Уикипедия:Бүгін/Қаңтар
Бүгін |
Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан |
Жобадағы жуықтағы өзгерістер – Уикипедия:Бүгін жобасын өңдеу нұсқаулары
Қазір 06:22 Жұма, 1 қараша, 2024 (UTC+5) – Бұл бетті жаңарту
<< | Қаңтар оқиғалары |
>> | ||||
Жек | Дүй | Сей | Сәр | Бей | Жұм | Сен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 | |||
Басты бетте көрінетін тарихи оқиғалар мұрағаты 2024 күн орналастыруы |
- Әлемнің басым бөлігінде Жаңа жыл мерекесі тойланады
- 1801 — «Одақ актісі» негізінде Ұлыбритания және Ирландия біріккен патшалығы құрылды; Ұлыбритания мен Ирландияның ресми түрде бірігуі
- 1944 — Алғаш рет Александр Александровтың әніне жазылған КСРО әнұраны ойналды
- 1922 — Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, белгілі әнші Роза Бағланова дүниеге келді
- 1943 — филолог-шығыстанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов дүниеге келді
- 1995 — Қазақстанда жаңа төлқұжат пен жеке куәлік енгізілді
– тарихы
- 1919 — Ригадағы жұмысшылар көтерілісі.
- 1959 — Алғаш рет Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа Айды зерттеу үшін кеңестік ғарыштық аппарат жіберілді.
- 1967 — Рональд Рейган Калифорния губернаторы болып тағайындалды.
- 1968 — Оңтүстік Африкада Кристиан Барнардтың алғашқы рет адамнан адамға жүрек ауыстырды
- 1992 — Норвегия Патшалығы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.
– тарихы
- 630 — Меккенің жаулап алынуы.
- 1851 — Жан Фуко өз үйінің жертөлесінде тәжірбие жүзінде Жердің Күнді (суретте) айналуын көрсетті.
- 1925 — Бенито Муссолини «Дуче» титулын қабылдады.
- 1959 — Аляска АҚШ-тың 49-штатына айналды.
- 1992 — Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
– тарихы
- 1643 — Исаак Ньютон (суретте), ағылшын физигі, математигі, астрономы, философы, теологы өмірге келді.
- 1859 — Карел Вацлав Райс, чех жазушысы, реализм өкілі, балалар мен ересектерге арналған кітаптар мен поэмалардың авторы дүниегек келді.
- 1882 — Джон Драпер (en:John William Draper), Айдың бірінші фотографиясын жасаған американдық химик (1811) қайтыс болды.
- 1928 — Хендрик Антон Лоренц, атақты голланд физигі дүниеден озды.
- 1936 — Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы мұражай ашылды.
- 1954 — "Сан рекордс" студиясына өз орындауында екі ән жаздыруға бір жігіт келді. Ол Элвис Пресли еді.
- 1999 — 11 еуропалық мемлекет ортақ еуро ақшасын енгізді.
– тарихы
- 551 — Түрік қағанаты құрылды. Оған Қазақстан аймағының көп бөлігі енді.
- 1935 — «Литературный Казахстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
- 1935 — Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі дүниеге келді
- 1973 — АҚШ-та жолаушыларды ұшаққа отырғызар кезде электронды темір іздегішпен тексеру басталды.
– тарихы
- 1898 — алғаш рет жағалау мен кеме арасын жалғайтын телефон байланысы құрылды.
- 1937 — КСРО-да халық санағы жүргізілді. Санақ жобасын кәсіби статистиктер жасағанмен, Сталин тарапынан ол қысқарып, өзгертілді. Санақ нәтижесінде сталиндік саясаттың сұмдығы анық көрінді.
- 1939 — Берлинде Отто Ган мен Фриц Штрасман атты ғалымдар нейтрондар арқылы ураннан ядроны бөлуге болатынын ашты. Олар, сондай-ақ ядролық энергияны пайдалануға алғашқы қадам жасағандар. Өкінішке орай тәжірибе жүзінде атом бомбасы болып шықты.
