Жаңаөзен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Жаңаөзен
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Маңғыстау облысы

Ішкі бөлінісі

Шағын аудандар

Әкімі

Жансейіт Қайнарбаев

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°18′ с. е. 52°48′ ш. б. / 43.300° с. е. 52.800° ш. б. / 43.300; 52.800 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°18′ с. е. 52°48′ ш. б. / 43.300° с. е. 52.800° ш. б. / 43.300; 52.800 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1964

Алғашқы дерек

1964

Бұрынғы атаулары

Новый Узень

Қала статусы

1968

Жер аумағы

51,5 км²

Климаты

Шұғыл континентті, Құрғақшыл

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

74 357[1] адам (2023)

Тығыздығы

1435 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар 98,75 %
орыстар 0,59 %
басқалары 0,66 %[2]

Конфессиялар

Ислам

Этнохороним

Жаңаөзендік

Ресми тілі

Қазақ

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 2934

Пошта индексі

130200

Автомобиль коды

12

Жаңаөзен қаласының әкімдігі
 (қаз.) (орыс.)

Жаңаөзен картада
Жаңаөзен
Жаңаөзен
Жаңаөзен картада
Жаңаөзен
Жаңаөзен

ЖаңаөзенМаңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан. Тұрғыны 74,4 мың адам (2023).

Алпысыншы жылдардың басында Өзен кенорнына барлаушы-геологтар түпкілікті қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жұмыстарын жоспарлы жүргізді. Қызылсайда алғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастады. Алғашында жертөлелер мен вагондар орналастырылып, соңынан сол маңдағы жерқабақтардағы жұмыс тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдаланады. Сөйтіп барлаушы-геологтар мекені Өзен поселкесі пайда болды. Түбекті игерушілердің жанқиярлық еңбегі босқа кетпеді. Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.

1968 жылы 21 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының қаулысымен Гурьев (қазіргі Атырау) облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды.

Жаңаөзен оқиғалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1989 жылы жергілікті халық сырттан келген жұмысшылардың қазақтарға қатысты кемсітушілігіне наразылық танытып бас көтерді. Кавказ ұлтының өкілдерін арнайы ұшақтармен көшірді. Халықтың бас көтеруі "Витязь" арнайы әскер жасағының күшімен тоқтатылды.

16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңына еңбек дауына байланысты жеті айдан бері ереуілге шыққан Өзенмұнайгаз мекемесінің бұрынғы қызметкерлері мен жергілікті құқық қорғау органдары арасында болған қақтығыс. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қару қолданылып, оқ атылды. Қаладағы тәртіпсіздіктер коммерциялық нысандар мен мемлекеттік органдардың ғимараттарына ауысты. Полиция оқ қару қолдануы салдарынан ереуілшілер тарапынан көп адам опат болып, көбі жараланды.

Халық саны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің (Теңге және Қызылсай селоларында, Рахат кентінде) туу көрсеткішінің есебінен жыл басынан бері 4500 адамға өсіп, халқының саны 130 000 адамды немесе облыс бойынша халық санының 22,2 пайызын құрайды. Жаңаөзен қаласының әкімшілік - аумақтық құрамына 2 селолық округ - Теңге (18700 адам) және Қызылсай (3500 адам), сондай ақ 2012 жылы жаңадан құрылған Рахат кенті (30800 адам) кіреді.

Жаңаөзен қаласы
Этнос Саны, адам[3] Пайыздық үлесі, %
Қазақтар 149 092 98,67
Орыстар 1 008 0,66
басқа этностар 998 0,67
Санақ жылы Саны, адам Ер адам саны Әйел адам саны
1989[4] 48 339 23 765 24 574
1999[5] 48 871 24 029 24 842
2009[5] 91 332 45 079 46 253
2015[6] 87 181[7] - -
2019[5] 81 581[7] 44 259 37 322

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас филиалы

Есепті кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданыстағы бағада 141,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 112,4 пайызды құрады. Жаңаөзен қаласының мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бiрі-"Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚазГӨЗ" ЖШС. 2012 жылдың сәйкес кезеңінен мұнай өндіру көлемі 457,4 мың тоннаны құрады немесе 2,9 пайызға көбейді.

