Тәжіктер: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мазмұны өшірілді Content added
сурет қою
толықтыру
48-жол: 48-жол:
== Кәсібі ==
== Кәсібі ==
Тәжіктер ерте заманнан [[суармалы егіншілік]]пен, [[Бау (жер)|бау]]-[[бақша]] өсірумен айналысып келген. [[Мал шаруашылығы]] қосалқы рөл атқарды. [[Қолөнер]]і дамыған, әсіресе, [[ағаш]]тан, [[алебастр]]дан (ақ [[гипс]]тен) [[ою-өрнек]], түрлі бұйым, [[мүсін]], сәндік заттарын жасау дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 8-том</ref>

== Мәдениеті ==
Тәжік ұлтының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрі өте бай. Тәжіктердің салт-дәстүрі өмірлерінің едәуір бөлігін қамтиды: күнделікті тұрмысы мен мерекелеріне дейін. Қалада да, ауылда да тұрмыс-тіршілігімен байланысты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды ұстанады. Тәжікстанның өзінде ауылдарда және шағын қалаларда ұлттық киімдерін киіп жүретіндерді кездестіруге болады. Үйлену тойларында, басқа да іс-шараларда ұлттық би мен музыкасы міндетті түрде ойналады.

Тәжік ұлттық билері ерте орта ғасырға дейін пайда болған. Олар тұрмыстық маңызды оқиғаларда: бала туу, отбасылық мереке және басқа да іс-шаралармен байланыстырылып отырған. Ол бірнеше стильге бөлінеді: памирлік, таулық, бұхаралық, оңтүстік (Хатлон аудандарының тобы), Солтүстік Тәжікстанның Гиссар аңғары. Олардың әрқайсысы түрлі костюмдерімен, қимылдарымен және өңір тұрғындарына тән мәнерлерімен өзгешеленеді.

Тәжік ұлттық биі келесі түрлерге бөлінеді: би-пантомима (ең көне түрі) жануарлар мен құстарға еліктеуге негізделген, жоралғы биі – раксхои маросими, пойамал биі Памир ауданында сақталған. Сонымен қатар салт билеріне «гилем» – кілем, «бофт» – мата, «ошпаз» – аспаз жатады. Ерлер биіне жауынгерлер биі жатады. Олардағы қозғалыстар өкпек болып келеді: динамикалық, жылдам, күш пен қуатты бейнелейді. Шамшербози – қылышпен, кордбози – пышақпен, оташбози – отпен билейтін би. Музыкалық аспаппен билейтін ерлер мен әйелдер биі – ракс бо дутор (дутармен), ракс бо дойра (дабылмен), ракс бо гижжак (гиджак).

== Тағы көр ==
== Тағы көр ==

12:04, 2022 ж. наурыздың 9 кезіндегі нұсқа

Тәжіктер
Тоҷик
Бүкіл халықтың саны

14,000,000

Ең көп таралған аймақтар
 Ауғанстан

8 000 000

 Тәжікстан

4 758 400

 Өзбекстан

1 165 713

 Пәкістан

1,000,000

 Ресей

200,303

 Қырғызстан

46 105

 Қазақстан

36 277

 Украина

4 255

Тілдері

Тәжік тілі

Діні

Ислам

Этникалық топтары

Парсылар

Тәжіктер (өздерінше атауы – тоджик) — ұлт, Тәжікстан республикасының байырғы халқы. Тәжіктер Тәжікстанда, Өзбекстанда, Ауғанстанда, сонымен қатар Қазақстанда, Түрікменстанда, Ресейде, Иранда тұрады.

Тілі

Антропологиялық жағынан тәжіктер европеоидтік нәсілдің памир-ферғаналық тобына жатады. Ішінара моңғолтектілер де кездеседі. Тәжік тілінде сөйлейді.

Тәжік ақсақалы

Діні

Тәжіктердің басым көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Аздаған бөлігі шииттер.

Тарихы

Тәжіктердің халық болып қалыптасуы біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтан басталған (қаласы Соғды). Олар көне Бактрия, Соғды және Ферғана жазығын мекендеп, егіншілікпен айналысқан халықтардан (бактриялықтар, соғдылар, паркандар) және көшпелі сақтардан қалыптасқан. 6 ғасырда Түрік қағандығының құрылуына байланысты түріктің этникалық ықпалы күшейе бастады. 8 ғасырда араб жаугершілігі кезінде Орта Азияда Тәжіктердің үш этникалық тобы болды: солтүстігінде соғдылар, орталығында ферғаналықтар, оңтүстігінде тохарлар.

Басқыншыларға қарсы күрес халықтың бір этникалық топқа топтасуына ықпал етті. 9—10 ғасырларда Самани әулеті мемлекетінің құрылуымен тәжік халқының қалыптасуы аяқталды. 10 ғасырдың аяқ кезінде түркі тайпаларының, ішінара моңғол тайпаларының көшіп келіп қоныстануы отырықшы тәжіктердің түркілену барысын тездетті. Бұдан кейін де түркі тайпаларының толассыз көшіп келуі жазықтағы тәжіктердің ғасырлар бойы түркіленуіне әсер етті. Таудағы және қалалы жерлердің түркіленуі баяу жүрді.

Кәсібі

Тәжіктер ерте заманнан суармалы егіншілікпен, бау-бақша өсірумен айналысып келген. Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарды. Қолөнері дамыған, әсіресе, ағаштан, алебастрдан (ақ гипстен) ою-өрнек, түрлі бұйым, мүсін, сәндік заттарын жасау дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген.[1]

Мәдениеті

Тәжік ұлтының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрі өте бай. Тәжіктердің салт-дәстүрі өмірлерінің едәуір бөлігін қамтиды: күнделікті тұрмысы мен мерекелеріне дейін. Қалада да, ауылда да тұрмыс-тіршілігімен байланысты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды ұстанады. Тәжікстанның өзінде ауылдарда және шағын қалаларда ұлттық киімдерін киіп жүретіндерді кездестіруге болады. Үйлену тойларында, басқа да іс-шараларда ұлттық би мен музыкасы міндетті түрде ойналады.

Тәжік ұлттық билері ерте орта ғасырға дейін пайда болған. Олар тұрмыстық маңызды оқиғаларда: бала туу, отбасылық мереке және басқа да іс-шаралармен байланыстырылып отырған. Ол бірнеше стильге бөлінеді: памирлік, таулық, бұхаралық, оңтүстік (Хатлон аудандарының тобы), Солтүстік Тәжікстанның Гиссар аңғары. Олардың әрқайсысы түрлі костюмдерімен, қимылдарымен және өңір тұрғындарына тән мәнерлерімен өзгешеленеді.

Тәжік ұлттық биі келесі түрлерге бөлінеді: би-пантомима (ең көне түрі) жануарлар мен құстарға еліктеуге негізделген, жоралғы биі – раксхои маросими, пойамал биі Памир ауданында сақталған. Сонымен қатар салт билеріне «гилем» – кілем, «бофт» – мата, «ошпаз» – аспаз жатады. Ерлер биіне жауынгерлер биі жатады. Олардағы қозғалыстар өкпек болып келеді: динамикалық, жылдам, күш пен қуатты бейнелейді. Шамшербози – қылышпен, кордбози – пышақпен, оташбози – отпен билейтін би. Музыкалық аспаппен билейтін ерлер мен әйелдер биі – ракс бо дутор (дутармен), ракс бо дойра (дабылмен), ракс бо гижжак (гиджак).

Тағы көр

Тәжік халқының этногенезі

Сілтемелер

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 8-том