- 1412 — Жанна д’Арк, аты аңызға айналған Францияның халық батыры дүниеге келді.
- 1943 — Розалин Майлз, ағылшын жазушысы, әйелдерге арналған көптеген романдардың авторы туылды.
- 1919 — Теодор Рузвельт, америкалық саясаткер, АҚШ-тың 25-ші президенті дүниеден озды.
- 2006 — Қазақстанның жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды
– тарихы
Рождество мерекесі
- 1610 — Галилео Галилей Юпитердің бірден төрт серігін ашты.
- 1914 — алғашқы пароход Панама арнасын кесіп өтті.
- 1965 — Индонезия өзінің БҰҰ-нан шығатындығын жариялады.
- 1980 — Индира Ганди қайта Үндістанның премьер-министрі болды.
- 1989 — Жапонияның мұрагер ханзадасы – Акихито император атанды.
– тарихы
- 1324 — итальян саяхатшысы Марко Поло қайтыс болды.
- 1642 — Галилео Галилей (1564 ж.т.) итальян философы, математик, физик, механик және астроном қайтыс болды.
- 1926 — Әбділ Әзиз ас-Сауд Хиджаз тағына отырды
- 1935 — Элвис Пресли (1642 ж.қ.б.), америка әншісі, актер. XX ғасырдағы үздік әндердің орындаушысы дүниеге келді.
- 1942 — Стивен Хокинг, британдық физик-теорик және космолог дүниеге келді.
- 1997 — ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Жамбыл қаласының аты Тараз болып өзгертілді.
– тарихы
- 1793 — француз Жан Пьер Бланшар әуе шарымен Американың үстімен алғаш рет ұшып өтті.
- 1799 — Англияда алғаш рет табыс салығы енгізілді.
- 1905 — орыс тарихында өте қайғылы оқиға орын алды: императордың бұйрығымен өз жанұяларымен Қысқы сарайға бет алған жұмысшылар атылды. Олар бейбіт ойда болатын, әйелдері мен балаларын ертіп ханға барып, өз қайғыларын ортаға салғысы келген еді.
- 1951 — БҰҰ-ның Нью-Йорктегі ғимараты ресми түрде ашылды.
- 1904 — Әбілхан Қастеев қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі дүниеге келді.
– тарихы
- 1915 — Ілияс Есенберлин, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы дүниеге келді.
- 1946 — Лондондағы БҰҰ Бас Ассамблеясының алғашқы бас қосуы
– тарихы
Бүкіләлемдік «рақмет» күні
- 1700 — Ресейде византия күнтізбесінің орнына юлиан күнтізбесі енгізілді.
- 1879 — Британ империясы зулустарға соғыс ашты.
- 1906 — Альберт Хофманн (суретте), Швейцария химигі дүниеге келді.
- 1928 — әйгілі ағылшын жазушысы – Томас Харди (1840 жылы туған) қайтыс болды.
- 1949 — Лос-Анджелесте алғаш рет қар жауды.
- 2011 — Windows XP Service Pack 3 жалпы қолданылыстан түсіп қалды.
– тарихы
- 1876 — америкалық жазушы – Джек Лондон дүниге келді.
- 1912 — мемлекет және қоғам қайраткері – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев дүниеге келді.
- 1955 — Байқоңыр ғарыш кешенінің құрылысы басталды
- 1976 — әйгілі ағылшын жаузышсы – Агата Кристи қайтыс болды
- 2010 — Гаитидегі жер сілкінісі 220 мың адамның өмірін алды.
- 2015 — академик Мұхтар Әлиев қайтыс болды.
– тарихы
- 1906 — радиода жарнама жасаудың туған күні.
- 1906 — алғаш радио ойлап тапқан Александр Степанович Поповтың туылған күні.
- 1915 — Авеццано маңындағы жер сілкінісі, Италия: 30 мың адам қайтыс болды.
