Дирижабль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дирижабль (фр. dirigeable — басқарылатын) — ауадан жеңіл газдынсутек немесе гелийдің көтеру күшімен ауаға көтерілетін сигара пішінді ұшатын аппарат. Басқарылмайтын аэростаттан дирижабльдің ерекшелігі, кез келген бағытқа ұшу мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше қозғалтқышы болады. Дирижабльдің жүк көтергіштігі мен ұшу қашықтығы мол. Дирижабльдің тік бағыттағы козғалысы биіктік рульдерімен, ал үлкен ауысулар — газдың аз бөлігін жіберумен (түсу кезінде), балласты тастаумен (кәтерілу кезінде) реттеліп отырады. Көлденең жазықтықта дирижабль бағыт рульдерімен басқарылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001