Сәтбаев (қала)
Қала | |||
Сәтбаев | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Облысы | |||
Әкімі |
Мұрат Бөрібаев | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
47°54′ с. е. 67°32′ ш. б. / 47.900° с. е. 67.533° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°54′ с. е. 67°32′ ш. б. / 47.900° с. е. 67.533° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1954 | ||
Бұрынғы атаулары |
Никольский | ||
Қала статусы |
1973 | ||
Жер аумағы |
1100 км² | ||
Климаты |
қатаң-континенталды | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
68 379[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (67,63 %) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 71063 | ||
Пошта индексі |
101302 | ||
Автомобиль коды |
20 | ||
Сәтбаев қаласының әкімдігі (қаз.) | |||
Сәтбаев шекарасы
| |||
Ортаққордағы санаты: Сәтбаев |
Сәтбаев — Ұлытау облысындағы қала. 1973 жылы құрылған. Қала аумағы 1,1 мың шаршы километрге тең. Халық саны 68379 адам. Жезқазған қаласынан 16 км жерде орналасқан. Негізгі өндірісі - мыс.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп оның қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты.Қаныш атындағы қала жыл сайын өсіп өркендей түсуде.Топырағында дананың ізі қалған қалада бұл күндері Қ.Сәтбаев атындағы көше, мектеп, ғалымның ескерткіші бой түзесе, ең бастысы қазақтың біртуар ұлының ізбасарлары жарқын істердің жасампаз жалғастырушысы бола білуде. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы поселкасы ретінде қаланып, Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, тәуелсіздік тұғырын көтеруге ұмтылған тұрғындардың өтініш – тілегіне орай 1990 жылдың 13 қыркүйегінде шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді.
Қала дамуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2000 жылдан бастап «Жасыл қала», «Таза қала», «Таза му», «Дизайн-2000», «экономиканың нақты секторларын дамыту» сияқты көптеген бағдарламалардың қабылдануы іске жаңаша серпін берген еді.Сол жылдың өзінде минералды су және жеміс сусындарын шығаратын завод, «Серебряная нить» тігін кәсіпорны, «Сарыарқа-нан», «Ақбұлақ» акционерлік қоғамдарында сапалы өнім өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтар орнатылды.. Кеншілер алаңы, Комаров көшелері жаңартылып, асфальт төселген басты көшелер жаңаша кейіпке енді. Қалада ықшам аудандар кеңесі құрылып, әкімдік негізгі шаруаларды солар арқылы қолға алады. Осылай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2000 жылы Сәтбаев үлгілі қала атанды.
2005-2007 жылдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша 30,8 мың жаңа үй салынып, 350 отбасы жәйлі пәтермен қамтамасыз етілмек. Қалада кейінгі екі-үш жылдың бедерінде мешіт, шіркеу, №1 орталық аурухана, тіс емдеу орталығы көптеген сәнді дүкендер мен мейрамханалар бой көтерді. Сәтбаев қаласындағы білім ұялары С.Сейфуллин атындағы гимназия мен Абай атындағы мектеп-лицей республикадағы үздік мектептер қатарынан саналады. Барлық мектептер компьютер техникалары мен жабдықталған , 27 оқушыға бір компьютерден келеді.
Халық саны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 70,6 мың адамды құрады.
Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ, 1 ауылдық елді мекен бар.
2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының:
- 58,7%-ы қазақтар,
- 24,3%-ы орыстар,
- 1,7%-ы немістер,
- 2,7%-ы татарлар,
- 6,2%-ы украиндер,
- 0,9%-ы белорустар,
- 5,5%-ы басқа ұлт өкілдері.
2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер:
- туылу – 18,22
- өлім – 12,04
- табиғи өсім – 6,18
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны “Қазақмыс Корпорация” ААҚ-ның жұмыскерлерін есептемегенде 3993 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы – 32115 теңге.
2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1388,1 млн. теңгені құрады.
Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 3943,8 млн. теңге сомасында игерілді немесе 2005 жылғы көлемінен 106,1%-ын құрады.
Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 81,9 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 109,5%-ын құрады.
2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 2225,8 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 1262,2 млн. теңге.
Қалада 2007 жылға 189 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде
4 ірі, 28 орта, 157 шағын субъектілері.
Негізгі экономикалық бағыт:
тамақ өндірісі.
Қаланың негізгі кәсіпорындары:
«Вертекс - Инициатив» ЖШС, «Рудсервис К» ЖШС
Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:
- макарон өнімдері;
- нан өнімдері.
Ауыл шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы өнімі құрады.
2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 23 шаруа қожалығы, 2,2 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 25,0 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1мың га - егістік алқаптар.*
2006 жылы астыққа 0,1 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде
картоп және көкөніс 0,1 мың га.
2006 жылы
- 1,0 мың тонна картоп,
- 1,0 мың тонна көкөніс дақылдары,
- 0,2 мың тонна ет (тірі салмақта);
- 1,6 мың тонна сүт;
257,5 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2007 жылғы 1 қаңтарға
- ірі қара мал саны 2,9 мың бас;
- қой мен ешкі - 6,0 мың бас;
- шошқа - 0,4 мың бас;
- жылқы - 0,1 мың бас;
- құс - 4,1 мың бас.
Білім
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалада 2006/2007 оқу жылы басына
• 15 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 12866 оқушы оқиды,
• 2 кәсіби-техникалық оқу орнында 958 оқушы оқиды.
Қалада
• 3 кітапхана,
• 2 клуб типті мекеме жұмыс істейді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|
|