- 1926 — Алғаш Қазақ драма театры құрылды
- 1993 — Парижде химиялық қаруды қолдануға, жасауға, өндіруге, тыйым салу туралы Конвенция қабылданды. Қазақстан оған 1999 жылы қол қойды.
– тарихы
- 1904 — қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы – Әбілхан Қастеев дүниге келді
- 1935 — Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясы құрылды
- 1827 — орыс географы, ботаник, статистик, мемлекет және қоғам қайраткері – Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский қайтыс болды.
– тарихы
Мейрамдар
- Уикипедия күні
Оқиғалар
- 1988 — Израиль әскері Ақса мешітін басып алуы.
- 1934 — Қазақ ұлттық университетінің негізі қаланды
- 1938 — Атырау, Қызылорда, Павлодар облыстары құрылды
Туғандар
- 1918 — Абдель Насер Гамаль, Египет армия офицері, 1956-1970 жылдары президенті болған
- 1929 — Кинг Мартин Лютер, АҚШ-тағы негрлердің азаматтық құқықтары үшін күрес басшыларының бірі, америкалық діни әрі қоғам қайраткері, теология докторы.
- 1955 — Ұлбосын Ахметжанқызы Жанпейісова педагогика ғылымдарының докторы, професор
- 1977 — Серік Сақболдаұлы Әбденов, қоғам және мемлекет қайраткері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2012 жылдан бастап).
Қайтыс болғандар
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
Туғандар
- 1728 — Никколо Пиччини, итальяндық композитор (1800).
- 1749 — Витторио Альфьери, итальяндық ақын (1803).
- 1931 — Йоханнес Рау, неміс мемлекеттік қайраткері (2006).
- 1958 — Букреев Анатолий Николаевич, альпинист, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Қайтыс болғандар
- 1794 — Эдуард Гиббон, ағылшын тарихшысы (1737).
- 1901 — Арнольд Беклин (1827), Швейцария суретшісі.
- 1962 — Иван Мештрович (1883), хорват мүсіншісі.
- 1984 — Ян Новак (en:Jan Novak), чех композиторы (1921).
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1773 — «Resolution» кемесі Джеймс Кук басқаруымен тарихта алғашқы рет Оңтүстік полярлық шеңберді кесіп өтеді
- 1966 — Испания әуе кеңістігіндегі авиаапатта төрт термоядерлық бомбалар жоғалып кетеді
- 1991 — Парсы шығанағында көпұлтты әскери күштер «Шөлдегі бұрқасан» операциясын бастады
- 2002 — Ньирагонго жанартауы атқылауынан Гома қаласындағы 4500 ғимарат жойылады
Туғандар
- 1706 — Бенджамин Франклин, американ ғалымы, журналист, саяси қайраткер (1790).
- 1835 — Антанас Баранаускас, литов ақыны (1902).
- 1847 — Николай Егорович Жуковский, орыс ғалымы, аэродинамиканы негіздеуші (1921).
- 1849 — Каррьер, Эжен — француз суретшісі.
- 1860 — Антон Павлович Чехов, орыс драматургі (1904).
- 1942 — Мұхаммед Әли (Кассиус Клей), кәсіпқой бокстан әлем чемпионы
Қайтыс болғандар
- 1860 — Жан Офюст Доминик Энгр (1780), француз суретшісі.
- 1964 — Теренс Уайт (1906), ағылшын жазушысы.
- 1969 — Гражина Бацевич (1913), поляк композиторы.
- 2002 — Камило Хосе Села (1916), испан жазушысы, 1989 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1778 — ағылшын теңізшісі Джеймс Кук Гавай аралдарын ашып оны Сандвич аралдары деп атады.
- 1919 - Париж бітім конференциясы басталды
- 1871 — Версаль сарайында Франк-пруссиялық соғыс нәтижесі бойынша француздар жеңіліп Герман империясы жарияланды.
- 1886 — алғашқы автомобиль шықты.
