Тәжіктер: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мазмұны өшірілді Content added
нақтылау
нақтылау
37-жол: 37-жол:


== Тілі ==
== Тілі ==
[[Тәжік тілі]]нде сөйлейді. Тәжіктердің басым көпшілігі [[ислам діні]]нің [[сунниттер|сүннит]] тармағын ұстанады. Аздаған бөлігі [[шииттер]]. [[Антропология]]лық жағынан тәжіктер [[европеоидтік нәсіл]]дің [[памир-ферғана]]лық тобына жатады. Ішінара [[моңғол]]тектілер де кездеседі.
[[Антропология]]лық жағынан тәжіктер [[европеоидтік нәсіл]]дің [[памир-ферғана]]лық тобына жатады. Ішінара [[моңғол]]тектілер де кездеседі. [[Тәжік тілі]]нде сөйлейді.

== Діні ==
Тәжіктердің басым көпшілігі [[ислам діні]]нің [[сунниттер|сүннит]] тармағын ұстанады. Аздаған бөлігі [[шииттер]].


Тәжіктердің халық болып қалыптасуы біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтан басталған (қаласы [[Соғды]]). Олар көне [[Бактрия]], [[Соғды]] және [[Ферғана]] жазығын мекендеп, [[егіншілік]]пен айналысқан халықтардан ([[бактриялықтар]], [[соғдылар]], [[паркандар]]) және көшпелі [[сақтар]]дан қалыптасқан. 6 ғасырда [[Түрік қағандығы]]ның құрылуына байланысты түріктің этникалық ықпалы күшейе бастады. 8 ғасырда [[Араб басқыншылығы|араб жаугершілігі]] кезінде Орта Азияда Тәжіктердің үш этникалық тобы болды: солтүстігінде [[соғдылар]], орталығында [[ферғаналықтар]], оңтүстігінде [[тохарлар]].
Тәжіктердің халық болып қалыптасуы біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтан басталған (қаласы [[Соғды]]). Олар көне [[Бактрия]], [[Соғды]] және [[Ферғана]] жазығын мекендеп, [[егіншілік]]пен айналысқан халықтардан ([[бактриялықтар]], [[соғдылар]], [[паркандар]]) және көшпелі [[сақтар]]дан қалыптасқан. 6 ғасырда [[Түрік қағандығы]]ның құрылуына байланысты түріктің этникалық ықпалы күшейе бастады. 8 ғасырда [[Араб басқыншылығы|араб жаугершілігі]] кезінде Орта Азияда Тәжіктердің үш этникалық тобы болды: солтүстігінде [[соғдылар]], орталығында [[ферғаналықтар]], оңтүстігінде [[тохарлар]].

11:56, 2022 ж. наурыздың 9 кезіндегі нұсқа

Тәжіктер
Тоҷик
Бүкіл халықтың саны

14,000,000

Ең көп таралған аймақтар
 Ауғанстан

8 000 000

 Тәжікстан

4 758 400

 Өзбекстан

1 165 713

 Пәкістан

1,000,000

 Ресей

200,303

 Қырғызстан

46 105

 Қазақстан

36 277

 Украина

4 255

Тілдері

Тәжік тілі

Діні

Ислам

Этникалық топтары

Парсылар

Тәжік ақсақал

Тәжіктер (өздерінше атауы – тоджик) — ұлт, Тәжікстан республикасының байырғы халқы. Тәжіктер Тәжікстанда, Өзбекстанда, Ауғанстанда, сонымен қатар Қазақстанда, Түрікменстанда, Ресейде, Иранда тұрады.

Тілі

Антропологиялық жағынан тәжіктер европеоидтік нәсілдің памир-ферғаналық тобына жатады. Ішінара моңғолтектілер де кездеседі. Тәжік тілінде сөйлейді.

Діні

Тәжіктердің басым көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Аздаған бөлігі шииттер.

Тәжіктердің халық болып қалыптасуы біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтан басталған (қаласы Соғды). Олар көне Бактрия, Соғды және Ферғана жазығын мекендеп, егіншілікпен айналысқан халықтардан (бактриялықтар, соғдылар, паркандар) және көшпелі сақтардан қалыптасқан. 6 ғасырда Түрік қағандығының құрылуына байланысты түріктің этникалық ықпалы күшейе бастады. 8 ғасырда араб жаугершілігі кезінде Орта Азияда Тәжіктердің үш этникалық тобы болды: солтүстігінде соғдылар, орталығында ферғаналықтар, оңтүстігінде тохарлар.

Басқыншыларға қарсы күрес халықтың бір этникалық топқа топтасуына ықпал етті. 9—10 ғасырларда Самани әулеті мемлекетінің құрылуымен тәжік халқының қалыптасуы аяқталды. 10 ғасырдың аяқ кезінде түркі тайпаларының, ішінара моңғол тайпаларының көшіп келіп қоныстануы отырықшы тәжіктердің түркілену барысын тездетті. Бұдан кейін де түркі тайпаларының толассыз көшіп келуі жазықтағы тәжіктердің ғасырлар бойы түркіленуіне әсер етті. Таудағы және қалалы жерлердің түркіленуі баяу жүрді.

Тәжіктер ерте заманнан суармалы егіншілікпен, бау-бақша өсірумен айналысып келген. Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарды. Қолөнері дамыған, әсіресе, ағаштан, алебастрдан (ақ гипстен) ою-өрнек, түрлі бұйым, мүсін, сәндік заттарын жасау дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген.[1]

Тағы көр

Тәжік халқының этногенезі

Сілтемелер

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 8-том