалан.
  9. Өз ісін толық меңгерген және де басқаларға да үйретеді деген оймен көшбасшыларды тәрбиеле.
  10. Өз серіктестерің мен мердігерлерді сыйла, оларға қиын сауал қой және орындалуына көмектес.
  11. Жағдайды шешкің келсе, оған өз көзіңмен қара .
  12. Барлық жағдайды ойлап , өлшеп барып шешім қабылда.
  13. Өз компанияңды талмай үйренуші жетілген және қорытынды жасалған ұйымға айналдыр.
  14. Қажырлы еңбек - бәрін жеңбек.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Toyota

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d Annual Report 2016 on the SEC Filing form 20-F  (ағыл.). Toyota Motors Corporation.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 тамыз 2016.
  2. Fortune Global 500
  3. Впервые с 1950-го Toyota закончила год с убытками
  4. Японская Toyota в 2008 г. продала на 4 % меньше автомобилей, чем в 2007 г. Мұрағатталған 13 сәуірдің 2009 жылы.
  5. «Toyota — крупнейший автоконцерн в мире» Ведомости 25.04.2007, № 74 (1848)
  6. Рынок МФО Казахстана за 6 месяцев 2022 года - Zanimaem.kz
  7. Toyota.ru О компании Тойота  (орыс.). — Официальный сайт компании. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 тамыз 2011. Тексерілді, 2 ақпан 2010.
  8. Антикризисная философия: ООО «Тойота Мотор» возглавил новый президент :: РБК daily от 08.06.2009
  9. Тойота Банк :: О Toyota Financial Services
  10. Итоги продаж по периодам за 2003 год Мұрағатталған 13 сәуірдің 2009 жылы.
  11. Итоги продаж за I кв. 2004 ж. Мұрағатталған 14 сәуірдің 2009 жылы.
  12. Итоги продаж за 1-е полугодие 2004 ж. Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2007 жылы.
  13. Итоги продаж за 9 айяцев 2004 ж. Мұрағатталған 14 сәуірдің 2009 жылы.
  14. Итоги продаж за 2004 год Мұрағатталған 14 сәуірдің 2009 жылы.
  15. Итоги продаж за I кв. 2006 ж. Мұрағатталған 30 сәуірдің 2006 жылы.
  16. Итоги продаж за 1-е полугодие 2006 ж. Мұрағатталған 19 наурыздың 2007 жылы.
  17. Итоги продаж за 9 айяцев 2006 ж.(қолжетпейтін сілтеме)
  18. Итоги продаж за 2006 год(қолжетпейтін сілтеме)
  19. Итоги продаж за I кв. 2007 ж. Мұрағатталған 24 тамыздың 2007 жылы.
  20. Итоги продаж за 1-е полугодие 2007 ж. Мұрағатталған 24 тамыздың 2007 жылы.
  21. Интервью: Тадаси Арасима, президент Toyota Motor Europe. Ведомости, № 62 (1836), 9 сәуір 2007
  22. Греф купит Toyota Camry
  23. Такеши Исогая: «Сибирь — удачная площадка для определения сильных и слабых сторон нашей продукции». деловая газета «Континент Сибирь», сәуір 2011
  24. a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t Toyota Motor Corporation (1998). Outline of Toyota. 
  25. World motor vehicle production by manufacturer. OICA (маусым 1, 1999). Тексерілді, мамыр 30, 2010. Toyota and Daihatsu
  26. World motor vehicle production by manufacturer. OICA (маусым 1, 2000). Тексерілді, мамыр 30, 2010. Toyota and Daihatsu
  27. World motor vehicle production by manufacturer. OICA (маусым 1, 2001). Тексерілді, мамыр 30, 2010. Toyota, Daihatsu, Hino
  28. Theautochannel.com (қараша 17, 2004). Toyota Sets Sales Record for Sixth Year in a Row. Пресс-релиз. Тексерілген шілде 25, 2009.
  29. a b c Toyota Motor Corporation (January 24, 2002). Overseas Production Up in CY 2001. Пресс-релиз. Тексерілген мамыр 30, 2010.
  30. a b c (January 27, 2003). Overseas Production Continues to Climb in CY2002. Пресс-релиз. Тексерілген мамыр 30, 2010.