Туғандар
- 1689 жыл — Шарль Луи Монтескье (10 ақпан 1755 жылы қ.б.) француз ағартушысы, философ, әлеуметтанушы
- 1955 жыл — Кевин Костнер, танымал америкалық киноактер
Қайтыс болғандар
- 1936 — Редьярд Киплинг, ағылшын жазушысы, ақын және 1907 жылғы Нобель сыйлығының иегері.
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1903 — алғашқы «Тур де Франс» деп аталатын веложарыстың өтетіні туралы хабарланды. Бүгінде ол ең көп танымал, айтулы жарыстардың бірі.
- 1907 — «Variety» журналында кинофильмдерге байланысты алғашқы рецензия жарық көрді.
- 1915 — париждік Жорж Клод неоннан жасалған жарнама маңдайша жазуын патенттеді.
Туғандар
- 1809 — Эдгар По, американ жазушысы және ақын.
- 1851 — Якобус Каптейн, Нидерланд астраномы.
- 1859 — Шарль Диль, французский историк
- 1912 — Леонид Канторович, кеңес математигі, экономист, 1975 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
Қайтыс болғандар
- 1570 — Парис Бордоне, итальян суретшісі.
- 1878 — Анри Реньо, француз химигі, физигі (1810).
- 1938 — Бранислав Нушич, серб жазушысы және драматург.
- 1964 — Фридрих Швассман, неміс астрономы.
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1961 — Джон Фицджеральд Кеннеди, АҚШ-тың 35-шы президенті болып сайланды.
- 1990 — Бакудегі қанды оқиға — 1990 жылы қаңтардың 19-ынан 20-сына қараған түнде Бакуде жүзеге асырылған әскери қылмыстық әрекет.
Туғандар
- 1586 — Иоганн Герман Шейн, неміс композиторы.
- 1775 — Андре Мари Ампер, француз физигі, математигі.
- 1855 — Эрнест Шоссон (en:Ernest Chausson), француз композиторы.
- 1902 — Назым Хикмет, түрік жазушысы және ақын.
- 1907 — Манфред фон Арденне, неміс физигі.
- 1926 — Цой Гук Ин (ҚХДР, Хамбрук провинциясы, Лидэ стансасы), кинорежиссер.
Қайтыс болғандар
- 1813 — Христоф Мартин Виланд (1733), неміс жазушысы.
- 1875 — Жан Милле (1814), француз суретшісі.
- 1984 — Джонни Вайсмюллер (1904), американ жүзушісі, Олимпиялық ойындардың 5 дүркін чемпионы.
- 1985 — Ғабиден Мұстафин, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.
- 1994 — Мэтт Басби (1909), әйгілі ағылшын футбол бапкері.
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1976 — Дауыс жылдамдығынан тез British Airways компаниясының «Конкорд» жолаушылар әуекемесі алғашқы коммерциялық рейсін Лондон — Бахрейн бағыты бойынша жасады. Сол күні «Конкордпен» жаңа Париж — Дакар бағытын да Air France компаниясы ашады.
Туғандар
- 1886 жыл — Рональд Фербенк (21 мамыр 1926 жылы қ.б.), ағылшын жазушысы
- 1953 жыл — Пол Аллен, американдық кәсіпкер, Майкрософт Корпорациясының қалаушыларының бірі.
Қайтыс болғандар
- 1775 жыл — Емельян Пугачёв (1742 жылы 21 қаңтарда т.), дон казагы, Шаруалар көтерілісінің басшысы
- 1892 жыл — Джон Адамс, Нептунтың бар екендігін және орналасқан орнын есептен шығарған британ математигі (1819 жылы т.).
- 1924 жыл - Владимир Ильич Ленин, КСРО мемлекетінің іргесін қалаушы, Коммунистік жүйенің көсемі.
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1506 жыл — Рим папасы Юлий II Ватиканға швейцарлық ұландарды қызметке шақырады, содан бері олар папа резиденциясын күзетеді.
- 1861 жыл — француз саяхатшысы Анри Муо Камбоджа ормандарында ауқымды Ангкор-Ват шіркеу жүйесін табады.
