Батиндер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:45, 2023 ж. қаңтардың 14 кезіндегі Мағыпар (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (үлгі)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Батиндер
Бүкіл халықтың саны

80 000

Ең көп таралған аймақтар

Индонезия Индонезия

Тілдері

Малай тілі

Діні

мұсылман-сүнниттер

БатиндерИндонезиядағы халық. Олар Суматраның орталық аудандарындағы Тембеси өзенінің аңғарында тұрады. Халқы 80 мың адам.[1] Өздерін Джамби провинциясы территориясының байырғы тұрғындары деп есептейді. Батиндердің этникалық қауымдастығына малайлар, минангкабау, керинчелер және явандықтардың өкілдері кірді.[2]

Тілі

Малай тілінің диалектісінде сөйлейді.[3]

Діні

Сенушілер – мұсылман-сүнниттер. Ислам дінін қабылдаған батиндер малайлықтармен ассимиляциялануда.

Кәсібі

Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (құрғақ күріш, банан, тамыр жемістер, түйнектер), олар сонымен қатар буйвол, ешкі, құс өсіреді, резеңке плантацияларында жұмыс істейді, аң аулайды.

Өмір салты

Олар көсемдер басқаратын (туменгунг немесе пангеран) аумақтық топтар бойынша қоныстанған (батин немесе суку). Матрилиналды руларды көсем басқарады (батин). Неке матрилокалды.

Дереккөздер

  1. Словари и энциклопеди на Академике https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1741836
  2. Батины https://kartaslov.ru/%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0-%D0%B7%D0%BD%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B9/%D0%91%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BD%D1%8B
  3. Әлем халықтарының энциклопедиясы. Батиндер http://www.etnolog.ru/people.php?id=BATI