Жаңатас
Қала | |
Жаңатас | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
43°33′45″ с. е. 69°44′38″ ш. б. / 43.56250° с. е. 69.74389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°33′45″ с. е. 69°44′38″ ш. б. / 43.56250° с. е. 69.74389° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1964 |
Қала статусы |
1971 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
25 583[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
08 |
Жаңатас шекарасы
|
Жаңатас — Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы қала, аудан орталығы (1997 жылдан).
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыс орталығы — Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік беткейінде жусан, күйреуік, баялыш өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
20731 | ▲25018 | 120,7 | 10169 | ▲12298 | 120,9 | 10562 | ▲12720 | 120,4 |
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі ірі фосфорит кенін игеруге байланысты 1964 жылы қалана бастады. 1969 жылы кентке, 1971 жылы қалаға айналды. Қалада бұрынғы фосфорит өндірісінің негізінде құрылған акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бірнеше мектеп, мұражай, мәдениет үйі, 2 кітапхана, спорт мектебі, клуб, аурухана, тубдиспансер, аудандық санэпидемиологиялық станция бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жол (Тараз — Жаңатас темір жол тармағы) арқылы қатынасады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|