- 2005 жыл — КХДР сыртқы істер министрі Ким Ке Гван ҚХДР ядролық держава деп жариялады.
Туғандар
- 1788 жыл — Джордж Байрон (1824 ж. қ.б.), ағылшын ақыны, романтизм бағытының көрнекті өкілі, 6-шы барон Байрон, лорд.
- 1908 жыл — Лев Давидович Ландау (1968 ж. қ.б.), физик, КСРО ҒА академигі, физикадан (1962) Нобель сыйлығы иегері.
Қайтыс болғандар
- 1922 жыл — Фредрик Байер (1837 ж. т.), данилық саясаткер, пацифист, Бейбітшілік бюросыны қалаушы, Нобель сыйлығы иегері.
- 1922 жыл — Мари Энмон Камиль Жордан (1838 ж. т.), француз математигі.
- 1951 жыл — Харальд Бор (1887 ж. т.), даниялық математик, Бор-Ландау теоремасы авторы, физик Нильс Бордың бауыры.
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1556 — Шэньси жерсілкінісінде шамамен 830 мың адам мерт болды. Бұл адамзат тарихындағы ең жантүршігерлік жерсілкініс болып табылады.
- 1895 — норвегиялық экспедиция мүшелері Антарктида жағасына түскен алағашқы адамдар болды.
- 1950 — Иерусалим Израиль астанасы болып жарияланды.
- 1960 — Жак Пикар мен Дон Уолш Триест батискафымен Мариана шұңғымасына рекордтық 10916 м тереңдікке түседі.
Туғандар
- 1832 — Эдуар Мане (1883), француз суретшісі, импрессионизмнің негіздеушісінің бірі.
- 1862 — Давид Гильберт (1943), неміс математигі.
- 1897 — Маргарете Шютте-Лихотски (2000), Австрия архитекторы
- 1907 — Хидеки Юкава (1981), физикадан 1949 жылы Нобель сыйлығын алған бірінші жапондық.
- 1919 — Боб Пэйсли (1996), ағылшын футболшысы және Ливерпуль футбол клубының әйгілі бапкері.
Қайтыс болғандар
- 1837 — Джон Филд (1782), Ирландия композиторы.
- 1944 — Эдвард Мунк, Норвегия суретшісі (1863).
- 1957 — Рэй Каммингс (1887), американ жазушысы.
- 2002 — Пьер Бурдье, француз әлеуметтанушысы және философы
- 2015 - Сауд Арабиясының Королі Абдуллах бен Абдель Әзиз Әл Сауд (1924).
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
- 661 — Хазірет Әли (қ.у.) Куфә мешітінде шахид болды
- 1924 — алғашқы Қысқы Олимпиада ойындары басталды
- 1984 — алғашқы персоналды компьютер Apple Macintosh шықты.
Туғандар
- 1776 — Эрнст Теодор Вильгельм Амадей Гофман, неміс жазушысы, композитор, суретші (1822).
- 1873 — Дмитрий Николаевич Ушаков (1942), орыс филологы.
- 1888 — Эрнст Хейнкель, неміс әуе құрастырушысы.
Қайтыс болғандар
- 1915 — Артур Ауверс (en:Arthur Julius Georg Friedrich von Auwers) (1838), неміс астрономы.
- 1924 — Амедео Модильяни, 19 және 20 ғасырдың әйгілі суретшілердің бірі (1884).
- 1947 — Феликс Тиммерманс (en:Felix Timmermans) (1886), Бельгия жазушысы және ақыны.
- 1965 — Уинстон Черчилль, ағылшын саяси қайраткері, Ұлыбритания премьер-министрі, әдебиеттен Нобель сыйлығының иегері. (1874).
- 2004 — Леонидас да Силва (1913), аты аңызға айналған Бразилия футболшысы.
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1915 — Александр Белл Нью-Йорк пен Сан-Францисконы байланыстыратын телефон ойлап тапты. «Телефон» грек тілінен аударғанда «теле» - алыс, «фон» - үн деген мағына береді.