  31. Theautochannel.com (қараша 17, 2004). Toyota Announces Best Sales Year in Its 46-Year History, Breaks Sales Record for Eighth Year in a Row. Пресс-релиз. Тексерілген шілде 25, 2009.
  32. a b c Toyota Motor Corporation (January 26, 2004). Worldwide Production Up in CY2003. Пресс-релиз. Тексерілген мамыр 30, 2010.
  33. a b c Toyota Motor Corporation (January 25, 2005). Worldwide Production and Sales Continue to Increase. Пресс-релиз. Тексерілген мамыр 30, 2010.
  34. Theautochannel.com. Toyota Reports 2005 and December Sales. Пресс-релиз. Тексерілген шілде 25, 2009.
  35. a b c Toyota Motor Corporation (January 26, 2006). TMC Announces Results for December 2005 and CY2005. Пресс-релиз. Тексерілген мамыр 30, 2010.
  36. a b c Toyota Motor Corporation (January 26, 2007). TMC Announces Results for December 2006 and CY2006. Пресс-релиз. Тексерілген мамыр 30, 2010.
  37. Theautochannel.com. Toyota Reports 2007 and December Sales. Пресс-релиз. Тексерілген шілде 25, 2009.
  38. a b c Toyota Motor Corporation (January 28, 2008). TMC Announces Results for December 2007 and CY2007. Пресс-релиз. Тексерілген мамыр 30, 2010.
  39. Toyota Motor Corporation (January 3, 2008). Toyota Reports 2007 And December Sales. Пресс-релиз. Тексерілген September 9, 2012.
  40. a b c TMC Announces Results for December 2008 and CY2008. Toyota Motor Corporation (January 28, 2009). Тексерілді, мамыр 30, 2010.
  41. Toyota Reports 2008 and December Sales. Theautochannel.com. Тексерілді, шілде 25, 2009.
  42. a b c TMC Announces Results for December 2009 and CY2009. Toyota Motor Corporation (January 25, 2010). Тексерілді, мамыр 29, 2010.
  43. Data Center: U.S. total vehicle sales by make, Dec. & YTD. Automotive News (January 11, 2010). Тексерілді, мамыр 29, 2010.
  44. TTAC Announces The Top 3 Automakers Of 2010, The Truth About Cars (шілде 27, 2010). Тексерілді 27 қаңтардың 2011.
  45. Toyota Announces Sales Results for 2010. Toyota Motor Corporation (January 24, 2011). Тексерілді, 27 қаңтар 2011.
  46. a b Toyota Announces Results for December 2010 and CY2010. Toyota Motor Corporation (January 27, 2011). Тексерілді, 27 қаңтар 2011.
  47. Toyota Reports December and 2010 Sales. USA: Toyota (January 4, 2011). Тексерілді, 27 қаңтар 2011.
  48. a b c Toyota Motor Corporation (January 27, 2012). TMC Announces Results for December 2011 and CY2011. Пресс-релиз. Тексерілген September 9, 2012.
  49. Toyota Motor Corporation (January 4, 2012). Toyota Reports December 2011 and Year-End Sales. Пресс-релиз. Тексерілген September 9, 2012.
  50. a b c d (January 28, 2013). TTMC Announces Results for December 2012 and CY2012. Пресс-релиз. Тексерілген February 4, 2013.
  51. Toyota (January 3, 2013). December 2012 and Year-End Sales Chart. Пресс-релиз. Тексерілген January 11, 2013.
  52. a b c d Toyota Motor Corporation (2013-01-29). TMC Announces Results for December 2013 and CY2013. Пресс-релиз. Тексерілген 2014-02-03.
  53. Toyota (January 2013). December 2013 Sales Chart. Пресс-релиз. Тексерілген January 10, 2014.
  54. Toyota. Toyota U.S. Sales Summary. Пресс-релиз. Тексерілген February 14, 2015.
  55. Toyota: A history of the First 50 Years — Toyota Motor Corporation, 1988. — ISBN 0-517-61777-3., p461.
  56. Cumulative worldwide sales of Toyota hybrids top 3M units. 8 наурыз 2011
  57. История и современные проекты Toyota Racing Development Мұрағатталған 17 тамыздың 2010 жылы.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • kk.toyotakz.com — Toyota-ның Қазақстандағы ресми сайты