Билік органдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала дәрежесіндегі әкімшілік бірліктің басшысы - әкім деп аталады. Әкімді Президент тағайындайды.

# Жылдар Аты-жөні Қосымша
1. 1995 жыл - желтоқсан 1999 жыл Абылхан Машани
2. желтоқсан 1999 жыл - желтоқсан 2009 жыл Жалғас Бисалыұлы Бабаханов
3. желтоқсан 2009 жыл - ақпан 2012 жыл Орақ Қуанғалиұлы Сарбөпеев
4. ақпан 2012 жыл - 10 шілде 2015 жыл Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов
5. 10 шілде 2015 жыл - 21 желтоқсан 2017 жыл Елубай Жақайұлы Әбілов
6. 21 желтоқсан 2017 жыл - 4 қыркүйек 2019 жыл Әділбек Құлынтайұлы Дауылбаев
7. 4 қыркүйек 2019 жыл - Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров

Транспорты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаладан Солтүстік-Оңтүстік темір жол линиясы басталады (Жаңаөзен - Гызылгая - Берекет - Этрек - Горган бағыты).

Қала тұрғындары облыс орталығымен, басқа елді мекендермен автомобиль және темір жолдарымен қатынасады. Жаңаөзеннен ӨзенАтырауСамара мұнай құбыры, ӨзенСайөтешБейнеу газ құбыры басталады. Қала ҚиғашАтырауҚұлсарыБейнеуСайөтешӨзен магистралдық су құбыры арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. [8]

Оқу орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қалада 6 колледж бен 1 лицей орналасқан.

Колледждер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Маңғыстау облыстық медицина колледжінің бас ғимараты
  • Маңғыстау облыстық медицина колледжі
  • Жаңаөзен мұнай мен газ колледжі
  • "Лингва" тіл мен аударма колледжі
  • Жаңаөзен политехникалық колледжі
  • "Каспий" педагогика мен өнеркәсіптік технологиялар колледжі
  • Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі
  • Жаңаөзен кәсіпқой лицейі
"Мұнайшы" мәдениет үйі

Қалада қалалық мұражай, "Мұнайшы" мәдениет үйі, "Жалын" кинотеатры, "Өнер" МКҚК, кітапханалар бар. Қалаға іргелес Қызылсай мен Теңге селоларында "Шаңырақ" және "Атамұра" мәдениет үйлері бар.

Қалада қарауға тұрарлық жерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бала мен дельфин скульптурасымен әшекейленген фонтан
  • Бала мен дельфин скульптурасымен әшекейленген фонтан
  • Тәуелсіздік алаңы
  • Қашаған ескерткіші
"Дулыға" алаңы
  • "Дулыға" алаңы
Мұнайшылар аллеясы
  • Мұнайшылар аллеясы
  • 1989 жылға арналған ескерткіш
  • Мұнайшыларға арналған ескерткіш
Қалалық сүнниттік мешіт

Қалада және іргелес селоларда қалалық сүнниттік мешіті, Қызылсай мен Теңге селоларының сүнниттік мешіттері жұмыс істеуде. 2016 жылы қаладаға ең ірі "Әбіш-Қожа" мешіті ашылды.

Спорттық клубтар:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Мұнайшы" футзал клубы футзалдан ҚР әуесқойлар чемпионатында өнер көрсетуде.

Спорт үйлері:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Рахмет Өтесінов атындағы Дене - Шынықтыру Сауықтыру Комплексі

Бауырлас қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қала Жыл Елі
Ақтау 2012  Қазақстан

Белгілі адамдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жаңаөзенде тұрған әлде туған:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]