- 1924 — алғаш рет Францияда қысқы Олимпиядалық ойындар басталды.
- 1930 — Алматы солтүстік Түрксіб темір жолына қосылды.
Туғандар
- 1627 — Роберт Бойль, ағылшын химигі және физигі.
- 1743 — Фридрих Якоби, неміс жазушысы және философ.
- 1759 — Роберт Бёрнс (en:Robert Burns), шотланд ақыны (1796).
- 1874 — Уильям Сомерсет Моэм (en: William Somerset Maugham), ағылшын жазушысы (1965)
- 1917 — Илья Пригожин, Бельгия физигі, термодинамиканың негіздеушісі және Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1933 — Корасон Акино, Филиппин президенті (1986—1992 жж.).
Қайтыс болғандар
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1788 — алғашқы ағылшын қоныс аударушылары Австралия жеріне аяқ басты.
- 1838 — АҚШ-та ел тарихында спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң қабылданды.
- 1886 — неміс конструкторы Карл Бенц іштен жанатын қозғалтқышты үш дөңгелекті автомобильді патенттеді.
Туғандар
- 1921 — Акио Морита, жапон кәсіпкері, «Сони» серіктестігінің негіздеушісі (1999).
- 1944 — Анджела Дэвис, американдық құқық қорғаушы әйел
- 1963 — Жозе Моуринью, әйгілі португал футбол жаттықтырушысы
Қайтыс болғандар
- 1823 — Эдуард Дженнер (1749), ағылшын дәрігері және хирургі.
- 1824 — Жан Луи Андре Теодор Жерико, француз суретшісі (1791).
- 1855 — Жерар де Нерваль, француз ақыны.
- 1870 — Чезаре Пуньи (р. 1802), итальян композиторы.
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
Туғандар
Қайтыс болғандар
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
Туғандар
Қайтыс болғандар
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
Туғандар
Қайтыс болғандар
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
Туғандар
- 1841 — Феликс Фор, Франция президенті (1895—1899).
- 1882 — Франклин Делано Рузвельт, АҚШ-тың 32-ші президенті (1945).
- 1920 — Патрик Херон, әйгілі британдық суретші.
- 1938 — Ислам Абдуганиевич Каримов, Өзбекстан президенті.
Қайтыс болғандар
- 1652 — Жорж де Латур, француз суретшісі.
- 1928 — Йоханнес Фибигер, дат дәрігері, физиология және медицинадан 1926 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. (1867).
- 1991 — Джон Бардин (1908), транзисторды ойлап тапқан американ физигі, 1956 және 1972 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. (1867).
– тарихы
Мейрамдар
Оқиғалар
Туғандар
- 1797 жыл — Франц Шуберт (1928 ж.қ.б.),австрия композиторы, вена классика музыка мектебінің ең мықты өкілдерінің бірі және музыкадағы романтизмнің негізін салушылырдың бірі
- 1935 жыл — Кэндзабуро Оэ, жапон жазушы-гуманисті, Нобель сыйлығының иегері
Қайтыс болғандар
- 1964 жыл — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері
- 1933 жыл — Джон Голсуорси (1867 ж.т.), ағылшын прозаигі, драматург, ағартушы әрі ақын, 1932 жылғы әдебиеттен Нобель сыйлығы иегері.
- 1955 жыл — Джон Рэлей Мотт (1865 ж.т.), америкалық қоғам және дәни қайраткері, 1946 жылғы Бітімгершілік бойынша Нобель сыйлығы иегері.
– тарихы
Бүгін |
Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан |
Жобадағы жуықтағы өзгерістер – Уикипедия:Бүгін жобасын өңдеу нұсқаулары
Қазір 06:22 Жұма, 1 қараша, 2024 (UTC+5) – Бұл бетті жаңарту
<< | Қаңтар оқиғалары |
>> | ||||
Жек | Дүй | Сей | Сәр | Бей | Жұм | Сен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 | |||
Басты бетте көрінетін тарихи оқиғалар мұрағаты 2024 күн орналастыруы |